Stan.kz - бүгінгі жаңалықтар, соңғы жаңалықтар

Үндістанда екі басты нәресте дүниеге келді
Фото: x.com/@sanghamitra_jr

Үндістанның Одиша штатында екі басы бар нәресте дүниеге келді. Сәби жүктіліктің 32-аптасында туған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NDTV-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, нәрестенің екі басы мен екі мойны болғанымен, денесі біреу, сондай-ақ екі қолы мен екі аяғы бар. Сәби дүниеге келгеннен кейін Берхампур қаласындағы медициналық колледж ауруханасының жаңа туған нәрестелерге арналған қарқынды терапия бөліміне жеткізілген.

Бұл – ерлі-зайыптылардың тұңғыш сәбиі.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай сирек кездесетін туа біткен даму ерекшелігі медицинада дицефалиялық парапаг деп аталады. Бұл – екі басты, бір денелі болып бірігіп дамыған егіздердің түрі. Нәрестенің несеп-жыныс жолы ортақ екені және сыртқы жыныс мүшелері ер балаға тән екені хабарланды.

Қазір дәрігерлер сәбидің денсаулығын жан-жақты тексеріп, алдағы емдеу шараларын анықтап жатыр. Мамандар нәрестенің жағдайын бағалау үшін алдағы бірнеше күн маңызды болатынын атап өтті.

Айта кетейік, денесі бірігіп туған егіздер өте сирек кездеседі. Мәліметтерге сәйкес, мұндай жағдай шамамен әр 300 мың босанудың бірінде тіркеледі.

Дәрігерлердің сөзінше, нәрестеге көрсетілетін медициналық көмектің көлемі оның ішкі ағзаларының құрылысына, жалпы денсаулық жағдайына және ықтимал асқынуларға байланысты болмақ.

Алматы тауларында орналасқан қонақүйдегі қоқыс пен нәжіс демалушылардың жағасын ұстатты
Фото: Видеодан скриншот

Алматыдағы Apple Resort демалыс орны әлеуметтік желіде сынға қалды. Келушілер қызмет көрсету сапасына, санитарлық талаптар сақталмай жатқанына шағымданса, бұрынғы қызметкерлер жалақы мәселесін көтерген. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Демалыс орнының бағасы мен қызмет сапасы сынға қалды

Әлеуметтік желі қолданушылары демалыс орнының бағасы мен қызмет көрсету сапасына қатысты мәселе көтерді. Жарнамада демалыс үйлерінің бағасы 39 мың теңгеден басталатыны көрсетілген. Алайда келушілердің айтуынша, баға біршама жоғары: жұмыс күндері капсулалы үй – 48 мың, үлкен үй – 95 мың теңге болса, демалыс күндері бұл баға тиісінше 60 мың және 132 мың теңгеге дейін өседі.

Желі қолданушының сөзінше, үйлер мен мейрамхананың жағдайы, тамақ сапасы және қызмет көрсету көңілінен шықпаған.

"Инстаграмдағы парақшасы – әдемі көзбояушылық қана. Капсулалы үйін, лас мейрамханасын да көздің жауын алатындай етіп көрсетіп қойған. Жақында Apple Resort демалыс орнында болдым. Сапасыз құрылысқа, дәмсіз тамақ пен сұмдық қызметке қайран қалдым. Осыған қарамастан, бір үйдің бір күндік жалдау бағасы 75–95 мың теңге аралығында.

2GIS-тегі пікірлер де жағымсыз. Соған қарамастан, адамдар әлі де ағылуда. Себебі біз сапасыз қызметке бой үйретіп алғанбыз. Тіпті ақшамызды төлеп тұрып, сапасыз қызмет пен дөрекі қарым-қатынасқа өзімізді айыпты сезінетін күйге жеттік", – деп жазды желі белсендісі.

Фото: threads желісінен скрин

Ал тағы бір желі қолданушысы арнайы видео түсіріп, демалыс орнындағы антисанитарияны әшкереледі. Оның айтуынша, ресепшнде қолданылған жөргектер мен қоқыстар шашылып, сасып тұр.

"Apple Resort-тың ресепшні-ай... Сұлулығын-ай, не деген сұлулық! Мүңкіп тұр. Жерде қолданылған жөргектің қалдықтары шашылып жатыр. Бұл не сұмдық?! Мынаны қараңыздаршы, толықтай ластанған қоқыс ұясы! Жерде лас нәжіс жатыр. Мынау бірінші, мынау екінші, ал мынау үшінші нәжіс. Қызметкерлері қайда қарап отыр?! Негізі бұл – люкс қонақүй ғой! Ал бұл – ас үйі. Бізді осы өте лас асханада әзірленген тамақпен тамақтандырмақ болды. Ал кірер жолда электр кабелі жатыр. Бөлме ішіндегі электр сымдары, тіпті төсек астынан шығып тұр, оқшаулағыш лентамен де оралмаған. Төтенше жағдайлар қызметі, назар аударыңыздаршы! Бұл өте қауіпті! Ресепшнде қоқыс шашылып жатыр. Бар дауысыммен СЭС-ті көмекке шақырғым келіп тұр!", – деді бейнежазба авторы.

Фото: Видеодан скриншот

Ал Apple Resort-тің Instagram парақшасындағы пікірлердің бірінде қолданушы мейрамхана террасасының көрінісіне қатысты сын айтқан.

“Демалушылар мейрамхана террасасына шыққанда табиғаттың сұлулығына тамсануы керек емес пе?! Ал мұнда үйілген қоқыс”, – деп жазды желі қолданушысы.

Демалыс орнына қатысты сын тек келушілердің пікірлерімен шектелмейді. Әлеуметтік желіде бұрынғы қызметкерлер де еңбекақы мәселесін көтерген.

2026 жылғы 19 ақпанда желі қолданушысы өзін Apple Resort-тің бұрынғы қызметкері ретінде таныстырып, қараша айы мен желтоқсанның бір бөлігі үшін жалақысын әлі алмағанын жазған.

“Осы мекеменің бұрынғы қызметкері ретінде айтарым, істеген еңбегімнің ақысын әлі күнге дейін алған жоқпын. Қараша айы мен желтоқсанның бір бөлігінде жұмыс істедім. Жалақыны кешіктіре бастаған кезде бір күмәнді жағдай барын түсініп, жұмыстан кеттім”, – деді.

Оның айтуынша, жалақының кешіктірілуіне байланысты жұмыстан кеткен. Ал 2026 жылғы 5 сәуірде тағы бір желі қолданушысы да осы демалыс орнына қатысты жалақы мәселесін көтеріп,  мұнда жұмысқа орналасу кезінде сақ болуға шақырған.

Фото: threads желісінен скрин

Ашық дереккөздерге сүйенсек, "APPLE RESORT" ЖШС-і 2023 жылғы 13 қыркүйекте тіркелген, ал компания басшысы – Түрымбетова Айжан Оспанқызы. Кәсіпорын 2024 жылы бюджетке 687 396 теңге, ал 2025 жылы 3,6 миллион теңгеден астам салық төлеп, екі жылда мемлекет қазынасына 4,28 миллион теңгеден астам қаржы аударған.

Соған қарамастан, Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, компанияның салықтық берешегі бар. Төрт айдан астам уақыт бойы өтелмей келе жатқан бұл қарыздың жалпы көлемі 847 526 теңгені құрайды, оның 624 654 теңгесі – негізгі қарыз болса, 222 872 теңгесі – өсімпұл.

СЭС не дейді?

Stan.kz редакциясы Apple Resort-ке қатысты санитариялық талаптардың сақталуы жөнінде Медеу ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына сауал жолдады. Басқарманың жауабына сәйкес, нысанға қатысты жеке тұлғадан E-Otinish платформасы арқылы ресми өтініш түскен.

"Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, сенімді негіздер мен растайтын дәлелдер болған кезде заңбұзушылықтар туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіледі", – делінген басқарманың жауабында. Сондай-ақ басқарма бұған дейін Apple Resort-ке қатысты жеке және заңды тұлғалардан өтініш түспегендіктен, нысанда тексеру жүргізілмегенін хабарлады.

Санитариялық талаптар бұзылса, не болады?

Басқарма мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғаны анықталса, нысан иесіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік шара қолданылады. Apple Resort шағын кәсіпкерлік ретінде тіркелген. Демек 160 АЕК  (692 000 теңге) айыппұл көзделген.

Ал демалыс орнының жұмысын уақытша тоқтату мәселесі анықталған бұзушылықтардың сипаты мен қолданыстағы талаптарға байланысты шешіледі. Басқарма мұндай жағдайда Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-152 бұйрығында көзделген талаптар ескерілетінін мәлімдеді.

Тексеру кезінде кемшіліктер анықталса, оларды жоюға берілетін мерзім де заң талаптарына сай белгіленеді. Кәсіпкерлік кодекстің 152-бабының 7-тармағына сәйкес, нұсқаманы орындау мерзімін анықтағанда бұзушылықтарды жоюдың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріледі.

Редакция Алматының таулы аймақтарындағы демалыс орындарында септик, кәріз жүйесі және қоқыс шығару тәртібінің қалай бақыланатынын да сұрады.

Басқарманың жауабына сәйкес, мұндай нысандарға қатысты арнайы мониторинг жүргізу қарастырылмаған. Азаматтардан санитариялық талаптардың бұзылуы туралы өтініш түскен жағдайда, мәселе жоспардан тыс тексеру арқылы қаралады.

Apple Resort-те қатты тұрмыстық және сұйық қалдықтарды шығаратын ұйымдармен келісімшарттың бар-жоғы да тексеру барысында анықталуы мүмкін.

Санитариялық талаптардың бұзылғанын байқаған азаматтар E-Otinish платформасы арқылы немесе нысан орналасқан аумаққа жауапты санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жазбаша өтініш бере алады. Өтінішке демалыс орнының толық атауын, сәйкестендіру деректерін, фотосуреттерді, бейнежазбаларды, түбіртектерді және өзге де растайтын материалдарды қоса тіркеу қажет.

Stan.kz редакциясы Apple Resort басшылығымен байланысып, әлеуметтік желіде жарияланған шағымдар, бұрынғы қызметкерлердің жалақыға қатысты мәлімдемелері және инвесторларға қатысты пікірлер бойынша сауал жолдады. Алайда материал жарияланғанға дейін демалыс орны өкілдерінен жауап түскен жоқ.

Ақтөбеде өндірілген бидай шырыны Ресей мен Дубайға экспортталмақ
Фото: megapit.kz

Ақтөбеде өсірілген бидай өскінінен жасалған табиғи шырын шетел нарығына жол тартты. Green Vitamin компаниясы өнімін Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктеріне экспорттап отыр. Қазір кәсіпорын айына 3 мың қаптама шырын шығарады. Ал өндіріс көлемін үш еседен астам арттыруға мүмкіндігі бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Компания 2016 жылдан бері бидайдың жас өскінінен 100% табиғи шырын өндіреді. Өндірістің ерекшелігі – шикізатты да кәсіпорынның өзі өсіреді. Бұл өнімнің сапасын бақылауға және шикізаттан дайын тауарға дейінгі барлық кезеңді өз бетінше ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Қазір Green Vitamin өнімдерін Қазақстанның барлық облыс орталығынан табуға болады. Оған қоса компания отандық нарықпен шектелмей, шетелге жеткізілім көлемін кеңейтуге күш салып жатыр.

Кәсіпорынның қазіргі өндірістік қуаты айына 3 мың қаптамадан тұрады. Дегенмен өндірісті ай сайын 10 мың қаптамаға дейін ұлғайтуға әлеуеті бар.

Компания өнімдері қазір Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктеріне, соның ішінде Дубайға жеткізіледі. Ал компанияның ендігі мақсаты – Беларуське экспорттау. Қазір бұл бағытта келісімшарт жасасу жұмыстары жүріп жатыр. Келісімге қол қойылған жағдайда, қазақстандық өнім тағы бір елдің нарығына шығуы мүмкін.

Өңірлерде осындай өндірістердің дамуы отандық өнім түрлерін көбейтіп қана қоймай, шикізатты өңдеу саласын ілгерілетуге көмектеседі. Оның үстіне жұмыс орындарын ашуға және қазақстандық тауарлардың шетелге шығу мүмкіндігін арттыруға жол ашады.

Айта кетейк, бұған дейін Қазақстан Ресейге бензин экспорттауға дайын екенін мәлімдеген еді.

"Ұмай" әйелдер ипотекасына тағы 20 миллиард теңге бөлінеді: Өтінім қалай беру керек
Фото: magnific.com

"Отбасы банк" Азия даму банкінен "Ұмай" әйелдер ипотекасын іске асыру үшін қаражаттың екінші бөлігі, яғни 20 миллиард теңгенің түсуін күтіп отыр. Ақша банк шотына түскен соң, бағдарламаға қатысуға өтінім қабылдау қайта басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Отбасы банктің" мәліметінше, Азия даму банкі "Ұмай" әйелдер ипотекасына тағы 20 миллиард теңге бөлуді мақұлдаған. Қаражат түскеннен кейін банк бағдарламаға өтінім қабылдап, несие рәсімдеуді жалғастырады. Қаржы кезең-кезеңімен аударылатындықтан, өтінім қабылдау да соған сәйкес жүргізіледі.

Бағдарламаға арналған алғашқы 9 миллард теңге тамыз айында түскен. Осы қаржатқа сәйкес өтінімдер 31 тамызда сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін қабылданды. Айта кетейік, транштың лимиті толық игерілді.

Банктің екінші кезеңдегі өтінім қабылдау күнін әзірге жариялаған жоқ. Нақты мерзім қосымша хабарланады. Сондықтан тамыз айындағы қабылдауға қатыса алмаған әйелдер тағы да өтінім бере алады.

Қыркүйекте бағдарламаға сұраныс жоғары болғандықтан, "Отбасы банк" Азия даму банкінен екінші транштың бір бөлігін жоспарланған мерзімнен ертерек аударуды сұраған еді.

Ипотеканы кімдер ала алады?

Несие алушының төлем қабілетін растау үшін соңғы алты айдағы ресми табысы ескеріледі. Бұл ретте отбасының орташа айлық таза табысы 1,25 миллион теңгеден аспауы керек.

Несие мөлшерлемесі – жылдық 14,8%, ал жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 16,3–16,8% аралығында болады. Қарыздың ең жоғары сомасы – 50 миллион теңге.

Бастапқы жарна мөлшері қалаға байланысты:

Астана мен Алматыда – кемінде 20%;

Қазақстанның басқа қалаларында – кемінде 15%.

Бастапқы жарнаны қарыз алушы өз қаражаты есебінен сатушыға өзі төлеуі керек.

Тағы бір маңызды талап бар. Банк несие сомасын пәтердің сатып алу бағасы мен бағалаушы анықтаған құнның қайсысы төмен болса, соған қарай есептейді. Мысалы, Алматыдағы пәтердің бағасы 32 миллион теңге болғанымен, бағалаушы оның құнын 30 миллион теңге деп анықтаса, банк несиені 30 миллион теңге негізінде есептейді. Бастапқы жарна 20% болған жағдайда, банк 24 миллион теңге несие береді. Ал қалған 6 миллион теңгені әйел өз қаражатынан төлейді.

Қандай баспана сатып алуға болады?

“Ұмай” бағдарламасы арқылы:

Дайын бастапқы тұрғын үйді;

Құрылысы жүріп жатқан баспананы – Қазақстандық тұрғын үй компаниясының кепілдігімен немесе сақтандыру құралы арқылы;

2016 жылдан бері салынған екінші нарықтағы тұрғын үйді сатып алуға болады.

Бастапқы нарықтағы баспананы банкке тиесілі Baspana Market маркетплейсі арқылы таңдап, сатып алу қажет. Пәтер әйелдің атына рәсімделеді. Егер қарыз алушы некеде болса, баспана ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі ретінде рәсімделеді. Сонымен қатар несиеге қосалқы қарыз алушы тартуға болады.

Жөндеуге де несие алуға болады

“Ұмай” бағдарламасы аясында қарыз алушы өзі тұрып жатқан үйін жөндеуге де несие ала алады. Оның ең жоғары сомасы – 15 миллион теңге.

Мөлшерлемені 5%-ға дейін төмендетуге болады

Депозитте қарыз сомасының 50%-ы жиналған соң, әйелдер 5%-ға дейінгі мөлшерлемемен тұрғын үй несиесін рәсімдей алады. Бұл несие жүйенің стандартты талаптарын – депозиттің үш жыл тұруын, қарыз сомасының 50%-ын жинауды және бағалау көрсеткішінің 16-ға жетуін күтпей-ақ алуға мүмкіндік береді. Ай сайынғы төлемнің бір бөлігі банкке сыйақы төлеуге, қалған бөлігі депозитті толықтыруға жұмсалады.

Депозитте қарыз сомасының 50%-ы жиналған соң, қарыз алушы жылдық мөлшерлемесі 5%-ға дейінгі тұрғын үй несиесіне ауыса алады. Бұл кезеңдегі  жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 5,1–6,9% болады. Депозитте ақша неғұрлым көп жиналса, төмен мөлшерлемеге соғұрлым тезірек ауысуға болады.

Депозиттегі қаражатқа банк 2% сыйақы есептейді. Оған қоса мемлекет тарапынан 20% көлемінде сыйлықақы беріледі. Ол 200 АЕК-тен (865 мың теңге) аспайтын жинақ сомасына есептеледі.

Ай сайын қанша төлеу керек?

“Отбасы банк” құны 30 миллион теңге болатын пәтерді мысал ретінде келтірді.

Егер депозитте жинақ болмаса:

пәтер құны – 30 миллион теңге;

бастапқы жарна – 6 миллион теңге;

несие сомасы – 24 миллион теңге;

алғашқы 10 жылдағы ай сайынғы төлем – шамамен 387,2 мың теңге.

Егер депозитте 2,4 миллион теңге жинақ болса:

бастапқы жарна – 6 миллион теңге;

несие сомасы – 24 миллион теңге;

депозиттегі жинақ – 2,4 миллион теңге;

ай сайынғы төлем – шамамен 365,6 мың теңге.

Демек екінші жағдайда ай сайынғы төлем шамамен 21,6 мың теңгеге аз болады. Кейін тұрғын үй заемына ауысқанда мөлшерлеме мен ай сайынғы төлем де төмендейді. Алайда нақты сома депозиттің талаптары мен басқа да параметрлерге байланысты есептеледі.

Өтінімді қалай беруге болады?

Өтінімді “Отбасы банк” сайтындағы “Бейнеқызмет көрсету” сервисі немесе Baspana Market-тегі жеке кабинет арқылы онлайн беруге болады. Онлайн өтінім берген кезде электрондық құжаттардың өзі жеткілікті. Сонымен қатар өтінімді банк бөлімшесіне барып та рәсімдеуге болады.

“Ұмай” бағдарламасы алғаш рет 2021 жылы Азия даму банкімен бірлесіп іске қосылған. Ол кезде бағдарламаға 38 миллиард теңге бөлініп, үш жыл ішінде 3 661 қазақстандық әйел баспаналы болған.

Алматы облысындағы істен шыққан автобустар аукционда 50,5 мың теңгеге сатылып жатыр
Фото: e-Qazyn

Ескіріп, істен шыққан автобустар Қайназар ауылындағы арнайы алаңда тұр. Биыл қыркүйекте олардың бір бөлігі e-Qazyna порталында аукционға шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аукцион бағаны төмендету әдісімен өткізілді. Сатылымға 2017-2018 жылдары шығарылған ЛиАЗ автобустары қойылды. Лоттардың сипаттамасында барлық автобустың істен шыққан, ал баланстық құны нөлге тең екені көрсетілген.

Сегіз автобустың бастапқы бағасы шамамен 4,7 миллион теңге, ал бағалау құны 1,6 миллион теңгеге жуық болған. Алайда олар 388,5 мың теңгеге, яғни бастапқы бағасының 10%-на да жетпейтін сомаға сатылды.

Ең төмен бағаға ЛиАЗ-529265 автобусы сатылған. Бастапқы бағасы 765,7 мың теңге, бағалау құны 255,2 мың теңге болған көлік небәрі 50,5 мың теңгеге өткен. Қалған автобустардың әрқайсысы шамамен 35-51 мың теңгеден сатылған.

Қазір e-Qazyna порталындағы электронды аукционға кезінде Алматы көшелерінде қатынаған ПАЗ автобустары мен "Газель" көліктері де қойылған.

Бұған дейін Алматыдағы ескі автобустар мен троллейбустар аукционда темір-терсек ретінде сатылып жатқаны туралы жазған едік. Лоттың бастапқы бағасы – 37,6 миллион теңге. Көліктерді пайдалануға жарамсыз болғандықтан, оларды темірге өткізіп жатыр. Бұл автобустар мен троллейбустар 2008 жылы сатып алынған.

Тоқаев Израиль президентін Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге шақырды
Фото: Ақорда

Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 7-саммиті аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президенті Ицхак Герцогпен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшылары Қазақстан-Израиль қарым-қатынасы қарқынды сипат алғанына тоқталды. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа ден қоя отырып, маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективасын талқылады.

Президент Ицхак Герцогтің сәуір айында Астанаға жасаған сапары мемлекеттер арасындағы байланысты нығайтуға айтарлықтай серпін бергенін атап өтті. Израиль президенті де Қазақстанға сапарын ризашылықпен еске алды.
“Қазақстанның көптеген салада алға басуы екіжақты ықпалдастықты ілгерілетуге жол ашады. Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуы – бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосылған зор үлес”, – деді Ицхак Герцог.
Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты.
“Шиеленісті бәсеңдетіп, қақтығыстарды дипломатия құралдары арқылы реттеу қажет”, – деді Тоқаев.
Осы тұста Қазақстанның аталған қағидатты берік ұстанатынын жеткізді.

Еске салайық, Израиль мен Ливан атысты тоқтату туралы келісімге келді. Құжатта екі ел өкілдерінің үшжақты кездесуі 2 және 3 маусым күндері өткені айтылды. Сондай-ақ мәлімдемеде атысты тоқтату шарты ретінде “Хезболла” ұйымының толық түрде атысты тоқтатуы және оңтүстік Ливан аумағынан барлық қарулы мүшелерін шығару талап етілетіні көрсетілген.

Алайда артынша Иран атысты тоқтату режимі орнағаннан кейін Израильге шабуыл жасағаны белгілі болды. Иран Израильдің солтүстігіне бірнеше рет зымырандар ұшырған. Израиль қорғаныс армиясы Ираннан атылған барлық зымыранды ұшу кезінде жойғанын мәлімдеген еді.

А мен В санатына кімдер жатады: Еңбек министрлігі ауқатты отбасыларға қойылатын талаптарды түсіндірді
Фото: depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қандай отбасылар ауқатты деп есептелетінін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда отбасылардың тұрмыс деңгейі Отбасының цифрлық картасы арқылы анықталады. Яғни онда әр отбасының табысы, мүлкі және әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жинақталған. Осы деректер негізінде отбасылар бес санатқа бөлінеді.

А санаты – өте ауқатты отбасылар;

В санаты – ауқатты отбасылар;

С санаты – тұрмыс деңгейі қанағаттанарлық отбасылар;

D санаты – экономикалық тұрғыдан осал отбасылар;

Е санаты – экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылар.

Еңбек министрлігінің түсіндіруінше, А және В санаттарына материалдық жағдайы жоғары отбасылар жатады. Олардың қатарына қосылу үшін тек жоғары табыс табу жеткіліксіз. Одан бөлек отбасының баспанасы, көлігі, кәсібі және басқа да мүлкі бірге есепке алынады.

Мәселен, жоғары санатқа жатудың негізгі көрсеткіштердің бірі – отбасының әр мүшесіне шаққандағы қаржылық қамтамасыз етілу деңгейінің ең төменгі күнкөріс деңгейінен кемінде жеті есе жоғары болуы керек екен. Бұл шамамен 350 мың теңгеден басталады. Сонымен қатар отбасы мүшелерінің әрқайсысына шаққанда 120 шаршы метрден басталатын бірнеше тұрғын үйдің болуы да ескеріледі. Бұдан бөлек, қымбат көліктер, коммерциялық ғимараттар, жеке кәсіп, ірі жер телімдері назарға алынады.

"Аталған белгілердің біреуінің болуы отбасының автоматты түрде А немесе В санатына жатқызылатынын білдірмейді. Бағалау отбасының материалдық жағдайы мен әлеуметтік тұрақтылығын сипаттайтын барлық көрсеткішті бірге қарастыру арқылы жүргізіледі", – деп түсіндірді министрлік.

Яғни, азаматтың жеке пәтері немесе көлігі болса, ол бірден ауқатты деп танылмайды. Сол сияқты отбасының табысы жоғары болғанымен, оның несиелері мен басқа да қаржылық міндеттемелері есепке алынады.

Министрлік отбасының жағдайын анықтау үшін мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтер пайдаланылатынын атап өтті. Атап айтқанда, отбасы мүшелерінің қайда жұмыс істейтіні, қанша табыс табатыны, қандай мүлкі бар екені, кәсіпкерлікпен айналысатыны және жеке қосалқы шаруашылығы туралы ақпарат қаралады.

Маңыздысы, отбасы бір санатта өмір бойы тұрақтап қалмайды. Мәселен, отбасының табысы азайса, мүлкін сатса немесе отбасы мүшелерінің саны өзгерсе, оның әл-ауқат деңгейі қайта бағалануы мүмкін. Ол үшін мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі жаңартылған мәліметтер негізге алынады. Сондықтан отбасының материалдық жағдайы жақсарса да, нашарласа да, оның санаты өзгеруі ықтимал.

Ал азаматтар өздері туралы мәліметтердің дұрыстығын электрондық үкімет сервистері арқылы тексере алады. Егер отбасы құрамы, мүлкі немесе басқа да деректері қате көрсетілсе, оны түзету үшін тиісті мемлекеттік органға жүгінуі тиіс.

Еске салайық, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап жекелеген мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындағанда отбасының материалдық жағдайы ескеріледі. Яғни әлеуметтік көмек тағайындау кезінде отбасының мемлекеттік қолдауға қаншалықты мұқтаж екеніне мән беріледі.

Дегенмен бұл өзгеріс барлық жәрдемақыға бірдей қатысты емес. Жаңа тәртіп заңда көрсетілген әлеуметтік төлем түрлеріне ғана қолданылады.

Психолог баланы ернінен сүюдің қауіпті екенін ескертті: Ол өзіне төнген қатерді аңғармай қалуы мүмкін
Фото: Magnific.com

Жақында желіде 23 жастағы бойжеткеннің кішкентай баланы ернінен сүйген видеосы қызу талқыға түсті. Қолданушылар қыздың әрекетін қатаң сынға алып, баланың жеке шекарасын бұзды деп айыптады. Көп ұзамай оқиғаға полиция араласып, баланың анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал күнделікті өмірде ересектердің баланы еркінен тыс құшақтап, бетінен сүюі қаншалықты дұрыс? Мұндай әрекеттер бала психологиясына қалай әсер етеді? Stan.kz анықтап көрді.

Оқиғадан көп ұзамай полиция видеодағы қыздың баланың анасының құрбысы екенін анықтады. Ал оның әрекетін телефонға анасы түсірген. Әйел баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық қорғау органдары 23 жастағы бойжеткеннің әрекетіне қатысты тексеру жүргізілетінін хабарлады.

Бұған қарамастан, видео желіде қызу талқыланып, көпшілік баланың әрекетке қарсылық танытқанын алға тартты. Кейбірі тіпті қызды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті.

“Бұл жай ғана сүйісу емес, балаға жасалған зорлық. Видеодан оның мәжбүрленіп отырғаны байқалады. Мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік болуы керек”, – деп жазды қолданушылардың бірі.

Тағы бір желі қолданушысы видеоны соңына дейін көре алмағанын айтқан.

“Мына видеоны аяғына дейін қарай алмадым, сұмдық. Бұл баланың психикасына ғана емес, физикалық қауіпсіздігіне де қатысты мәселе ғой”, –деп жазды ол.

Кейбір қолданушылар мұндай әрекетке қатысты қоғамда екі түрлі көзқарас барын айтып, наразылық білдірді.

“Егер ер адам кішкентай қызды осылай сүйсе, оның әрекетіне де дәл осындай баға берілер ме еді? Неге екі түрлі талап қойылады?” – деп сұрақ қойған желі қолданушысы.

Сонымен қатар қазақстандықтар мұндай әрекет баланың психикасына теріс әсер етуі мүмкін екенін ескертті.

"Кәмелетке толмаған баланы азғындыру", "Бұл сұмдық қой! Баланың жеке шекарасы қайда қалды? Бізде екіжақты стандарт қалыптасқан сияқты, солай емес пе? Сырт көзге бұл әдепсіз әрі жиіркенішті көрінеді", "Баланың жыныстық қолсұғылмаушылығы дегенді мүлде естімеген сияқты", "Сіздер осылайша баланың болашақта зорлық-зомбылық жасаушыға айналуына жол ашып отырсыздар. Анасы мен құрбысының әрекеті ақылға сыймайды", - деп жазды олар.

Тағы бірі ата-аналардың жауапкершілігіне назар аударды.

“Баланың анасына мұндай әрекеттің дұрыс емес екенін түсіндіру керек. Бұл күлкілі жағдай емес. Балаға сүйіспеншілік пен мейірімді басқа жолдармен де көрсетуге болады”, – деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Qaimaq media • Stan.kz (@qaimaq.media)

Қайрат Нұртастың қызын ернінен сүйген видеосы да назарға ілікті

Биыл мамырда әнші Қайрат Нұртастың қызы Алаумен түскен видеосы да көпшіліктің назарын аударған. Кадрларда өнер иесінің қызын ернінен сүйгені көрінеді. Бұл әрекет желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды.

Бірі әкенің қызын ернінен сүюін орынсыз деп бағаласа, енді бірі мұны ата-ананың баласына деген мейірімі деп қабылдады. Кейбір қолданушылар әр отбасының өз тәрбие ұстанымы барын айтып, видеодан ешқандай оғаштық көрмегенін жеткізді.

Фото: Видеодан скриншот

Тағы бір видео TikTok желісінде тарады. Кадрлардан ата-анасының 2-3 жастағы бүлдіршінін ернінен кезектесіп сүйіп отырғанын көруге болады.

Психолог не дейді?

Балалар психологы Әлия Шәріпова ересектердің кішкентай баланы ернінен сүюіне біржақты баға беруге болмайтынын айтады.

“3-4 жастағы баланың өз денесі, жақындық пен қауіпсіздік туралы түсінігі енді қалыптасады. Ол ересек адамның әрекетінің мәнін толық түсіне алмайды”, – дейді психолог.

Маман баланың үндемеуі, күлуі немесе қарсылық көрсетпеуі оның бұл әрекетке келісім бергенін білдірмейтінін атап өтті. Сондықтан баланың жеке шекарасын сақтау маңызды.

“Кішкентай бала қаламаса да оны күштеп сүю немесе құшақтау, ыңғайсыздығы мен қарсылығын елемеу – жеке шекарасын бұзу. Кішкентай бала әрдайым қарсылығын ашық білдіре алмайды. Сондықтан ересектер оның қалауын құрметтеуі керек”, – деп түсіндірді маман.

“Еркелетемін деп баланың жеке шекарасын бұзуға болмайды”

Психолог баланы еркелету кезінде оның көңіл күйі мен қалауын ескеру қажет екенін атап өтті. Егер бүлдіршін құшақтасқысы немесе бетінен сүйгізкісі келмесе, ересек адам оның шешімін құрметтеуі керек.

Маманның сөзінше, ересектердің орынсыз әрекеттерінің психологиялық салдары бар. Бала жасына сай келмейтін сексуалдық сипаттағы әрекеттерге тап болса, қорқыныш, мазасыздық, ұйқының бұзылуы сияқты белгілер пайда болуы мүмкін.

“Дегенмен кез келген орынсыз еркелетуден міндетті түрде психологиялық жарақат алады деу дұрыс емес. Бірақ бала ересектер тарапынан жасалатын сексуалдық сипаттағы әрекеттерді қалыпты сүйіспеншілік деп қабылдамауы керек. Бұл қауіпті, салдарынан болашақта қауіпті жағдайларды ажыратуын қиындатуы мүмкін” – деді психолог.

Баланы өз денесін қорғауға қай жастан бастап үйрету керек?

Психологтың сөзінше, баланың жеке шекарасы туралы түсінікті екі-үш жастан бастап қалыптастыруға болады. Ал үш-төрт жаста ол дене қауіпсіздігіне қатысты қарапайым ережелерді меңгере алады.

Мысалы, ата-ана балаға “Сенің денең – өзіңдікі”, “Құшақтасқың келмесе, жоқ деп айта аласың”, “Өзің қаламасаң, ешкімді сүюге міндетті емессің” деген сөздерді түсіндіруі керек.

Бұл ережелердің бейтаныс адамдарға ғана емес, жақын туыстар мен отбасының достарына да қатысы бар.

“Егер балаға біреудің әрекеті жағымсыз немесе түсініксіз болса, ол бұл туралы ата-анасына айта алатынын білуі керек. Ең маңыздысы – бала қорқып қалса, үндемесе немесе не болып жатқанын түсінбесе де, оған кінә артылмайтынын сезінуі қажет”, –  дейді маман.

Психолог ата-аналарға баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге де назар аударуды ұсынды. Атап айтқанда, белгілі бір адамнан кенеттен қорқу, ұйқысының бұзылуы, мазасыздық, тұйықталу немесе көңіл күйінің күрт өзгеруі баланың жайсыз жағдайға тап болғанын білдіруі мүмкін.

Әлия Шәріпова бала өзін ешкімнің күштеп құшақтауға немесе сүюге құқығы жоқ екенін білуге тиіс екенін айтты. Бұл ереже жақын туыстар мен таныстарға да қатысты.

“Кішкентай бала ересек адамның ниетін түсінуге немесе өз шекарасын өздігінен қорғауға жауапты емес. Бұл – ересектердің міндеті. Егер қандай да бір әрекет күмән тудырса, ең алдымен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет", – деп түйіндеді психолог.

Айта кетейік, бұған дейін “Бақытты отбасы” отбасылық кеңес орталығының жетекшісі Елжас Ертайұлы да балаларды ернінен сүймеуге кеңес берген. Оның айтуынша, мұндай әрекет арқылы балаға түрлі инфекциялар, соның ішінде ұшық вирусы жұғуы мүмкін. Бұл әсіресе иммундық жүйесі әлі толық жетілмеген сәбилер үшін қауіпті.

Сондай-ақ маман мұның психологиялық жағына да тоқталған. Оның пікірінше, ата-анасының ернінен сүйгеніне үйренген бала өзге адамдардың да осылай жақындауын қалыпты қабылдауы мүмкін. Ал бұл баланың жеке шекарасын түсінуін қиындатуы ықтимал.

Қазақстанда алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға рұқсат берілді
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Қазақстандықтар енді Отбасы банк арқылы жаңа пәтерді бұрынғыдан тезірек сатып ала алады. 15 қазаннан бастап банк құрылыс компанияларының серіктес жобаларынан баспана алуға мүмкіндік беретін жаңа несие тетігін іске қосты. Енді тұрғын үй сатып алу үшін бағалау көрсеткішін жинауға алты ай күтудің қажеті жоқ. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Банктің мәліметінше, жаңа тетік аясында клиенттер құрылыс компанияларының серіктес нысандарынан пәтер сатып ала алады. Бұған дейін тұрғын үй алуға өтініш берушілердің бағалау көрсеткіші кемінде 5 балл болуы керек еді. Оны жинау үшін клиенттерге алты айға дейін уақыт қажет болатын.

Енді бұл талап серіктес құрылыс компанияларының жобалары бойынша қолданылмайды. Алайда несие сомасының 50 %-ына тең қаражатты жинақ ретінде ұстау талабы өзгеріссіз қалады.

Несие мөлшерлемесі қандай болады?

Жаңа тетік бойынша берілетін аралық қарыздың бастапқы номиналды мөлшерлемесі жылдық 8,5 %-ды құрайды. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 9–9,6 % аралығында болады.

Кейін қарыздың мөлшерлемесі 3,5–5 %-ға дейін төмендейді. Бұл ретте жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 3,6–6,9 %-ды құрайды.

Қандай құрылыс компанияларынан пәтер алуға болады?

Жаңа тетіктің алғашқы серіктесі – BI Group компаниясы. Қазір компания Астана, Алматы, Шымкент және Атырау қалаларында 600 пәтер ұсынады.

Сонымен қатар банк SAT NS және QazaqStroy компанияларымен серіктестік туралы келісімдерді аяқтап жатыр.

Пәтер сатып алғысы келетін азаматтар алдымен құрылыс компаниясынан тұрғын үй таңдап, оны брондауы керек. Содан кейін бронь расталғаны туралы хат алып, Отбасы банктің бөлімшесіне немесе бейнеқоңырау арқылы менеджерге өтініш бере алады.

"Наурыз" бағдарламасына қатысушылар үшін де мерзім ұзартылды

Отбасы банк "Наурыз" бағдарламасы аясында мақұлдау алған, бірақ әлі баспана таңдап үлгермеген азаматтарға да қосымша уақыт берді.

2026 жылдың көктемінде мақұлдау алған шамамен 2 мың адамның өтінімі бұрын 12 қарашада аяқталуы керек еді. Енді оның мерзімі 2026 жылғы 30 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Банктің мәліметінше, 2026 жылы "Наурыз" бағдарламасы арқылы 10 мыңнан астам отбасы баспаналы болған. Олардың қатарында 35 жасқа дейінгі жастар, көпбалалы және толық емес отбасылар, жетім балалар, I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар бар.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстанда жылжымайтын мүлікті салықсыз сату үшін оны кемінде екі жыл иелену қажет болатыны туралы жазғанбыз.

Navai есірткі контрабандасы бойынша екі айға қамауға алынды
Фото: instagram.com/navaib/

Navai сахналық атымен танымал Наваи Бакировтің көлігінен есірткі табылып, ұсталды. Рэпер екі ай қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қордай аудандық соты ресейлік әнші Наваи Бакировты қамауда ұстауға санкция берді. Әртіс есірткі контрабандасы туралы істі тергеу кезеңінде әнші екі ай қамауда болады.

Алайда оның жанындағы екі серігі Қазақстан шекарасында босатылды.

Mash Telegram арнасының мәліметінше, босатылғандар көлік жалдау шарты рәсімделген Халмурад Манапов пен әртістің концерттік директоры Рауф Гасанов. Автордың жазуынша, көлік тізгінінде рэпердің өзі болғандықтан қазір қамауда тек әртістің өзі қалған.

Halyqstan Telegram арнасының дереккөзі әншінің ұсталғаннан кейін алынған талдауларынан каннабиноидтар анықталғанын да айтты. Алайда полиция тергеу құпиясын алға тартып, бұл мәліметті ресми түрде растаған жоқ.

Ұсталған адамды қамауда одан әрі ұстау туралы шешім ұстау мерзімі аяқталғанға дейін қабылдануы керек. Сонымен қатар заңсыз есірткі айналымына қатысты істер бойынша Қылмыстық-процестік кодекс 72 сағатқа дейін ұстауға мүмкіндік береді.

БАҚ мәліметінше, әншінің қанынан да тыйым салынған заттар анықталған. Осыған байланысты оған есірткі қолданған күйде көлік басқарғаны үшін де айып тағылуы мүмкін. Мұндай жағдайда оны жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырып, 15 тәулікке қамалуы мүмкін.

Айта кетейік, Гасанов концерттердің техникалық себептерге байланысты тоқтатылғанын хабарлады.
"Көңілдеріңізді қалдырғаным үшін кешірім сұраймын. Бұл кездесуді қаншалықты асыға күткендеріңізді білемін. Билеттер жарамды, ал ақшаны билеттерді сатып алған жерге барып, қайтаруға болады", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Алайда Гасанов рэпердің ұсталуына қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Еске салайық, 13 қазанда Қазақстанға кіреберістегі "Қордай" өткізу пунктінде полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен бірлесіп, NAVAI лақап атымен танымал шетелдік азаматты ұстады. Әнші мінген көлікті тексеру кезінде есірткі заты табылып, тәркіленді. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстанда газ бен көмір қымбаттайтын болса, электр тарифін де көтеру ұсынылды
Фото: newsukraine.rbc.ua

Қазақстандағы энергия өндіруші кәсіпорындар газ бен көмір қымбаттаған сайын тарифтерді де қайта қарауға мүмкіндік беруді сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Электр энергетикасы қауымдастығының төрағасы Талғат Темірхановтың айтуынша, тарифті есептегенде электр станцияларындағы жалақының нақты өсуін де дер кезінде ескеру қажет.

“Өткен жылдың соңында бізге 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін тарифті көтеруге мораторий жарияланған еді. Мораторий аяқталды, бірақ станциялардың тарифін тек қыркүйекте қайта қарауға рұқсат берілді. Ал жөндеу жұмыстары, жалақыны индекстеу, шикізат бағасы күтіп тұрмайды. Олардың бәрі қымбаттап жатыр. Биыл кей өңірлерде газ бағасы 65%-ға дейін өсті”, – деді Талғат Темірханов.

Темірхановтың сөзінше, 2026 жылы тамызда энергетикалық кәсіпорындардың газ үшін берешегі 71,9 миллиард теңгеге жеткен.

“Біз тарифті бүкіл жеткізу тізбегі бойынша қалыптастыру керегін үнемі айтып келеміз. Көмір өндірушілер бағаны көтерсе, газ жеткізушілер де тарифті өсірсе, электр станциясы осы өзгерістерді өз тарифінде ескеріп, шығындарын реттей алуы керек”, – деді қауымдастық төрағасы.

Оның айтуынша, отынның құны, жалақы және тарифке кіретін өзге де шығындар жыл бойы өзгеріп отырады. Алайда жылу электр орталықтарының тарифі жылына бір реттен жиі қайта қаралмайды. Соның салдарынан шығындардың өсуі энергетикалық кәсіпорындардың қаржылық жағдайына бірден әсер етеді.
“Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" жобасы аясында тарифтерді қайта қарау мәселесі шығындар жиналып қалған кезде ғана көтерілмеуі керек. Бұл жоспарланған жұмыстардың орындалмай қалуына әкелуі мүмкін. Сондықтан электр энергиясын өндіру мен жеткізудің бүкіл тізбегі бойынша тариф қалыптастыру тетігін енгізіп, тарифтерді қайта қарау мерзімдерін алдын ала бекіту қажет. Түпкі тариф бәрібір қайта қаралуы керек. Газ бағасы көтеріліп, электр станцияларының тарифі өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Мұны қалай түсінуге болады”, – деді Талғат Темірханов.
Электр желілеріне екі бөліктен тұратын тариф енгізу ұсынылды

Қауымдастық төрағасы электр желілері қызметіне екі құрамдас бөліктен тұратын тариф енгізуді де ұсынды.

Ол Ақмола облысын мысалға келтірді. Оның айтуынша, техникалық шарттар бойынша бөлінген желі қуатының 65%-ы пайдаланылмайды.

“Желілік компаниялар бос қуатқа қосылуға мүмкіндік беретін техникалық шарттарды беруге міндетті. Алайда тұтынушы өзі үшін белгілі бір қуатты алдын ала бекітіп алғанымен, оны іс жүзінде пайдаланбауы мүмкін. Соның салдарынан экономикаға пайда әкелетін басқа жобалар электр желісіне қосыла алмай қалады”, – деді ол.

Темірханов ұсынған екі бөлікті тариф электр энергиясын жеткізу ақысы мен қосылған қуат үшін тұрақты абоненттік төлемнен тұрады. Демек тұтынушы өзіне қажет қуатты алдын ала белгілеп, сол көлемге сәйкес ақы төлейді.

Оның айтуынша, бұл ұсыныстар Энергетика министрлігімен талқыланып жатыр.

Шағын жылумен жабдықтау кәсіпорындарына қолдау қажет

Талғат Темірханов шағын жылумен жабдықтау кәсіпорындарын қолдауды күшейту керегін айтты. Оның мәліметінше, Қазақстанда мұндай 245 ұйым бар. Әрқайсысы 50 мыңға дейін абонентке қызмет көрсетеді.

Оның айтуынша, “Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту” жобасы аясында кәсіпорындарға несие түрінде қаржы бөлінеді. Алайда шағын жылумен жабдықтау ұйымдарының қолданыстағы тарифтері несиені өтеуге байланысты шығындарды жабуға жеткіліксіз.

Сондықтан Темірханов әкімдіктерге жылумен жабдықтау нысандарының нақты жағдайын ескеріп, мұндай кәсіпорындарға бюджеттен қаржы бөлуді ұсынды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда электр энергиясының шекті тарифтерін қайта қарау жоспарланып отырғанын жазған едік. Оған электр энергиясын өндіруші ұйымдардан түскен өтініштер себеп болған.

Қазақстанда басшылар мен қатардағы қызметкерлердің орташа жалақы мөлшері қандай
Фото: magnific.com

Ұлттық статистика бюросы елдегі қызметкерлердің мамандықтары мен лауазымдары бойынша жалақы көрсеткіштерін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2026 жылы сәуірде Ұлттық статистика бюросы қызметкерлердің есептелген жалақы мөлшері бойынша бөлінуіне жыл сайынғы зерттеу жүргізген. Зерттеуге сәуір айында толық жұмыс істеген қызметкерлер қатысты. Есепте қосымша төлемдер, үстемеақылар, сыйақылар, салықтар мен зейнетақы жарналары ескерілген.

Іріктемелі зерттеу нәтижесінде ұйымдар мен кәсіпорындардағы қызметкерлер саны – 3 миллион 378,6 мың. Оның 48,1%-ы – ерлер (1 миллион 626,4 мың адам), ал 51,9%-ы – әйелдер (1 миллион 752,2 мың адам).

2026 жылы жалақысы жоғары санатқа ауысқан қызметкерлердің саны одан сайын артқан.

Мысалы, жалақысы:

100 мың теңгеге дейінгі қызметкерлердің үлесі 3,3%-дан 2,3%-ға дейін төмендеген;

100 мыңнан 300 мың теңгеге дейін жалақы алатындардың үлесі 43%-дан 39,3%-ға азайған;

300 мың теңгеден жоғары жалақы алатындардың үлесі 53,7%-дан 58,4%-ға өскен.

Зерттеудің қорытындысы бойынша, 2026 жылы ірілендірілген тоғыз кәсіптік топтың барлығында орташа айлық атаулы жалақы өскен.

2025 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп, құрылыс және көлік салаларындағы жұмысшылардың жалақысы ең көп өскен. Олардың табысы 13,1%-ға артқан. Ал жабдық операторлары, құрастырушылар мен жүргізушілердің жалақысы 10,4%-ға көбейген.

Өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларындағы жұмысшылардың атаулы жалақысы да артқан.

Жекелеген мамандықтар мен лауазымдар бойынша жалақы

2026 жылы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы олардың мамандығы мен атқаратын қызметіне қарай әртүрлі болған. Ұйым басшыларының орташа айлық жалақысы – 1 миллион 101,1 мың теңге.

Инженерлік-техникалық мамандардың жалақысы:

Инженерлер – 702 мың теңге;

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженерлері – 645 мың теңге;

Инженер-технологтер – 617 мың теңге;

Инженер-энергетиктер – 615,1 мың теңге;

Техниктер – 314,7 мың теңге.

Медицина қызметкерлерінің жалақысы:

Дәрігерлер – 491,4 мың теңге;

Фармацевтер – 347,7 мың теңге;

Фельдшерлер – 313,6 мың теңге;

Медбикелер – 264,6 мың теңге.

Басқа мамандықтар бойынша:

Бухгалтерлер – 398,6 мың теңге;

Жүргізушілер – 328,1 мың теңге;

Аспаздар – 192,6 мың теңге;

Күзетшілер – 174,2 мың теңге.

Көрсеткіштер жылына бір рет қызметкерлердің жалақысы туралы статистикалық зерттеу арқылы есептеледі. Халықаралық талаптарға сай, маусымдық сыйақылар мен демалыс ақысын есепке алудың әсерін азайту үшін зерттеу сәуір айындағы жалақы негізінде жүргізіледі.

"Толтыруға мәжбүрлеп жатыр": Мұғалімдер балалар мен ата-аналардың жеке дерегін жинайтын жаңа платформаға қарсы шықты
Фото: Threads

Қазақстандық мұғалімдер “Balazhan” платформасына балалар мен олардың ата-аналары туралы жеке мәліметтерді енгізуге мәжбүрлеп жатқанын айтып, наразылық білдірді. Олардың сөзінше, жүйеде ата-аналардың жеке сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы, жұмыс орны, тіпті қай мектепте оқығаны туралы ақпарат та сұралады. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ата-аналар мен мұғалімдер әлеуметтік желіде “Balazhan” жаңа платформасын талқылап жатыр. Instagram желісіндегі “Pedsouzkz” педагогикалық қозғалысының парақшасында мұғалімдердің өтініші жарияланды. Олар платформаны толтыру кезінде оқушылардың жеке деректерін де енгізу қажет екенін айтқан.

Мұғалімдер не дейді?

“Жеке деректерді өңдеуге келісім беруге міндеттіміз бе? Осы жағы алаңдатып отыр”, – деп жазған мұғалімдердің бірі.

“Психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі бітті. Енді “Balazhan” басталды. Бір мәліметті Word форматында толтырамыз, кейін жыл сайын жаңа платформалар шығып, сол ақпаратты қайта енгіземіз. Ата-аналардың білімі мен өмірбаянынан бастап, әлеуметтік жағдайына дейін сұрайды. Мұның бәрі не үшін қажет? Сынып жетекшілерінің міндеті тым көп емес пе? Ал сынып сағаты үшін ақы төленбейді", – деп жазған мұғалімдердің бірі.
Смотреть в Threads
Тағы бір педагог балалар мен ата-аналардың жеке деректерін платформаға енгізудің заңдылығына күмән келтірген.

“Жыл сайын жаңа сайт шығады, соның бәрін көз майымызды тауысып толтырамыз. Мұғалімдерді осылай қинай беруді тоқтату керек”, – деп жазған ол.
Смотреть в Threads
“Қаламыздағы мектептердің бірінде мұғалім әрі сынып жетекшісі болып жұмыс істеймін. Қазір бізді мектептерде “Balazhan” платформасын толтыруға мәжбүрлеп жатыр. Онда ата-аналардың барлық жеке дерегі сұралады. Тіпті олардың қай мектепте оқығаны, жеке сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы, қайда жұмыс істейтіні туралы ақпаратты енгізу керек", – деп жазған қазақстандықтардың бірі.

Оқу-ағарту министрлігі не дейді?

Оқу-ағарту министрлігі “Balazhan” платформасына қатысты мәлімдеме жасады. Ведомство оның балаларға дер кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік беретінін хабарлады.

Платформаны Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2026–2030 жылдарға арналған “Қазақстан балалары” тұжырымдамасы аясында енгізіп жатыр.

Министрлік мәліметінше, платформаның басты мақсаты – ерекше назар аударуды қажет ететін балаларды дер кезінде анықтап, оларға қажет көмек ұйымдастыру.
“Balazhan” платформасы балалар мен олардың отбасы туралы жаңа мәліметтер жинау талабын енгізбейді. Бұған дейін педагогтер қағаз құжаттарда және түрлі ақпараттық жүйелерде жүргізіп келген мәліметтер енді біртұтас цифрлық платформаға біріктіріледі”, – делінген хабарламада.
Министрлік мәліметінше, бастапқы деректер платформаға бір рет енгізіледі. Кейін олар қажет болған жағдайда ғана жаңартылады.

Мамандардың пікірінше, бұл қағазбастылықты азайтып, мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге және мамандар арасындағы өзара байланысты жақсартуға мүмкіндік береді.

“Balazhan” – Ұлттық білім беру деректер қорының бір модулі. Балалардың жеке деректері заңнама талаптарына сәйкес қорғалады. Жаңа жүйе қолдауды қажет ететін балаларға тұрақты түрде көмек көрсетуді қамтамасыз етуге және ұсынылатын көмектің тиімділігін арттыруға бағытталған”, – делінген жауапта.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық ата-аналар оқушылардың шаш үлгісі мен киіміне қатысты талаптарға қарсы шыққаны туралы жазған едік.

Алматының бұрынғы әкімі Досаевтың жұбайы жаңа компания ашпақ
Фото: Алматы әкімдігінен

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Астана халықаралық қаржы орталығында DOS&Co. Ltd. атты жаңа холдингтік компания тіркеді. Компанияның жарғылық капиталы 100 миллион теңгені құрайды. Оның негізгі қызметі еншілес және үлестес компаниялардың үлестерін сатып алу мен басқаруды қамтиды. Бұл туралы stan.kz хабарлайды.

Жаңа компания немен айналысады?

Астана халықаралық қаржы орталығының ашық тізіміндегі мәліметке сәйкес, DOS&Co. Ltd. компаниясының жалғыз құрылтайшысы – Гүлнар Досаева. Ол жаңа компанияның жарғылық капиталына 100 миллион теңге салған.

Холдингті G AND G Гламур ритейл тобының бас директоры Жанна Рахметуллина басқарады. Бұл компания люкс санатындағы киімдер мен аксессуарларды сатумен айналысады.

Астана халықаралық қаржы орталығындағы тізілім сипаттамасына сәйкес, DOS&Co. Ltd. еншілес және үлестес заңды тұлғалардың үлестерін сатып алып, иеленумен айналысады. Сонымен қатар компания топтың ортақ стратегиясының орындалуын қадағалап, еншілес құрылымдарға корпоративтік және әкімшілік қолдау көрсетеді.

Гүлнар Досаеваның қандай бизнес активтері бар?

Гүлнар Досаева Ерболат Досаевтың жұбайы ретінде ғана емес, кәсіпкер ретінде де танымал. Оның жеке байлығы 61 миллион долларға бағаланады.

Кәсіпкердің негізгі активтерінің бірі – Lancaster Holding компаниясындағы үлесі. Бұл холдинг әртүрлі салалардағы бизнес жобаларымен айналысады. Олардың қатарында өнеркәсіп, тау-кен өндірісі, мұнай-газ сервистері, фармацевтика және білім беру бағыттары бар.

Гүлнар Досаева сондай-ақ G AND G Гламур және GGonline компанияларындағы үлестерге иелік етеді. Бұл компаниялар сәнді киімдер мен аксессуарларды сатуға маманданған.

G AND G Гламур Max Mara, Fendi, Marina Rinaldi және Weekend Max Mara сияқты халықаралық брендтерді ұсынады. Ал GGonline брендтік тауарларды интернет арқылы сатуға бағытталған.

Lancaster Holding пен алтын өндіру саласына қатысы

Гүлнар Досаева бұған дейін Lancaster Group арқылы Tin One Mining компаниясының бенефициары, яғни түпкілікті пайда алушысы болған. 2024 жылдан бастап Tin One Mining Қазақстандағы ірі алтын өндірушілердің бірі Solidcore Resources Plc компаниясының еншілес ұйымына айналды.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстандағы ең ықпалды 25 әйелдің есімі жарияланған еді. Олардың қатарында Гүлнар Досаева да бар.

Субсидия алып, сол ақшаға үй сатып алған: БҚО-да 250 миллион теңгелік схема әшкереленді
Фото: Видеодан скрин

Батыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті өз бақылауындағы "Агрокомплекс АРСЕН" және "ОнегеАгрооСервис" ЖШС-лары арқылы мемлекеттен инвестициялық субсидия алған. Қаражат Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округінде су үнемдеу технологияларын енгізуге арналған суару жүйелерін салуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін бөлінген.

Алайда тергеушілерге ұсынылған құжаттардың жалған екені анықталған. Атап айтқанда, күдікті шығындарды растау мақсатында жалған төлем тапсырмалары мен орындалған жұмыстар туралы актілерді пайдаланған.

Осы құжаттардың негізінде екі серіктестіктің есепшотына жалпы сомасы 251 миллион теңге субсидия аударылған. Кейін ақша қолма-қол ақшаға айналдырылып, оның бір бөлігіне тұрғын үй сатып алынған.

Сот шешімімен аталған үйге тыйым салынды.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бұған дейін Шымкентте 12 кәсіпорын сүт өндірмесе де мемлекеттен 5 миллиард теңге субсидия алғаны туралы жазған едік. Тексеру барысында 12 кәсіпорынның сүт және сүт өнімдерін тек құжат жүзінде ғана өндіргені анықталған. Іс жүзінде олар ешқандай өнім шығармағанымен, мемлекеттік субсидия алу үшін жалған құжаттар рәсімдеген. Осылайша, кәсіпкерлер жалпы көлемі 5 миллмард теңге бюджет қаражатын алған.

Енді Қазақстанда жылжымайтын мүлікті салықсыз сату үшін 2 жыл күту керек
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Қазақстанда 2026 жылдан бастап кейбір жылжымайтын мүлікті сатқанда құн өсімінен түсетін кіріске салық салынатын мерзім өзгерді. Егер меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген тұрғын үйді, саяжайды, гаражды немесе басқа да мүлікті екі жылға толмай сатса, азаматтар салық төлеуге міндеттелуі мүмкін. Бұған дейін мұндай мүліктің бір бөлігі үшін салық салынбайтын иелену мерзімі бір жыл болған. Бұл туралы stan.kz хабарлайды.

Қандай жағдайда салық төлеу керек?

Жеке тұлға жылжымайтын мүлікті сатқан кезде салық салынатын кіріс пайда болуы мүмкін. Ол мүлікті сатып алған бағасы мен сатқан бағасының арасындағы оң айырмаға байланысты есептеледі.

2026 жылдан бастап тұрғын үй, саяжай, гараж, автотұрақ, қойма және басқа да жылжымайтын мүлікке қатысты талаптар өзгерді. Егер меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелсе, мұндай мүлікті салық міндеттемесінсіз сату үшін кемінде екі жыл иелену қажет.

Ал меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген жылжымайтын мүлікке бұрынғы талап қолданылады. Яғни, тиісті мүлікті бір жылдан аз уақыт иеленіп сатса, құн өсімінен түскен кіріске салық салынуы мүмкін.

Сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысына, саяжай құрылысына, жеке қосалқы шаруашылыққа, гараж бен автотұраққа арналған жер учаскелерін екі жылдан аз уақыт иеленіп сатқанда құн өсімінен кіріс туындауы мүмкін.

Бұдан бөлек, өзге жылжымайтын мүлікке және Қазақстаннан тыс орналасқан жылжымайтын мүлікке иелік ету мерзіміне қарамастан салық салынуы мүмкін.

Салық қалай есептеледі?

Салық мүліктің толық сату бағасынан емес, оны сату мен бастапқы құнының арасындағы оң айырмадан есептеледі.

Мысалы, азамат пәтерді 25 миллион теңгеге сатып алып, кейін оны 30 миллион теңгеге сатты делік. Бұл жағдайда құн өсімінен түскен кіріс 5 миллион теңгені құрайды. Егер салық салу шарттары орындалса, салық осы айырмадан есептеледі.

Жеке тұлғалар үшін жеке табыс салығының мөлшерлемесі кіріс көлеміне байланысты белгіленген. 8 500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі кіріске 10%, ал осы шектен асатын кіріс бөлігіне 15% мөлшерлеме қолданылады.

Мысалы, 5 миллион теңге көлеміндегі салық салынатын кіріс 8 500 АЕК шегінен аспаса, 10% мөлшерлемемен есептегенде төленетін салық 500 мың теңге болады.

Алайда бұл есеп мүлікті сатудан түскен кіріске салық салу талаптары орындалған жағдайда ғана қолданылады.

Сыйға немесе мұраға алған мүлікті сатса, салық төлене ме?

Сыйға тарту немесе мұрагерлік арқылы алынған мүлікті сату кезінде де салық міндеттемесі туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда мүліктің бастапқы құнын анықтау және құн өсімінен түскен кірісті есептеу тәртібін ескеру қажет.

Сондықтан мүлікті сату кезінде оның қалай алынғаны, меншік құқығының қашан тіркелгені және бастапқы құны туралы құжаттардың болуы маңызды.

Декларацияны қашан тапсыру керек?

Егер мүлікті сату нәтижесінде салық салынатын кіріс пайда болса, жеке тұлға кірістер мен мүлік туралы декларацияны 270.00 нысан бойынша келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсыруы керек.

Ал жеке табыс салығын декларация тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейінгі күнтізбелік он күн ішінде төлеу қажет. Декларация тұрғылықты немесе болатын жері бойынша мемлекеттік кірістер органына тапсырылады.

Демек, мүлікті сатқан кезде тек оның бағасын ғана емес, меншік құқығының тіркелген күнін де ескеру қажет. Өйткені салық міндеттемесінің туындауы осы талаптарға байланысты болуы мүмкін.

Айта кетсек, бұған дейін 2027 жылдан бастап банктер қазақстандықтардың шоттары мен депозиттері туралы деректерді Үкіметке беретіні туралы жазған едік.

31 желтоқсан күні демалыс бола ма: Еңбек министрлігі көп көкейіндегі сауалға жауап берді
Фото: thewallace.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 31 желтоқсан демалыс күні болмайтынын мәлімдеді. Алайда жұмыс беруші қызметкерлеріне қосымша демалыс бере алатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Неліктен 31 желтоқсан ресми мереке саналмайды?

Еңбек министрлігінің мәліметінше, “Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы” заңына сәйкес, ұлттық және мемлекеттік мереке күндері ғана ресми демалыс болып саналады.

Бұл күндер жай ғана қосымша демалыс емес. Олардың әрқайсысы ел тарихындағы, мәдениетіндегі немесе қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғаларға орай белгіленген. Мұндай мерекелер ұлттық құндылықтар мен дәстүрді сақтауға, ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған.

1-2 қаңтар – Жаңа жыл мерекесіне байланысты демалыс күндері. Ал 31 желтоқсан заңда белгіленген ұлттық және мемлекеттік мерекелер қатарына кірмейді. Сондықтан бұл күн демалыс саналмайды.

31 желтоқсанда міндетті түрде жұмыс істеу керек пе?

Қолданыстағы еңбек заңнамасы жұмыс берушілерге қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ол үшін заңға өзгеріс енгізуді күтудің қажеті жоқ. Компания басшылығы бұл мәселені өз ішінде шеше алады.

Мәселен, жұмыс беруші 31 желтоқсанда қызметкерлерді жұмыстан босатудың бірнеше жолын қарастыра алады:

Жұмыс күнін қысқарту. Қызметкерлердің жұмыс уақытын бірнеше сағатқа азайтуға болады;

Икемді жұмыс кестесін енгізу. Қызметкерлерге сол күнгі жұмыс сағаттарын ай ішінде алдын ала өтеп қоюға мүмкіндік беруге болады;

Қосымша демалыс беру. 31 желтоқсанды демалыс күні ретінде ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің ішкі актісінде бекітуге болады.

2027 жылы демалыс күндері ауыстырыла ма?

Еңбек министрлігінің мәліметінше, қазір 2027 жылы демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр.

Әзірге демалыс күндерін ауыстырудың түпкілікті кестесі бекітілмеген. Ол мақұлданған соң келесі жылы демалыс күндері қалай бөлінетіні, соның ішінде желтоқсан айының соңындағы жұмыс кестесі де белгілі болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жұмыс беруші қызметкерді демалыс немесе мереке күндері жұмысқа тек оның жазбаша келісімімен немесе өз өтініші бойынша шақыра алатыны туралы жазған едік.

Жатақхананы аңдып, студент қыздарды зорлаған: ҚазҰУ-ды дүр сілкіндірген маньяк қалай ұсталды
Фото: Sputnik/Юрий Куйдин

1980-жылдардың соңында КазМУ (қазіргі ҚазҰУ) қалашығы маңында студент қыздардың жоғалуы, табылған дене бөлшектері, тергеушілерді қате жолға түсірген сараптама Алматыны шулатты. Кешкі уақытта жатақханаға оралмақ болған қыздар зорланып, қатыгездікпен өлтірілген күйде табылып жатты. Ал қалашықты дүр сілкіндірген маньяк ұзақ уақыт қолға түспеді. Полицейлерді жаңылыстырып, күдікті басқаға бұрған Сергей Манжиков кім және оның қылмыстары қалай әшкереленді?

Бұл қылмыстық іске қатысты деректерде әртүрлі есімдер кездеседі. Қылмыс ауыр болғандықтан сол кездерде іс жабық жүргізілген. Сәйкесінше, ресми ақпараттар аз келтірілген. Дегенмен оқиғаның қалай болғаны куәгерлердің естеліктері мен журналистік материалдарға сүйеніп таралды. Сол себепті қаза тапқан қыздардың есімдері әр деректе әртүрлі келтірілген.

Алғашқы құрбан: Жағадан табылған адам аяқтары

1988 жылдың қазан айында Алматыдағы Весновка өзенінің бойымен серуендеп жүрген ғашық жұп жантүршігерлік көрініске тап болады. Олар жағадан адамның дене мүшесі, яғни бөлек жатқан аяғын көреді.

Жағдайдан кейін оқиға орнына құзырлы органдар келіп, сот-медициналық сарапшыларды шақырады. Адамның аяғын тексеріп, жәбірленушінің жасы 20 мен 25 жас аралығында деген қорытындыға келді. Бұл қала үшін адам шошырлық қылмысқа айналады. Себебі Алматыда бұған дейін мұндай қатыгездікпен қылмыс болмаған. “Следствие вели" бағдарламасы сарапшыларының пікірінше, табылған аяқ доғал, тісті балтамен кесілген.

Бірақ детективтер дененің қалған бөлігі, яғни мәйіттің қайда екенін, қалай табуға болатынын білмеді. Кейін Мәскеуден келген полиция полковнигі бір қылмыс орнын зерттеудің жаңа әдісін ұсынды. Ол үшін люминол деп аталатын арнайы сұйықтық қолданылды. Бұл зат қанның іздерін, тіпті ескі әрі кепкен қанның өзін де анықтауға көмектеседі. Бірақ оның жұмыс істеуі үшін айналада толық қараңғылық болуы керек еді. Сондықтан қаланың орталық бөлігіндегі жарықты өшіру туралы шешімді Қазақ КСР басшылығының жоғарғы деңгейі қабылдады. Кейін мамандар қылмыс орнына арнайы сұйықтықты шашты. Сол арқылы қыздың мәйітін бетон құбырға жасырғанын анықтады. Қылмыскер оның екі аяғын да кесіп тастаған. Сонымен қатар  сарапшылар қыздың өлім алдында тұншықтырылып, қатыгездікпен зорланғанын анықтады. Сондықтан олар биологиялық үлгілерді жинап, сараптамаға жіберді.

Фото: Тергеушілер мәйіт бөлшектері табылған жерде kp.kz

Сонымен қатар, марқұм әйелге қатысты хабарламалар барлық полиция бөлімшелеріне жіберілді. Оның жеке басы бірнеше күн ішінде анықталды. Зардап шеккен адам 22 жастағы ҚазМУ (бүгінгі ҚазҰУ) студенті болып шықты.

"Басында қылмыскер жергілікті тұрғын емес деп ойладық. Сондықтан жедел уәкілдер қалаға сырттан келген барлық студенттердің деректерін тексере бастады. Осылайша, бір ай өтті. Алайда солай жүргенде екінші жәбірленушінің денесі табылды...", — деді 1980-жылдардың соңында Алматы қаласының прокуроры болған Александр Азаров.

Соңғы рет жігітімен кездескен: Қар астынан табылған жалаңаш қыздың денесі

Екінші қылмыс: 1990 жылдарға қарай Қазгуградтағы (бүгінгі ҚазҰУ) бос алаңда қар атысып ойнап жүрген балалар қыздың денесін байқайды. Шошыған олардың айқайын естіген ересектер келіп, денені көріп милиция (қазіргі полиция) шақырған. Құзырлы органдар мұнда шамамен жарты сағаттан кейін жеткен. Олар келгенде мәйіттің 20–25 жастағы қыздікі екенін анықтайды. Оның көзі ашық қалған, киімі әбден жыртылған. Ал мойнында бір құлағынан екіншісіне дейін созылған қан ізі болған. Денесі қармен жартылай жабылған. Айналасынан ешқандай зат табылмады. Тергеушілердің алғашқы болжамы бойынша, қызды өлтірер алдында зорлаған. Ал мәйіттің көмілмей, ашық жерде қалуы қылмыскерді біреу шошытып, ол қашып кеткен болуы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, қызды қызыл мойын орамалмен тұншықтырып өлтірген.

Қаза тапқан қыз ҚазҰУ-дың тарих факультетінің 3-курс студенті Әлия болып шығады. Ол университет жатақханасында тұрған. Әлияның жоғалғанына үш күн болған екен. Бөлмелесі соңғы рет оның қайда кеткенін айтып, полицейлерге куәлік еткен.

“Әлияның жоғалғанына үш күн болды. Ол Талғат есімді жігітпен кездесіп жүрген. Сол күні кешке Әлия онымен кездесуге кетіп, содан бері оралмады”, — деді ол.

Осылайша, Талғат есімді марқұмның сүйіктісі басты күдіктіге айналды. Дегенмен тергеуші оны жауап алуға шақырғанда, ол қатты қайғырып, жылаған. Өзінің Әлиямен қандай қарым-қатынаста болғанын айтып, ақталған.

“Біз бір жылға жуық уақыт бірге жүрдік. Дәлірек айтсам, бұрын бірге болғанбыз. Әлия университетті бітірген соң үйленуді жоспарлаған едік. Иә, сол күні кездескеніміз рас. Кездесуден кейін Әлияны автобус аялдамасына дейін шығарып салдым да, үйге кеттім. Содан кейін оны көрген емеспін. Маған сеніңізші, мен Әлияны өлтірген жоқпын! Мен оны сүйдім! Оны не үшін өлтіремін?!”, — деп жылады жігіт.

Тергеуші оның сөзіне сенді. Өйткені Талғаттың қайғысы шынайы көрінді. Оның айтқаны рас екені сараптама нәтижесімен де расталды. Қызды зорлаған қылмыскердің қан тобы Талғаттың қан тобымен сәйкес келмеді. Осыдан кейін Талғатты босатты. Ал тергеушілер сараптама нәтижесіне сүйеніп, бұрын осындай қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарды тексеруге кірісті. Алайда бұл бағыттағы іздестіру жұмыстары еш нәтиже бермеді.

Полицейлердің шарасыздығы: Қылмыскерді ұстау үшін қыздарды түнде әдейі шығарды

Тергеушілер университет аумағында қатыгез қылмыскер бар деген қорытындыға келді. Студенттерге арнайы ескерту жасаудың қажеті болмады. Себебі бұл кезде қауесет ҚазМУ-дың бүкіл аумағына тарап, жатақханада тұратын студенттер кешкі уақытта далаға шығуға қорқатын болды.

Бұдан соң "ҚазМУ құбыжығын" ұстау үшін Алматы қалалық ішкі істер басқармасы мен Ішкі істер министрлігінің ең тәжірибелі тергеушілері мен жедел уәкілдерінен арнайы топ құрылды. Сериялық кісі өлтіруші әрі зорлаушыны мүмкіндігінше тезірек анықтап, ұстау қажет болды. Өйткені қылмыскер мұндай әрекеттерге әбден дағдыланып, тағы да жаңа құрбан іздеуге шығуы мүмкін еді. Университетте мыңдаған студент, бірнеше жүз оқытушы болды. Оның үстіне ҚазМУ-дың аумағы өте үлкен болатын. Мұнда оқу ғимараттары, жатақханалар, саябақтар мен адам аяғы сирек басатын бұрыштар көп еді.  Тергеушілер қылмыскерді студенттер арасынан да, оқытушылар мен техникалық қызметкерлерден де іздеді. Университет маңында тұратындар мен сол жерде жүрген үйсіз адамдар да тексерілді. Күдіктіні табу үшін қаланың барлық учаскелік полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Жедел уәкілдер шамамен 7 мың медициналық картаны қарап, бірнеше мың адамның қанынан сынама алды. Бірақ тергеу әзірге нәтиже бермеді. Үшінші қан тобы бар адамдардың бірінің қылмыс кезінде басқа жерде болғаны дәлелденсе, енді біреулері күдіктінің сипаттамасына сәйкес келмеді. Осылайша, тергеу тығырыққа тірелгендей болды.

Кейін күтпеген жағдай полицейлерге үміт берді. Студент қыздардың бірі Әлия өлтірілгенге дейін шамамен бір ай бұрын дәл сол бос жатқан жерде белгісіз біреудің өзіне пышақпен шабуыл жасағанын мойындады. Қылмыскер оған пышақ кезеп, зорлаған. Содан кейін: "Полицияға хабарласаң, бауыздап кетемін!" — деп қорқытқан. Қыз полицияға арыз бермеген. Өйткені ол тұрмысқа шығуға дайындалып жүрген және болған оқиғаның елге жария болуынан қорыққан. Жәбірленуші қылмыскердің бет-әлпетін де, ерекше белгілерін де есіне түсіре алмады.

"Қараңғы болды, мен қатты қорықтым", — деп түсіндірді ол.

Қыздың есінде қалғаны шабуылдаушының бойы ұзын, еуропалық келбетті, жасы шамамен 20–30-дағы ер адам болғаны. Осыдан кейін тергеушілер маньякты ұстауда қолданылатын "тірі жем" әдісін пайдалануға шешім қабылдады. Бұл қауіпті болғанымен, кейде тиімді нәтиже беретін тәсіл.

Операцияға бес әйел полиция қызметкері тартылды. Қалалық ішкі істер басқармасында жұмыс істейтін тәжірибелі әрі салмақты қызметкерлер сырт көзге еркін жүретін, көзге бірден түсетін студент қыздардың кейпіне енді. Олар қысқа белдемше, ашық жейде киіп, биік өкшелі аяқ киіммен жүріп, беттерін бояды. Осылай киінген әйелдер кешкі уақытта университет қалашығында серуендеп, түннің бір уағына дейін жүретін болды. Көзге бірден түсетін бұл "студент қыздарға" ер адамдар ерекше назар аударатын. Олармен танысқысы келетіндердің қарасы үзілмеді. Дегенмен ешқандай шабуыл болмады.

“Кітапханадан кеш шыққан қыз жоғалып кетті: Мәйіттің иісі туралы хабарлаған ер адам”

Көп ұзамай үшінші құрбанның денесі табылды. Бірнеше күн іздеуде болған студент қыз соңғы рет кітапханаға барған. Ол сол жақтан кешкісін шыққан. Алайда жатақханасына жете алмаған. Қызды бірнеше күн бойы іздегенімен, тірідей де, өлі күйінде де таба алмады. Көп ұзамай оның денесі қаладағы құрылыс карьерінен табылды. Қылмыс орнын тексеріп жатқанда милиция қызметкерлерінің назарына бір оғаш адам ілікті. Ол қоршаудың ар жағында бір сағаттан астам уақыт тұрып, тергеушілердің әр қимылын бақылап, айналасындағыларға қобалжи қараған. Оның мінезі тергеушілердің күдігін тудырып, ер адамды жеке басын анықтау үшін ұстады.

Ол – бұрын зорлауға әрекет жасағаны үшін сотталған, тұрақты жұмысы жоқ Сергей Манжиков еді. Одан қан талдауға алынды. Алайда оның қан тобы қылмыскердікімен сәйкес келмегендіктен, оны босатып жіберді.

Дегенмен бірнеше күннен кейін Манжиков қалалық ішкі істер басқармасына өзі келіп, үйінің кіреберісінен мәйіттің иісі шығып жатқанын хабарлаған. Жедел уәкілдер бірден оның үйіне барып, тексергенімен кіреберістен мәйіттің иісі сезілмеді. Тек мысықтың иісі ғана бар еді. Олар шатыр мен жертөлені де мұқият тексерді. Ештеңе табылмады. Ақыры тергеушілер Манжиковтың психиатрдың көмегіне мұқтаж болуы мүмкін деп ойлап, үйіне қайтуға кеңес берді.

“Тағы екі қыздың өлімі мен сол күйі денесі табылмаған Мадина”

Мұнымен қатыгез қылмыскердің әрекеті тоқтап қалмады. 1989 жылы 21 қаңтарда жаңа құрбан 18 жастағы география факультеті студентінің денесі табылды. Оны зорлап, тұншықтырып өлтіріп, тамағын кесіп, денесін бөлшектеп тастаған. Бірақ бұл жолы кісі өлтіруші мәйітті университет жатақханаларының жанындағы бос жерге көмген.

Арада бір айдан кейін механика-математика факультетінің 20 жастағы студенті де дәл осылай табылды. Оны да дәл солай өлтіріп, көмген.

Ал бұл оқиғаларға дейін университетті шошытқан 1-курс студенті Мадинаның із-түзсіз жоғалуы болды. Белгілі болғандай, студент қаладағы достарына қонаққа кеткен. Алайда қараңғы түскенде жатақханаға шыққан. Содан оны ешкім көрмеген. ҚазМУ мен оның айналасында іздеу жұмыстары жүргізілді. Алайда оның денесі сол күйі табылмады.

“Қылмыскердің қателігі: Оның үйінен марқұм қыздардың киімі мен әшекейлері табылды”

Осылайша, бірнеше күннен кейін ҚазҰУ қаласында тағы бір шабуыл болды. Бірақ бұл жолы қылмыскер өз қателігінен көзге түсті. Ол жас жұпқа шабуыл жасаған. Жігіт сүйіктісімен бірге “Весновка” маңында серуендеп жүргенде, оларға бойы ұзын бейтаныс адам жүгіріп келіп, жігітті пышақпен жаралаған. Содан кейін қызға шешінуді бұйырған.

“Мен сүйіктіммен кездесуге бара жатқанмын. Сол кезде оған әлдебір ер адамның тап бергенін көрдім. Мен оны қыздан ажыратуға тырыстым, бірақ ол мені ұра бастады. Содан кейін пышағын алып, қолымды тіліп жіберді. Артынша өтіп бара жатқан адамдар пайда болып, ол қашып кетті, — деп әңгімеледі жігіт.

Пышақ жарақатын алған жігіт құтқарылып, аман қалды. Кейін жұп шабуылдаушының сыртқы келбетін сипаттап бергенде, жедел уәкілдер оның кім екенін бірден таныған. Бұл –  Сергей Манжиков!

Күдіктіні дереу ұстау туралы шешім қабылданды. Полицейлер барған кезде қылмыскер есікті ұзақ уақыт ашпады. Құқық қорғаушылар құлыпты сындырмақ болған кезде ғана ол есігін ашады. Бұл кезде оның іште киімдерін жуып жатқаны анықталды. Ол жедел уәкілдермен сөйлесуден бас тартты.

Фото: Сергей Манжиков kp.kz

Манжиковтың үйінен қан жұққан пышақ пен әйелдер киімі табылды. Ал оның туыстары мен сүйіктісінің үйінен өлтірілген студент қыздардың алтын әшекейлері, киімдері мен сөмкелері шықты. Туыстары бұл заттардың қайдан келгенін білмей, таңғалып: "Мұны бізге Сереженька сыйлаған еді", — деді.

Тергеу кезінде Манжиков өзін өте сабырлы ұстады. Ол тек соңғы болған оқиғада қыз бен жігітке шабуыл жасағанын мойындады. Қалған қылмыстарын мойындамады. Ол өзіне тек бұзақылық жасады деген айып тағылып, жеңіл жазамен құтыламын деп ойлады.

Дегенмен полицейлерде Манжиковтың сол қыздарды өлтірген маньяк екеніне күмән болмады. Бірақ мәселе, бұған дейінгі қан сараптамасының нәтижесі басқа еді. Сондықтан күдіктінің қанын қайта тексеру үшін Ресейге жіберді. Көп ұзамай Ресейден сараптама нәтижесі келді. Манжиковтың қан тобы екінші емес, үшінші екені анықталды. Демек, Қазақстандағы зертханада қате жіберілген. Осы қателіктің кесірінен қылмыскерді бұрын анықтай алмаған. Сараптамада басында марқұм Әлия есімді қыздан табылған қан тобы дәл Манжиковқа тиесілі екені белгілі болды.

Бұл жаңалықты естіген соң, Манжиков ақыры қылмыстарын мойындады.

“Осы үш қызды мен өлтірдім. Екінші қыздың денесін үйімнің жанындағы жерге көмдім. Күдік тудырмас үшін полицияға өзім хабарласып, үйдің кіреберісінен мәйіттің иісі шығып жатқанын айттым”, — деді ол.

Одан кейін Манжиков қыздарды қалай өлтіргенін егжей-тегжейлі айтып берді. Оның сөздерін тыңдаған тергеуші ашуын әрең басып, өзін сабырға шақырды. Сотта Манжиков жылап, өзіне рақымшылық жасауды сұрады. Тіпті өзін психикалық ауру адам етіп көрсетуге тырысты. Бірақ оның әрекеттері ештеңені өзгерте алмады. Ал залда отырған өлтірілген қыздардың туыстары қайғыдан көз жасын тыя алмаған.

“Бірнеше қыздың өмірін алған қылмыскер қандай жазаға кесілді”

Манжиков ешбір ұсақ-түйекті қалдырмай барлық ісін баяндап берді. Осы тұста із түссіз, тіпті денесі де табылмаған жоғалған қыз Мадина туралы сұралды. Манжиковтың айтуынша, ол қызды дәл сол жатақхана маңында аңдып жүрген. Оған пышақпен қоқан-лоқы көрсетіп, алғашында алдыңғы құрбанына жасаған әрекетін қайталағысы келген. Бірақ кейін райынан қайтып, қызды өзі тұратын үйдің кіреберісіне алып барған. Мадина жылап, Манжиковтан өзін босатуды өтінді. Ал ол: “Айтқанымды тыңдасаң, жіберемін”, – деп жауап берген.

Студент қыз оның айтқанына амалсыз көніп, онымен бірге қараңғы жертөлеге түсті. Сергей қызды өлтіргеннен кейін оның денесін сол жерде көміп тастаған. Ал полиция өз ізіне түскенін түсінген соң Манжиков қатты қорыққан. Ол өзінен күдікті басқа жаққа аударуға тырысып, өзі келіп, үйдің кіреберісінен жағымсыз иіс шығып жатқанын хабарлаған.

Ашылып сөйлеген сәтінде Сергей жедел уәкілдерге оның мойнында өлтірілген үш қыздың ғана емес, одан да көп адамның қаны бар екенін тұспалдап жеткізген. Бірақ артынша айтқанынан қайтып, бұл тақырыпта мүлде сөйлесуден үзілді-кесілді бас тартқан.

Тергеу кезінде Сергей ешқандай өкіну белгісін танытпады. Шын мәнінде, ол өзі өлтірген қыздарды адам ретінде емес, өзінің айуандық қалауларын қанағаттандыру құралы ретінде ғана көрген. Ол қыздарды зорлап, өлтіріп қана қоймай, кейін олардың мәйіттерін бөлшектеген. Тергеу аяқталар тұста қылмыскер есін жоғалтқан адам болып көрінуге тырысқан. Алайда сот-психиатриялық сараптама Манжиковты психикалық тұрғыдан сау деп таныды. Сотта ол тізерлеп отырып, рақымшылық жасауды жалынып сұрады. Бірақ бұл оған көмектеспеді.

1993 жылы Манжиков Алматы қаласындағы № 1 тергеу изоляторының жертөлесінде ату жазасына кесілді.

Еске салсақ, бұған дейін каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары қалай әшкереленгенін жазған едік. Оның да қылмыстары елді дүр сілкіндіріп, ұзақ уақыт бойы ашылмай, тергеу бірнеше жылға созылған еді.

Қазақстанда жұмыс беруші қызметкерді демалыс күні жұмыс істеуге мәжбүрлей ала ма
Фото: nbe.gov.ge

Қазақстанда жұмыс беруші қызметкерді демалыс немесе мереке күндері жұмысқа тек оның жазбаша келісімімен немесе өз өтініші бойынша шақыра алады. Алайда заңда келісімсіз жұмысқа тартуға рұқсат берілетін үш ерекше жағдай бар. Сонымен қатар демалыс күні жұмыс істеген қызметкерге қосымша демалыс немесе жоғарылатылған ақы төленуі тиіс. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қызметкерге аптасына неше күн демалыс беріледі?

Қазақстанның Еңбек кодексіне сәйкес, бес күндік жұмыс аптасында қызметкерге екі демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі. Жалпыға ортақ демалыс күні – жексенбі. Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні ұжымдық шартта немесе еңбек тәртібінің ережелерінде белгіленеді.

Жұмыс кестесі мен ауысым тәртібіне қарамастан, Құрбан айттың бірінші күні және 7 қаңтар – православиелік Рождество да демалыс күндері болып саналады.

Жұмыс беруші демалыс күні жұмысқа шақыра ала ма?

Еңбек кодексінің 85-бабына сәйкес, қызметкерді демалыс немесе мереке күні жұмысқа тарту үшін оның жазбаша келісімі қажет. Сондай-ақ қызметкердің өзі жұмысқа шығуды сұрап өтініш беруіне болады.

Екі жағдайда да жұмыс беруші тиісті акт, әдетте бұйрық шығаруы керек. Демек, қызметкердің жазбаша келісімі немесе өтініші және жұмыс берушінің бұйрығы рәсімделуге тиіс. Бұйрық қағаз түрінде немесе электрондық құжат ретінде рәсімделіп, электрондық цифрлық қолтаңбамен расталады.

Қандай жағдайда қызметкердің келісімі қажет емес?

Еңбек кодексінің 86-бабында қызметкерді демалыс немесе мереке күні оның келісімінсіз жұмысқа тартуға болатын үш жағдай көрсетілген.

Біріншісі – төтенше жағдайдың, табиғи апаттың немесе өндірістік аварияның алдын алу не олардың салдарын шұғыл жою қажет болғанда.

Екіншісі – еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаның алдын алу немесе оны тергеп-тексеру, сондай-ақ мүліктің жойылуы мен бүлінуіне жол бермеу қажет болғанда.

Үшіншісі – алдын ала болжанбаған жұмыстарды шұғыл орындау қажет болып, онсыз бүкіл ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің қалыпты жұмысы бұзылатын жағдайда.

Бұл тізім заңда нақты көрсетілген. Сондықтан есеп тапсыру мерзімінің жақындауы, жұмыстың көбейіп кетуі немесе жобаны тезірек аяқтау қажеттілігі қызметкерді келісімінсіз демалыс күні жұмысқа шақыруға негіз болмайды.

Ауысыммен жұмыс істейтіндерге қандай талап қойылады?

Үздіксіз өндіріс орындарында және вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің демалыс күндері ауысым кестесіне немесе вахта кестесіне сәйкес белгіленеді.

Егер қызметкердің жұмыс кестесінде сенбі немесе жексенбі жұмыс күні болып көрсетілсе, ол үшін бұл қалыпты жұмыс күні саналады.

Еңбек кодексінің 85-бабының 1-тармағына сәйкес, ауысыммен немесе вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлерді мереке күндері, 7 қаңтарда және Құрбан айттың бірінші күні жұмысқа тарту үшін жазбаша келісім алу және жеке бұйрық шығару талап етілмейді.

Жүкті әйелдерді демалыс күні жұмысқа шақыруға бола ма?

Еңбек кодексіне сәйкес, жүктілігі туралы анықтаманы жұмыс берушіге ұсынған жүкті әйелдерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға тыйым салынады.

Бұл шектеу қызметкердің өзі жұмысқа шығуға келіскен жағдайға да қатысты.

Демалыс күні жұмыс істегені үшін қанша ақы төленеді?

Демалыс немесе мереке күні жұмыс істеген қызметкер өтемақының екі түрінің бірін таңдай алады: басқа күні демалу немесе жоғарылатылған мөлшерде ақы алу. Бұл таңдауды жұмыс беруші емес, қызметкердің өзі жасайды.

Еңбек кодексінің 109-бабына сәйкес, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу мөлшері еңбек немесе ұжымдық шартта не жұмыс берушінің актісінде белгіленеді. Алайда төлем қызметкердің күндік немесе сағаттық мөлшерлемесінің кемінде 1,5 есесінен төмен болмауы керек.

Мысалы, қызметкердің айлық жалақысы 420 мың теңге, ал бір айдағы жұмыс күндерінің саны 21 күн болса, оның бір күндік еңбек ақысы 20 мың теңгені құрайды. Демалыс күні жұмыс істегені үшін оған кемінде 30 мың теңге төленуі тиіс.

Жұмыс уақыты қалай есептеледі?

Жұмыс беруші әр қызметкердің жұмыс уақытын есепке алуға міндетті. Демалыс немесе мереке күніндегі жұмыс арнайы табельде көрсетіледі.

Осы мәліметтердің негізінде бухгалтерия қызметкерге тиісті жоғарылатылған ақыны есептейді немесе кадр қызметі оған басқа күні демалу құқығын рәсімдейді.

Айта кетсек, бұған дейін қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалатыны туралы жазған едік.

Астанада маркетплейс тапсырыстарын беру пунктінің 19 жастағы қызметкері 15 миллион теңгенің тауарын жымқырған
Фото: Видеодан скрин

Астанада тапсырыстарды беру пунктінде жұмыс істеген 19 жастағы жігіт бағасы 14,9 миллион теңгеден асатын тауарларды ұрлағаны үшін бес жылға сотталды. Ол маркетплейс арқылы түрлі заттарға тапсырыс беріп, тауарларды алған соң қайтару кезінде басқасымен алмастырып отырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тергеу мәліметінше, жігіт алтын әшекейлерге, киім-кешекке және азық-түлікке дейін тапсырыс берген. Тауарларды алған кезде олардың кейбірін білдіртпей алып қалып, орнына басқа заттарды қойып, қоймаға қайтарған.

Оқиғалардың бірінде жігіт құны 182 мың теңге тұратын алтын сырғаны иемденіп, сатушыға оның орнына бижутерия қайтарған. Осы тәсілмен ол жалпы саны 195 тауарды ұрлаған. Келтірілген шығын көлемі 14,9 миллион теңгеден асқан.

Сотта мемлекеттік айыптаушы жігіттің кінәсін толық дәлелдеген. Нәтижесінде 19 жастағы Қазақстан азаматы бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар сот жәбірленушінің келтірілген шығынды өтеу туралы азаматтық талабын қанағаттандырды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтар 223 су жаңа iPhone 18-ді елге заңсыз алып кірмек болғаны туралы жазған едік.

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап электромобильді қуаттау қымбаттайды
Фото: Pixabay

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау тарифі қымбаттауы мүмкін. Бұған электр қуаттау станцияларына қойылатын жаңа талаптар себеп болмақ. Енді станция операторлары электр энергиясының көлемімен қатар кернеуді, ток күшін және қуаттау уақытын да бақылауға қатысты талаптарды орындауы керек. Мәжіліс депутаты Олжас Нұралдинов бұл өзгерістер кәсіпкерлердің шығынын арттырып, тұтынушылар тарифіне әсер етуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы stan.kz хабарлайды.

1 желтоқсаннан бастап Қазақстандағы электр қуаттау станцияларының иелеріне жабдықтарды метрологиялық бақылаудан өткізуге қатысты жаңа талаптар енгізіледі. Енді мемлекет электромобильге берілген электр энергиясының көлемін ғана емес, кернеуді, ток күшін және қуаттау уақытын да бақыламақ.

Нарық өкілдерінің мәліметінше, қуаттау станцияларының бір түрін немесе партиясын тексеріп, сертификаттау шамамен 2 миллион теңгеге түсуі мүмкін. Бұл кәсіпкерлер үшін қосымша шығын. Ал бизнес өкілдері шығынды өтеу үшін қызмет тарифтерін көтеруі ықтимал.

Депутаттың айтуынша, жаңа талаптар күшіне енетін күн белгіленгенімен, жабдықтарды тексеру тәртібіне қатысты сұрақтар әлі де бар.

"Бизнестің қосымша шығындары түптеп келгенде тарифке енгізілуі мүмкін. Кернеудің, ток күшінің және қуаттау уақытының дұрыстығы іс жүзінде қалай тексерілетіні түсініксіз. Соған қарамастан, талап қабылданып қойды және оның күшіне енетін күні де белгіленген", – деді Олжас Нұралдинов.

Оның сөзінше, кәсіпкерлер тексеру тәртібі толық айқындалмай тұрып-ақ қосымша шығындарды көтеруге мәжбүр. Депутат мұндай жағдайда бизнес өкілдерінің неліктен қосымша қаражат жұмсауы керектігіне назар аударды.

"Қарапайым жанармай құю бекетін алайық. Мемлекет тұтынушыға қанша литр жанармай құйылғанын бақылайды. Бірақ бензиннің бакқа қандай жылдамдықпен құйылатынына және жанармай құюға қанша минут кететініне жеке метрологиялық бақылау жүргізілмейді", – деп түсіндірді депутат.

Бұл ретте жаңа талаптардың электр қуаттау станцияларына қатысты қандай мәселелерді шешуге бағытталғаны және оларды тексерудің нақты тәртібі қалай ұйымдастырылатыны қосымша түсіндіруді қажет етеді.

Нұралдиновтың айтуынша, электр қуаттау станцияларына қатысты жағдай өзгеше. Әртүрлі электромобильдің қуат қабылдау мүмкіндігі бірдей емес: біреуі жылдам қуатталса, екіншісіне көбірек уақыт қажет.

"Тіпті бір көліктің өзі аккумулятордың температурасына, заряд деңгейіне және батареяның жағдайына байланысты әр сәтте әртүрлі қуат қабылдайды. Нәтижесінде операторға өзі толық басқара алмайтын параметрлерді бақылау үшін қосымша шығын жүктеледі", – деді ол.

Яғни, депутаттың пікірінше, қуаттау уақыты мен қабылданатын қуат көлеміне көліктің техникалық ерекшеліктері де әсер етеді. Сондықтан станция операторы бұл көрсеткіштердің барлығын өз бетінше басқара алмайды.

Мәселенің тағы бір қыры – қосымша шығындардың кімнің есебінен өтелетіні. Егер кәсіпкерлер жаңа талаптарды орындау үшін қосымша қаражат жұмсаса, оның қызмет құнына әсер етуі мүмкін. Алайда тарифтің нақты қаншаға өсетіні әзірге белгісіз.

Олжас Нұралдинов депутаттық сауалында жаңа талаптарды қайта қарауды ұсынды. Оның пікірінше, негізгі назар тұтынушы нақты алған электр энергиясының көлемін тексеруге аударылуы қажет.

Сондай-ақ депутат электр қуаттау станцияларын тексерудің нақты әрі түсінікті тәртібін әзірлеуге шақырды. Ол жаңа талаптардың тұтынушыларға қандай пайда әкелетінін және олардың бизнеске түсетін қосымша шығындарды ақтайтынын түсіндіру қажеттігін атап өтті.

Депутат бұл мәселелерді жаңа талаптар күшіне енгенге дейін шешуді сұрады.

Айта кетсек, бұған дейін Өскемен тұрғыны электромобиль сатып алып, ірі шығынға ұшырағаны туралы жазған едік.

Нөсер жаңбырдан соң Ыстамбұлды су басты: Бала қаза тауып, мектептер жабылды, көліктер су астында қалды (видео)
Фото: haberler.com

Ыстамбұлда таңертең басталып, түнімен жалғасқан жаңбырдың соңы қайғылы жағдай орын алды. Балат ауданында шалшық судан өтпек болған 14 жастағы бала тоққа түсіп көз жұмды. Ал Сарыер ауданында құлап, басын соғып алған тағы бір адам қайтыс болды. Қалада 1 277 рет су басу оқиғасы тіркеліп, 15 өңірде жер көшкіні болған. Сонымен қатар 47 жағдайда адамдарды қауіпті аймақтардан құтқаруға тура келген. Төтенше жағдайлар қызметіне барлығы 2 518 хабарлама түсті. Қолайсыз ауа райына байланысты Ыстамбұлда мектептердегі сабақ тоқтатылып, мотоциклдердің жолға шығуына тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Haberler.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ыстамбұлда жаңбыр көп жауып, көшелерді су басты. Су жолдарға, тұрғын үйлерге және кәсіпкерлік нысандарға жайылды. Қала тұрғындары төтенше жағдайлар қызметіне мыңдаған хабарлама жолдаған.

Балат ауданында 14 жастағы бала тоққа түсіп, көз жұмды

Ыстамбұлда Фатих аумағы Балат ауданындағы Чукурбостан саябағында шалшық судан өтпек болған 14 жастағы бала электр тоғына түсіп, қайтыс болды. Ыстамбұл губернаторлығының мәліметінше, М.И. есімді жасөспірім шалшық суды басқан кезде тоқ соққан. Ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілген баланы дәрігерлер аман алып қала алмады. Оқиғаға байланысты тергеу басталды.

Қалада 2 518 хабарлама тіркелді

Ыстамбұл губернаторлығының мәліметінше, 14 қазанда сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін Апаттар мен төтенше жағдайларды басқару басқармасына (AFAD) және 112 жедел қызметіне барлығы 2 518 хабарлама түскен.

Қала бойынша тіркелген оқиғалар:

1 277 аумақты су басу;

15 жер көшкіні;

адамдардың қауіпті жерде қамалып қалуына қатысты 47 жағдай;

ағаштардың құлауына байланысты 13 оқиға;

шатырлардың жұлынып кетуіне қатысты екі жағдай.

Сонымен қатар 76 автокөлікке, 808 тұрғын үйге және 280 кәсіпкерлік нысанға қатысты хабарламалар тіркелген.

Төтенше жағдайлардың салдарын жою жұмыстарын үйлестіру үшін Ыстамбұлдағы Апаттар және төтенше жағдайларды басқару басқармасында дағдарыс штабы құрылды. Қалада 8 мың маман, 2 мың көлік пен арнайы техника жұмылдырылды.

Бейкөз ауданында бір шаршы метрге 193,84 келі жауын-шашын түсті

Нөсер жауын ең қатты жауған аумақтардың бірі – Бейкөз ауданының Өмерлі елді мекені. Мұнда бір шаршы метрге 193,84 келі жауын-шашын түскен.

Өзге аудандардағы көрсеткіштер мынадай:

Арнавуткөйде – 125,9 келі;

Сарыер ауданындағы ITU Маслак аумағында – 124,72 келі;

Чаталжада – 75,2 келі;

Карталда – 14,3 келі;

Бакыркөйде – 6,8 келі.

Бұл көрсеткіштер бір шаршы метрге түскен жауын-шашын мөлшерін білдіреді.

Метро станцияларын су басты

Нөсер салдарынан Ыстамбұлдың бірнеше ауданында көлік қозғалысы қиындап, күнделікті тіршілікке кедергі келді. Башакшехир Олимпият және Хаджиосман метро станцияларын, бірқатар жерасты өткелін су басты. Каяшехир метро станциясында суды сорып шығару жұмыстарына байланысты қозғалыс уақытша тоқтатылды.

Эсеньюрт ауданында ағын су алып кеткен әйелді үш тұрғын құтқарған. Ал Нишанташы университетінің Кягытхане қалашығында қауіпті аумақта қамалып қалған адамдарды арнайы техникамен құтқару жұмыстары жүргізілді. Сұлтанғазы ауданындағы Нуреттин Узун бастауыш мектебінің тіреу қабырғасы құлады. Сарыер ауданындағы сауда орталықтарынан адамдар эвакуацияланды.

Солтүстік Мәрмара тасжолының Рива бағытына қарай өтетін бөлігінде жер көшкіні болып, көлік қозғалысы бір жолақпен, бақылау арқылы ұйымдастырылды. Ал Шиле тасжолында жиналған судың салдарынан жол апаты болды.

15 қазанда мектептерде сабақ болмайды

Ыстамбұл губернаторлығы қолайсыз ауа райына байланысты 15 қазанда провинциядағы барлық мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарында сабақтар бір күнге тоқтатылғанын хабарлады.

Сонымен қатар мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін жүкті әйелдерге, мүгедектігі бар азаматтарға және ардагерлерге бір күндік демалыс берілді. Бұл жеңілдік белгіленген талаптарға сай келетін әйел қызметкерлерге де қатысты. Бұдан бөлек, 14 қазан сағат 21:00-ден бастап арнайы шешім шыққанға дейін мотоциклдер мен басқа да көліктердің жолға шығуына тыйым салынды.

Губернатор тұрғындарды сақ болуға шақырды

Ыстамбұл губернаторы Давут Гүл нөсер жауын түнде бүкіл провинция аумағында жалғасатынын, ал 15 қазанда әсіресе қаланың Анадолы бөлігінде жауын-шашын күшейетінін ескертті. Ол тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын ұстануға шақырды.
“Жауын-шашын кезінде баршаңызды сақ болуға және қажет шараларды қабылдауға шақырамыз. Қажет болмаса, сыртқа шықпаңыздар, жеке көлікпен жолға шығудан аулақ болыңыздар. Жертөле қабаттарында және су басу қаупі бар жерлерде тұрмаңыздар. Шалшық суға, өзен арналарына және су басқан жерасты өткелдеріне жақындамаңыздар. Жер көшкіні қаупі бар аумақтар мен ондағы ғимараттардан алыс жүріңіздер. Төтенше жағдай туындаса, 112 нөміріне хабарласыңыздар. Ресми хабарламаларды қадағалап отырыңыздар”, – деді губернатор.
Зардаптарды жоюға барлық мүмкіндік жұмылдырылды

Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Ыстамбұлдағы су тасқынына қатысты пікір білдірді. Ол мемлекеттік мекемелер мен тиісті қызметтердің оқиға орнында жұмыс істеп жатқанын айтты.
“Ыстамбұлдағы нөсер мен су тасқынынан зардап шеккен барлық азаматымызға қолдау білдіреміз. Мемлекетіміздің барлық мекемесі мен қызметкерлері оқиға орнында, тұрғындардың жанында. Қауіпті жағдайда қамалып қалған және зардап шеккен азаматтарға көмектесу, олардың жағдайын қалпына келтіру үшін барлық мүмкіндік жұмылдырылды. Алла елімізді және халқымызды түрлі апаттан сақтасын”, – деді Омер Челик.
Ыстамбұлда нөсер жауын жалғасады

Ыстамбұлда 12 сағат ішінде бір шаршы метрге шамамен 100 келі жауын-шашын түскен. Қала әкімінің міндетін атқарушы Нури Аслан желдің екпіні сағатына 75–80 шақырымға дейін жетуі мүмкін екенін ескертті. Оған қоса тұрғындарды жеке көліктің орнына қоғамдық көлікті пайдалануға шақырды. Қазір арнайы қызметтер су тасқынының салдарын жойып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Теміртауда толассыз жауған жаңбырдан соң көшелерді су басқаны туралы жазған едік.

Алматы облысында әкесі мен ұлы ауыл тұрғындарына оқ атты деген күдікке ілінді: Үш адам жараланған
Фото: Видеодан скрин

Алматы облысы Қосөзен ауылында жолдағы жанжалдан кейін әкесі мен ұлы тұрғындарға оқ атты деген күдікпен ұсталды. Куәгерлердің айтуынша, жол үстінде басталған жанжал кейін төбелеске ұласып, күдіктілер үйінен пневматикалық қару алып шыққан. Салдарынан үш адам жарақат алған. Оқиғадан кейін ауыл тұрғындары жиналып, жанжал шығарған отбасының елді мекеннен көшірілуін талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жолдағы жанжал атысқа ұласқан

Қосөзен ауылының тұрғыны Еркебұлан Садықовтың сөзінше, оқиғаға дейін ол көлігімен көшелердің бірінде келе жатқан. Қарсы бағытқа шыққан көлікке жол беру үшін жол жиегіне ығысқан. Алайда артынша әлгі көліктегілер қайта келіп, оған шабуыл жасаған.

“Кеше кешкісін таксиден келе жатып, осы көшемен төмен түсіп бара жатқанмын. Қарсы бетке шығып кеткен көлікке жол беру үшін жол жиегіне шықтым. Содан олар айналып келіп, көліктен түсе сала мені ұра бастады. Әкесі құшақтап ұстап тұрды, ал екі баласы екі жағымнан ұрды. Дабыл басып едім, олар көлігіне отырып, қашып кетті. Арттарынан қуып келгенімде, мені дубинкамен ұрды. Көліктің нөмірі жоқ еді. Жүргізуші де жас бала болды”, – деді ол.

Жанжалдың даусын естіген ауыл тұрғындары оқиға орнына жиналған. Алайда олар жанжалды тоқтатуға әрекеттенген кезде жағдай одан әрі ушығып, тұрғындарға оқ атылған.

Үш адам жарақат алған

Атыс болған жерде көліктердің сынған әйнектері мен қан іздері қалған. Тұрғындардың айтуынша, жанжалға қатысқандардың бірі үйінен пневматикалық қару алып шығып, жиналған адамдарға оқ атқан. Оқ адамдарға да, көліктердің терезелеріне де тиген.

Атыстан кейін полиция үш адамды ұстаған. Оның екеуі – әкесі мен ұлы. Ал үшінші адамды ауыл тұрғындары төбелесті тоқтатуға тырысқан азамат деп сипаттайды. Олардың айтуынша, ол да оқ тиіп жарақат алған.

Фото: Видеодан скрин

Ауыл тұрғындары отбасының көшірілуін талап етті

Оқиғадан кейін келесі күні Қосөзен ауылының тұрғындары қайта жиналды. Олар жанжалға қатысы бар отбасының ауылдан кетуін және оқ атқан адамдардың жауапқа тартылуын талап етті. Сонымен қатар тұрғындар төбелесті тоқтатуға араласқан азаматтың ұсталуына наразылық білдірді.

Ауыл тұрғыны Светлана Денистің айтуынша, бұл отбасының әрекетіне қатысты шағымдар бұған дейін де болған. Оның сөзінше, олар ауыл жастарына қоқан-лоқы көрсетіп, кәмелетке толмаған баланы көлік жүргізуге жіберген.

“Әкімдік, жанайқайымызға құлақ асыңыздар. Өтініш, бұл отбасыға 48 сағат уақыт беріп, ауылдан көшіріп жіберіңіздер. Олар кәмелетке толмаған баланы көлік жүргізуге отырғызып жүр. Ауыл жастарына да қоқан-лоқы көрсетеді. Тұрғындарға оқ атқан әкесі мен баласы қатаң жазаға тартылсын. Ал мен баламның босатылуын талап етемін. Ол тек араша түсуге тырысты, өзі де оқтан жарақат алды. Көлігіне де оқ тиді”, – деді Светлана Денис.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр

Алматы облыстық полиция департаменті аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатқанын хабарлады.

“Қазір қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, әрбір қатысушының әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі”, – делінген хабарламада.

Қосөзен тұрғындары енді ауыл әкімдігіне ұжымдық арыз түсіруді жоспарлап отыр. Олар жанжалға қатысы бар отбасының ауылдан көшірілуін талап етіп, бұл мәселе шешілмейінше елді мекендегі тыныштықтың қалпына келетініне күмән келтіреді.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда кафеде ер адам келушілердің бірінің бетіне оқ атқаны туралы жазған едік.

Алматыда жол ережелерін бұзған видеоларымен танылған блогер Назар Ролланға іздеу жарияланды
Фото: instagram.com/nazarrollan

Алматы көшелерінде жол ережелерін бұзған видеоларымен танылған қазақстандық блогер Назар Ролланға іздеу жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер туралы ақпарат құқық қорғау органдарының іздеу жарияланған адамдарға арналған порталында пайда болған. Ол "Қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдар" бөлімінде орналастырылған.

Фото: qamqor.gov.kz

Порталдағы мәліметке сәйкес, Назар Роллан 1998 жылы 14 қаңтарда туған, қазір 28 жаста. Оған қатысты іздеу ісі бүгін тіркелген. Іздеу жұмыстарын Алматы қаласы полиция департаментінің Алмалы аудандық полиция басқармасы жүргізуде.

Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында блогердің төбелеске қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылғаны туралы ақпарат жариялады.

Козачковтың мәліметінше, Назар Ролланды жауап беруге шақырғанымен, ол полицияға келмеген. Тергеу әрекеттерінен жалтаруына байланысты оған іздеу жарияланған.

Михаил Козачков блогердің шетелге шығып кеткенін, Қазақстан аумағында емес екенін алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін атышулы блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланғаны туралы жазған едік.

ШҚО-да тұрғын үйдегі өрттен әйел мен екі бала қаза тапты
Фото: istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы Бобровка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан әйел мен кәмелетке толмаған екі бала қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға 14 қазан күні таңертең ауылдағы тұрғын үйлердің бірінде болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде үйді толығымен жалын шарпып, ғимараттың шатыры опырылып түскен.

Өрт сөндіру жұмыстары барысында құтқарушылар үйден әйел мен екі баланың мәйітін тапқан.
"Өрт сөндірушілердің күшімен жалпы аумағы 63 шаршы метрді құрайтын өрт толық сөндірілді. Қазір оқиға орнында анықтаушылар мен өрт зертханасының мамандары жұмыс істеп жатыр", — делінген ТЖД хабарламасында.
Қазір өрттің шығу себебі мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қаза тапқан балалардың бірі бір жаста, ал екіншісі үш жаста болған. Ауыл тұрғындарының сөзінше, отбасы ауылға жақында көшіп келген. Өрт болған кезде әйелдің жұбайы жұмыста болған.

Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында тұрғын үйдегі өрттен үш бала қаза тапқаны туралы жазған едік.

2100 жылға қарай Орталық Азия халқының тең жартысын өзбекстандықтар құрайды
Фото: istockphoto.com

2100 жылға қарай Орталық Азия халқының жартысына жуығын өзбекстандықтар құрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

БҰҰ-ның жаңартылған демографиялық болжамына сәйкес, 2100 жылға қарай Орталық Азия халқының саны екі есеге жуық өсіп, 75 миллионнан 149,9 миллион адамға жетеді. Бұл ретте өңір тұрғындарының жартысына жуығы Өзбекстан азаматтары болуы мүмкін.

Қазақстан халқы 33,7 миллион адамға жетуі мүмкін

Сарапшылардың есептеуінше, Қазақстан халқы да алдағы онжылдықтарда тұрақты өседі. Алайда өсім қарқыны өңірдегі кейбір көрші мемлекеттерге қарағанда баяуырақ болады.

Болжам бойынша, 2100 жылға қарай Қазақстан халқы 33,7 миллион адамға жетеді. Бұл 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 75,3%-ға көп.

Ал Қырғызстан халқы ғасыр соңына қарай 11,7 миллион адамға дейін өседі деп болжанып отыр. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 72,4%-дық өсімді білдіреді. Түрікменстан халқы 8,4 миллионға жетіп, 53,2%-ға артады. Ал Тәжікстан халқы екі есеге өсіп, 20,2 миллион адамды құрауы мүмкін.

Өзбекстан халқы 74,4 миллионға жетеді

Орталық Азиядағы халық санының жалпы өсіміне Өзбекстан айтарлықтай үлес қосады деп болжанған.

2020 жылы Өзбекстан тұрғындары өңір халқының 43,9%-ын құраса, 2100 жылға қарай бұл көрсеткіш 49,6%-ға дейін өсуі мүмкін. Ел халқының саны осы кезеңде 33 миллионнан 74,4 миллион адамға дейін артады деп болжанған.

Сарапшылар демографиялық өсімнің ең жоғары қарқыны алдағы онжылдықтарда, атап айтқанда, 2030–2040 жылдарға дейін байқалатынын айтады. Одан кейін халықтың біртіндеп қартаюы мен туу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты өсім баяулай бастайды.

Халық санының өсуі қандай мәселелерге әкелуі мүмкін?

БҰҰ сарапшыларының пікірінше, ұзақ мерзімді демографиялық болжамдар мемлекеттерге экономиканы, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын жоспарлауға мүмкіндік береді. Алайда халық санының екі есеге жуық өсуі жаңа нарықтық мүмкіндіктермен қатар, бірқатар күрделі міндеттерді де туындатуы мүмкін.

Біріншіден, инфрақұрылымға түсетін жүктеме артады. Өзбекстанда халық тығыздығы 2024 жылғы бір шаршы шақырымға шаққанда 85,5 адамнан 2100 жылға қарай 174,8 адамға дейін өсуі ықтимал. Бұл ірі қалаларға және өңірдің су ресурстарына түсетін қысымды күшейтуі мүмкін.

Екіншіден, өмір сүру ұзақтығы артады. Болжамға сәйкес, 2100 жылға қарай Өзбекстандағы орташа өмір сүру ұзақтығы 83 жасқа жетеді. Әйелдер арасында бұл көрсеткіш 85 жас, ал ерлер арасында 81 жас болуы мүмкін.

Үшіншіден, халықтың жас құрылымы өзгереді. Өзбекстан тұрғындарының орташа жасы 2030 жылғы 26,5 жастан 2100 жылға қарай 39 жасқа дейін өсуі ықтимал. Жастар үлесінің азаюы туу көрсеткішінің табиғи төмендеуіне және зейнетақы жүйесіне түсетін жүктеменің біртіндеп артуына әкелуі мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін 2026 жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20,5 миллион адамнан асқаны туралы жазған едік.

Қазақстандық әйел жұмыстан шығарда ресми жалақысын алмай жүргенін білген: Ақыры оны сот арқылы өндіріп алды
Фото: Stan.kz

Қызылорда облысында төленбеген жалақы қарызын өндіру туралы дау медиациялық келісім арқылы шешілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қызылорда облыстық сотының мәліметінше, талап қоюшы әйел серіктестіктен жалақы бойынша берешекті өндіріп беру туралы талаппен сотқа жүгінген.

Әйелдің айтуынша, ол 2022 жылы жұмысқа қабылданып, 2026 жылы өз еркімен жұмыстан кеткен. Жұмысқа орналасқан кезде онымен еңбек шарты жасалған. Құжатқа сәйкес, оның ай сайынғы жалақысы 600 мың теңгені құраған.

Алайда серіктестік жұмыс істеген айлары үшін жалақыны толық төлемеген. Осыған байланысты бұрынғы қызметкер соттан жиналған берешекті өндіріп беруді сұраған.

Істі қарау барысында сот тараптарға дауды татуластыру рәсімдері арқылы реттеу құқығын түсіндірген. Нәтижесінде тараптар өзара келісімге келіп, медиациялық келісімді бекіту туралы өтініш берген.

Келісімнің шарттарына сәйкес, серіктестік бұрынғы қызметкерге 2 миллион теңгеден астап жалақы берешегін төлеуге міндеттелді. Қарызды 12 ай бойы ай сайын 170 мың теңгеден, 2026 жылғы 25 қазаннан бастап өтеу келісілген.

Талап қоюшы келісім шарттарын қабылдап, өз талабынан бас тартқан.

Сот тараптар арасында жасалған медиациялық келісімді бекітіп, іс бойынша сот өндірісін тоқтатты.

Еске салсақ, бұған дейін үш сағат жұмысқа келмегені үшін қызметінен айырылған қазақстандық 2,5 миллион теңге өндіріп алғаны туралы жазған едік.

Ресейлік рэпер NAVAI Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
Фото: instagram.com/navaib

Қазақстанда есірткі контрабандасына қатысы бар деген күдікпен шетелдік әнші Navai ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, 13 қазанда Қазақстанға кіреберістегі "Қордай" өткізу пунктінде полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен бірлесіп, NAVAI лақап атымен танымал шетелдік азаматты ұстаған.

Әнші мінген көлікті тексеру кезінде есірткі заты табылып, тәркіленді.
“Аталған дерек бойынша есірткі заттарының контрабандасына оқталу күдігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”,  – делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін 14 қазанда әншінің Астанада концерті өтуі керек болғаны хабарланған еді. Алайда ұйымдастырушылар техникалық себептерге байланысты іс-шараның тоқтатылғанын немесе белгісіз мерзімге шегерілгенін мәлімдеді.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, әнші 12 қазанда Бішкекте концерт беріп, кейін көлікпен Қазақстанға бет алған. Көлікті әншінің өзі жүргізген.

Шекарадағы тексеру барысында жүргізуші орындығының қалтасынан жасыл түсті зат табылған. Кейін оның "марихуана" екені анықталған.

Көлікте әншімен бірге тағы екі адам болған. Үшеуі де ұсталып, полиция қызметкерлеріне тапсырылған.

Еске салсақ, бұған дейін танымал асаба Сабыржан Түзелбаев есірткі айналымына қатысты күдікпен Шымкентте ұсталғаны туралы жазған едік.

Астанаға ұшып келген жолаушының ұшақта 1,6 миллион теңге ақшасын ұрлап кеткен
Фото: polisia.kz

Астана әуежайында көлік полицейлері ірі көлемде ақша ұрлаған шетелдік күдіктіні ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана әуежайындағы көліктегі полиция басқармасына 41 жастағы елорда тұрғыны арызданған. Ол Чунцин – Бейжің – Астана бағыты бойынша транзиттік рейспен Астанаға ұшып келгеннен кейін өзінің 3600 доллар (1,6 миллион теңге) көлеміндегі ақшасының жоғалғанын байқап, оқиғаның мән-жайын анықтауға көмектесуді сұраған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көлік полицейлері күдіктіні анықтап, ұстады. Күдікті арызданушымен бір рейсте ұшып келген және оның артында отырған шетел азаматы болып шықты.
“Күдікті елорда қонақүйлерінің бірінде ұсталды. Тінту барысында одан түрлі валютадағы ақша қаражаты, оның ішінде ұрланған 3600 АҚШ доллары толық көлемде тәркіленді. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Қазір ол қамауға алынды”, – деді көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұрланған қаражат заңды иесіне толық көлемде қайтарылды.

Көлік полицейлері жолаушыларды әуе сапарлары кезінде жеке заттары мен ақша қаражатына мұқият болуға шақырды.

Еске салсақ, бұған дейін ресейлік әйел Air Astana рейсінде ақшасын ұрлап кеткенін мәлімдеген еді.

Қазақстанда зейнетақы рәсімдеу тәртібі өзгереді
Фото: shutterstock.com

Қазақстанда зейнетақы төлемдерін тағайындау және жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақыны рәсімдеу тәртібі өзгереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тиісті бұйрыққа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқар Ертаев қол қойды. Өзгерістер жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақыны рәсімдеу тәртібіне қатысты.

Жаңа ережеге сәйкес, енді зейнетақыны бір өтінішпен рәсімдеуге болады. Зейнет жасына жеткен азаматтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақтарын, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақыны бір өтініш арқылы рәсімдей алады. Бұл тәртіп композиттік қызмет деп аталады.

Жаңа тәртіп бойынша құжаттардан қате немесе сәйкессіздік анықталған жағдайда, өтініш берушілерге қателерді түзетуге уақыт беріледі. Өтініш пен құжаттарды тексеру кезінде қате, дәлсіздік немесе белгіленген талаптарға сәйкессіздік анықталса, құжаттар цифрлық күту парағы арқылы қабылдануы мүмкін. Бұл ретте өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетудің уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлама беріледі.

Қателерді түзетуге мынадай мерзімдер қарастырылған:

жасына байланысты зейнетақыны тағайындау үшін – 10 жұмыс күніне дейін;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін – 8 жұмыс күніне дейін.

Бұл кезең өтінішті қараудың жалпы мерзіміне қосылмайды.

Егер азамат көрсетілген уақыт ішінде кемшіліктерді түзетсе, құжаттар бастапқы өтініш берілген күні қабылданған болып есептеледі. Қателер жойылғаннан кейін өтінішті қарау қайта жалғасады.

Ал белгіленген мерзімде түзетулер енгізілмесе, құжаттарды қабылдаудан бас тартылуы мүмкін.

Жаңа қағидаларда өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болатын жағдайлар да көрсетілген. Олардың қатарында:

құжаттардың толық тапсырылмауы;

қажетті құжаттардың жарамдылық мерзімінің аяқталуы;

жеке деректердің сәйкес келмеуі;

зейнетақы тағайындауға құқығының болмауы бар.

Сондай-ақ төлемдерді рәсімдеу үшін қажет, қолжетімділігі шектелген дербес деректерге қол жеткізуге келісім берілмесе де, өтінішті қабылдаудан бас тартылуы мүмкін.

Зейнетақы төлемдерін тағайындауға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері өзгеріссіз қалады: жасына байланысты зейнетақы – 10 жұмыс күні, ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 8 жұмыс күні.

Уәкілетті орган іс материалдарының электрондық макеті келіп түскеннен кейін шешім қабылдайды. Құжаттарды қарауға жасына байланысты зейнетақы үшін 5 жұмыс күні, ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі үшін 4 жұмыс күні беріледі.

Жерлеу жәрдемақысын рәсімдеу тәртібі де өзгереді

Республикалық бюджет есебінен төленетін жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақыны тағайындау қағидалары да жаңартылады.

Азаматтар жәрдемақы алу үшін мемлекеттік корпорацияға, электрондық үкімет порталына немесе ұялы телефон арқылы проактивті қызметке жүгіне алады.

Құжаттарда қате анықталса немесе қажетті құжаттар толық тапсырылмаса, өтініш берушіге кемшіліктерді түзетуге уақыт беріледі. Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш бергендерге 3 жұмыс күніне дейін, ал электрондық үкімет порталы арқылы жүгінгендерге 1 жұмыс күніне дейін мерзім қарастырылған.

Жәрдемақы тағайындау кезінде мұқтаждық қағидатына сәйкестік те ескеріледі. Өтініш берушінің әлеуметтік жағдайын бағалау үшін отбасының цифрлық картасындағы деректер пайдаланылады.

Еске салсақ, бұған дейін 2026 жылдың 16 қазанынан бастап Қазақстанда зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартына өзгерістер енгізілгені туралы жазған едік.

Қазақстанда ең жоғары жалақы төленетін мамандықтар аталды
Фото: istockphoto.com/Nurlan Tastanbekov

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда ең жоғары жалақы төленетін мамандықтар тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының жыл сайынғы іріктемелі зерттеу қорытындысы бойынша, Қазақстанда айына 300 мың теңгеден жоғары жалақы алатын қызметкерлердің үлесі артқан.

Сәуір айында жүргізілген зерттеуде қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйақылар, салықтар және зейнетақы аударымдары ескерілген. Зерттеу нәтижесі бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардағы қызметкерлердің жалпы саны 3,3 миллионнан асқан. Оның ішінде ерлердің үлесі – 48,1% (1,6 миллион адам), ал әйелдер – 51,9% (1,7 миллион адам) құрады.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, биыл 300 мың теңгеден жоғары жалақы алатын қызметкерлердің үлесі 53,7%-дан 58,4%-ға дейін өскен. Ал 100 мың теңгеге дейін жалақы алатындардың үлесі 3,3%-дан 2,3%-ға дейін төмендеді. Айына 100–300 мың теңге табатын қызметкерлердің үлесі де 43%-дан 39,3%-ға азайған.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, орташа айлық атаулы жалақы кәсіптердің тоғыз ірілендірілген тобының барлығында өскен.

2025 жылмен салыстырғанда ең жоғары өсім өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да сабақтас салалардағы жұмысшылар арасында тіркелген. Олардың жалақысы 13,1%-ға артқан. Өндірістік жабдық операторларының, құрастырушылар мен жүргізушілердің жалақысы 10,4%-ға өскен.

Жалпы, өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларын қоса алғанда, барлық кәсіп бойынша атаулы жалақының оң динамикасы байқалған.

2026 жылы жекелеген кәсіптер мен лауазымдар бойынша есептелген орташа айлық жалақы мынадай болды:

Ұйым басшылары – 1,1 миллион теңге;

инженерлер – 702 мың теңге;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженерлер – 645 мың теңге;

инженер-технологтер – 617 мың теңге;

инженер-энергетиктер – 615 мың теңге;

дәрігерлер – 491,4 мың теңге;

бухгалтерлер – 398,6 мың теңге;

фармацевтер – 347,7 мың теңге;

автокөлік жүргізушілері – 328,1 мың теңге;

техниктер – 314,7 мың теңге;

фельдшерлер – 313,6 мың теңге;

медбикелер – 264,6 мың теңге;

аспаздар – 192,6 мың теңге;

күзетшілер – 174,2 мың теңге.

Айта кетейік, орташа айлық атаулы жалақы барлық есептелген жалақы сомасын қызметкерлер санына бөлу арқылы анықталады.

Қазақстанда қонақүй мен мейрамхана саласындағы бас директорлар айына орта есеппен 4 миллион теңге алады. Бұл саладағы орташа жалақыдан 7,7 есе көп.

Тау-кен өнеркәсібінде бас директорлардың орташа жалақысы 3,3 миллион теңгені құрайды. Мұнай компанияларының басшылары 4,87 миллион, ал металл өндіретін кәсіпорындардың жетекшілері 3,4 миллион теңге алады.

Өңдеу өнеркәсібінде бас директорлардың орташа табысы 2,6 миллион теңге болса, көтерме және бөлшек саудада бұл көрсеткіш 2,4 миллион теңгеге жетеді. Құрылыс саласындағы басшылардың жалақысы 1,9–2,5 миллион теңге аралығында.

Ең жоғары табыстардың бірі қаржы саласында тіркелген. Қаржылық делдалдық ұйымдардың бас директорлары орта есеппен 8,2 миллион, ал басқарма төрағалары 9,8 миллион теңге алады. Бұл қызметтегі әйелдердің жалақысы 12,5 миллион теңгеге дейін жетеді.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы қашан көтерілетіні айтылған еді.

"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Фото: library.nu.edu.kz

Scopus журналында мақала жариялау үшін 2 миллион теңге сұрау, базадан шығып қалған басылымдар және диплом алу жолындағы миллиардтаған шығын. Бұл – бүгінгі қазақстандық докторантурада жиі кездесетін жайт.Қазақстанда ғылыми жарияланымдарға қойылатын қатаң талаптар ғылым сапасын арттыра ма, әлде докторанттарды әуре-сарсаңға сала ма? Бұл туралы Stan.kz тілшісі зерттеп көрді.

Статистика не дейді: қорғау көрсеткіші неге төмен?

Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда, ал жыл сайын олардың қатарын 4 000-ға жуық жаңа магистрант толықтырады. Алайда осы қаншама еңбек пен мемлекеттік гранттың қайтарымы көңіл көншітпейді.

Статистикаға сәйкес, оқуға түскен докторанттардың тек 30–40%-ы ғана 3 жылдық оқу мерзімі ішінде немесе оны бітіргеннен кейінгі алғашқы жылдары диссертациясын сәтті қорғай алады. Ал қалған 60–70%-ы жылдар бойы қорғай алмай жүр немесе ғылыми дәрежесіз оқуды аяқтауға мәжбүр.

Отандық ғылымдағы бұл тығырықтың ең басты себебі — Scopus және Web of Science сияқты халықаралық рецензияланатын журналдарда мақала жариялаудың тым күрделілігі мен бюрократиясы.

"Бір жарым жыл уақытым бір мақаланың соңында далаға кетті"

Әлеуметтік желіде өз ренішін білдірген докторанттардың бірі гуманитарлық бағыт бойынша халықаралық басылымдарда мақала шығарудың машақаты туралы айтты.
"Докторанттарға Scopus-ты міндеттеген соң, мемлекет жүйені де, оның ережелерін де қайта қарауы керек. Өйткені гуманитарлық бағытта Scopus журналына мақала шығару тікелей ақша мен танысқа тіреліп тұр. Мен, мысалы, өз мақаламды Тува журналына жолдадым. Зерттеуді жазып, оны академиялық орыс тіліне аудардым. Ғылыми жетекшім екеуміз мәтінді 7-8 ай бойы түзеп, күзедік.  10 ай еңбектеніп, екі бірдей рецензенттің сынынан зорға өттім. Енді шығады деп отырғанда: "Мақалаңыз журналдың тақырыптық бағытына сай келмейді" деген жауаппен қабылдамады. Бір жарым жылдай уақытым бір ғана мақаланың соңында далаға кетті, қатты өкінемін. Енді бұл мақаланы Тувадан басқа жерге қайта жіберуге де келмейді. Өйткені арнайы осы журналға арнап жазған едім", — деді ол.
Тағы бір докторанттың айтуынша, оның қатарластарының кейбірі арнайы компанияларға жүгініп, кемінде 1,5 миллион теңге төлеп, мақалаларын бір жыл ішінде жариялаған.

"Қатарластарымның арнайы компанияларға жүгініп, кемінде 1,5 миллион теңге төлеу арқылы мақаласын 1 жылдың ішінде шығарып алғанын көріп жүрмін. Оларды қызғанып тұрған жоқпын, бірақ бұл — ғылымдағы әділетсіздік. Мен де scopus шығаратындардан сұрастырып көрсем, 1-1,5 жыл аралығында 1,5 миллионға шығарамыз деп жатыр. Ал одан ерте шығаруды қаласам, 2,5 миллионның үстінде төлеуім керек екен. Мен әуелі Scopus-қа мақала жазуды өзім үйрендім, жаздым, жолдадым. Соңында белгісіз себептермен қабылданбады деген жауап келгенде жетекшім екеуміз аң-таң болдық. Өйткені жетекшім бұл мақаланың сапасын орташадан жоғары деп бағалаған еді. Мақала сапалы болса да, бір кішкентай техникалық қателік үшін қабылдаудан бастартуы — әділетсіздік. Кафедрадағы оқытушылардан "өзім шығара алам ба?" деп сұрасаң, "қиын ғой" деген қысқа жауаппен құтылады. Сонда біздегі ғылымның сиқы осы ма?", — деді жас ғалым.

Тағы бір желі қолданушысы бұл жүйенің артында қаржылық мүдде тұрғандай әсер қалдыратынын ашына айтты.

"Бұларға ұлттық ғылым маңызды емес. Скопус базасымен бөлісетін бірдеңесі бар сияқты", — деді желі қолданушысы.

Ал енді бір пікір білдіруші мұндай қатаң талаптың тек біздің елге ғана тән екенін және өзге мемлекеттердің ғылыми саясаты мүлдем өзгеше екенін алға тартты.

"Скопусты қатаң талаппен Қазақстанда ғана сұрайды. Ал басқа елдер шетелдік базаға байланбай, керісінше өздерінің отандық журналдарының мәртебесін көтеруге еңбектеніп жүр", — деді.

Енді бір қолданушы оқуды бітіргенге дейінгі кезеңде кететін орасан зор шығынды меңзеп:

"Көріп жүрміз ғой, оқып бітіргендерден. Докторантураны бітіргенше 7-8 миллион теңге ақша кетеді", — деді.

Докторанттарға қандай жарияланым талаптары қойылады?

Қазақстанда докторлық дәреже алу үшін диссертация қорғаумен қатар ғылыми жарияланымдарға қатысты талаптарды да орындау қажет. Бұл талаптар Ғылым және жоғары білім министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларында көрсетілген. Нақты талап докторанттың ғылыми бағытына және қолданыстағы нормаларға байланысты белгіленеді.

Қағидаларда халықаралық рецензияланатын журналдарда мақала жариялау қарастырылған. Атап айтқанда, Scopus базасындағы CiteScore процентилі кемінде 25 болатын журналда немесе Web of Science Core Collection жүйесіндегі тиісті басылымда мақала жариялау нұсқаларының бірі ретінде көрсетілген. Сонымен қатар,  ҒЖБССҚК тізіміндегі журналдарда кепілдік берілген 3 мақала жариялау және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарына материалдар шығару сияқты балама талаптар бар.

Жарияланым талаптарының мақсаты — докторанттың зерттеу нәтижелерін ғылыми ортаға ұсынуы, халықаралық ғылыми стандарттармен жұмыс істеуі және зерттеуін кең аудиторияға танытуы.

Алайда талапты орындаудың өзі де оңай емес. Докторант тақырыбына сәйкес журнал таңдап, зерттеуін басылымның талаптарына сай әзірлеп, рецензиялау үдерісінен өтуі керек. Бұл жұмыс уақытты, ғылыми дайындықты және кей жағдайда қаржыны талап етеді.

Сондықтан ғылыми жарияланымға қойылатын талапты бағалағанда оның мақсатын ғана емес, докторанттардың оны орындауға қолжетімді мүмкіндіктерін де ескеру қажет. Егер жарияланым міндетті шартқа айналып, оның орындалуы автордың қаржылық жағдайына тәуелді болып қалса, талаптың тиімділігі туралы сұрақ туындайды.

Шетелде де докторанттардан Scopus талап етіле ме?

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, шетелдік жоғары оқу орындарында ғылыми жарияланым талабы болғанымен, Scopus базасы барлығына бірдей міндетті шарт емес.

Мәселен, Польша, Германия және Ұлыбританияда (Оксфорд) ғылыми басылымдардан өзге халықаралық конференция материалдары, монография тараулары немесе сапалы зерттеулер жинағы есепке алынады. Ал Норвегияда (Осло) мақала жарияламай-ақ, монография жазу арқылы қорғауға мүмкіндік бар. Түркия сияқты елдерде (Ыстамбұл Атлас ун-ті) шетелдік базалармен қатар өздерінің ұлттық TR Dizin базасындағы журналдарына басымдық беріледі.

Яғни, дамыған елдерде басты назар жарияланым саны мен Scopus сияқты коммерциялық базаларға емес, ғылыми жұмыстың мазмұны мен ЖОО-ның ішкі сапа стандарттарына аударылады.

"Талапты орындаудың соңы формализмге ұласты"

PhD Асылтай Тасболаттың пікірінше, ғылыми жарияланымдарға қойылатын талаптар докторанттың шынайы зерттеу нәтижесін көрсетуі керек. Ал мақала тек диплом алу немесе есеп беру үшін жарияланса, оның ғылымға қосатын үлесі күмәнді болады.

"Scopus-та мақала жариялау мәселесі докторанттың тақырыбымен байланысты болса әрі жетекшісі екеуі ашқан ғылыми жаңалыққа негізделсе, нәтиже берер еді деп санаймын. Мамандық шифры сәйкес келсе болды, біреуі ақшасын төлеп, біреуі мақала жазып, енді бірі жетекшінің немесе беделді адамның атын қосып, жарияланымға ілесіп алатын мақалалар этикадан жұрдай деп есептеймін. Мұны реттеудің механизмі жоқ. Талап болғасын соны қалай да орындаудың соңы формализм мен науқаншылдыққа ұласты", — деді ол.

Ғалымның айтуынша, қазір академиялық ортада белгілі бір мамандық бойынша Scopus-қа мақала жариялау ұсыныстары мен бағалары ашық жазылатын жағдайлар кездеседі.

"Қазір академиялық ортаның кез келген WhatsApp тобында қосыламын деушілер болса, мына мамандық бойынша Scopus-қа мақала жарияланғалы жатыр, бағасы мынандай дегенді ашық жаза беретін болған. Мұндай формализмнен гөрі, әр PhD, доцент пен профессордың жеке монографиясының болуы, оған ғылыми ортаның баға бергені жөн болар еді", — деді Асылтай Тасболат.

Ол осы жағдайды түсіндіру үшін әзілге құрылған бір оқиғаны да мысалға келтірді. Оның айтуынша, мақала жазған докторантқа жетекшісі қосылып, кейін кафедра мен деканат өкілдері де авторлар құрамына кірген. Ақырында, редакция талабына байланысты мақалада төрт адамның аты қалып, зерттеуді жазған докторанттың өзі авторлар қатарынан шығарылып қалған.

Бұл — ғалым келтірген әзілден құралған мысал. Дегенмен ол авторлық үлес, академиялық адалдық және ғылыми еңбекті бағалау мәселелеріне назар аудартады.

"Scopus пен Web of Science бізге мұқтаж емес, біз оларға мұқтажбыз"

Ғалым Талғат Жолдасұлы жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы журналдардың саны мен мүмкіндіктері әртүрлі екенін айтып, екі салаға бірдей талап қоюдың әділетсіздігіне тоқталды.

"Ең үлкен мәселе — Scopus базасындағы Q1, Q2 деңгейіндегі журналдарға қатысты қатаң талаптар. Өйткені жаратылыстану бағытында журнал өте көп болғанымен, гуманитарлық салада басылымдар аз. Сондықтан бұл екі түрлі бағытқа бірдей талап қоюға мүлде болмайды", — деді ол.

Сонымен бірге, ғалым докторанттарға жүктелетін мақалалардың шектен тыс көптігіне назар аударып, басты назарды санға емес, сапаға аудару қажеттігін жеткізді.

"Бізде 3 ККСОН, 1 Scopus мақаласын шығару керек деген міндетті талап бар. Ал дамыған шетелдік жоғары оқу орындарында мұндай сан қуалаушылық жоқ. Біздегі талаптардың процентилі тым жоғары. Мойындау керек, оны тіпті жетекшілердің өзі жаза алмай жатады. Сондықтан мақала санына емес, мазмұны мен сапасына мән беретін уақыт жетті", — деді ол.

Scopus сатыла ма?

Stan.kz редакциясы ғылыми мақаланы жазып, жариялауға көмектесетінін мәлімдеген қазақстандық компаниялардың біріне хабарласып, мұндай қызметтің бар-жоғын, бағасын және жариялау мерзімін анықтап көрді.

Компания өкілі не деді?

Редакция хабарласқан компания өкілі ғылыми мақала жазу және оны Scopus базасына кіретін журналда жариялауға көмектесу қызметтерін ұсынатынын айтты. Компания өкілі алдымен зерттеушінің ғылыми бағыты мен мақаланың түрін, сондай-ақ жарияланатын журналдың квартилін нақтылады. Редакция журналдың бірінші квартиліне (Q1) мақала жариялауға қызығушылық танытқанын жеткізді.

Компания өкілінің айтуынша, ғылыми мақаланы жазу қызметі 1000 АҚШ долларын құрайды (451 340 теңге). Ал мақаланы Q1 санатындағы журналда жариялаудың қызмет құны 1700 АҚШ долларына (766 700 теңгеге) дейін жетеді. Қоса есептегенде 2700 доллар (1 217 700 теңге) шығады.

Компания өкілі мақаланы жазуға бір-екі ай қажет екенін, ал жариялау мерзімі журналдың жұмысына байланысты 10–15 ай аралығында болуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, нақты мерзімді алдын ала белгілеу мүмкін емес, өйткені ол журналдың мақаланы қабылдауына байланысты.

Сонымен қатар компания өкілі тапсырыс берушімен келісімшарт арқылы жұмыс істейтіндерін мәлімдеді.

"Екі жарым жылдан бері бір мақала шықпады"

Тағы бір компанияға жүгінген әлеуметтік желі қолданушысы ғылыми мақаласын жариялау үшін компанияға жүгінгенін айтады. Ол компанияға докторантурада оқып жүрген кезінде өтініш білдірген. Алайда мақаланың жарық көруі созылып кетіп, көздеген нәтижеге қол жеткізе алмады.

"Мен докторантура оқып жүріп, екінші бөпемді босанып отырып қалып, осы компанияға жүгінген едім. Екі жарым жылдан бері әлі бір мақала шығармады. Шығарғанының өзі Scopus-тан түсіп қалып, қайта екінші мақала жазды. Не ол мақаладан хат-хабар жоқ. Не істерімді білмеймін, талай сөзге келдік. Докторантура аяқтадым, Scopus жоқ, қорғай алмай отырмын", – деп жазды ол.

Докторанттың айтуынша, алғашқы мақала басқа санаттағы журналға қателесіп жіберілген. Кейін журнал Scopus базасынан шығып қалғандықтан, мақала индекстелмей, жарамсыз болған. Осыдан кейін компания мақала авторына жаңадан мақала дайындап беретінін айтқан.

"Топтағы 3 қыз осы компанияға сеніп қалған едік. Бірінші бізге ескертпей басқа физика категориясына шығарып жіберген, ол журнал кейін Scopus-тан түсіп қалып, индексация болмай жатып, сонымен жарамсыз болды да, қайта жазып береміз деді. Сонымен жүрміз енді. Журналдарға жолдап қойған, не рецензия жоқ, не басқа жоқ, күтіп жүрміз", – деп түсіндірді докторант.

Желі қолданушысы компаниямен жасалған келісімшарттың талаптарына да күмән келтірген. Оның пікірінше, құжатта компанияның мүддесі басым көрсетілген. Сондай-ақ ол мұндай жағдайда сотқа жүгіну мүмкіндігін қарастырып отырғанын аңғартқан.

"Келісімшарттарын оқысам, тек өздерінің мүддесін қорғайтын дүниелерді жазыпты. Сотқа жүгінсем, қалай болатынын тағы білмеймін", — деп түйіндеді сөзін.

Scopus талабы ғалымның қабілетін анықтай ма? Ғылым министрлігінің ұстанымы

Қазақстандық ғылыми ортада докторанттарға Scopus және Web of Science халықаралық базаларында мақала жариялауды міндеттеу мәселесі қызу талқылануда. Бір тарап бұл талапты отандық ғылымды әлемдік деңгейге шығаратын жалғыз сүзгі десе, екінші тарап оны зерттеушінің шынайы қабілетін анықтамайтын, керісінше коммерциялану мен бюрократияға жол ашатын жасанды бөгет ретінде көреді.

Осы орайда, Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми позициясы мен саладағы негізгі уәждер сарапқа салынды.

Министрліктің ұстанымы: "Халықаралық стандарттан бас тартуға болмайды"

Ғылым және жоғары білім министрлігі (соның ішінде Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті — КОКСНВО) бұл талапты алып тастауға немесе одан мүлде бас тартуға болмайды деген ұстанымда. Министрліктің негізгі уәждері төмендегідей:

Әлемдік интеграция және бәсекеге қабілеттілік: Mинистрлік өкілдерінің пікірінше, Scopus пен Web of Science — жаһандық ғылыми қоғамдастықтың мойындаған бағалау құралы. Егер отандық ғалымдар бұл базаларға шықпаса, Қазақстан ғылымы тұйықталып, әлемдік даму көшінен артта қалады.

Сапаны бақылау және "халтураның" алдын алу: Тәуелсіз халықаралық рецензенттердің сүзгісі болмаса, ішкі диссертациялық кеңестер мен отандық журналдарда академизмнен ажыраған, сапасыз, көшірілген (плагиат) еңбектердің көбейіп кету қаупі жоғары.

Икемді нормативтер енгізу: Ресми мекеме сындарға жауап ретінде соңғы жылдары корғайтын докторанттар үшін балама жолдарды қарастырғанын алға тартады. Соның ішінде Q1-Q2 процентилі жоғары журналдарда жалғыз мақаласы бар докторанттарға жеңілдіктер беру немесе монография тараулары мен патенттерді есепке алу сияқты икемділіктер ұсынылған.

Ғылым және жоғары білім министрлігі Scopus талабын "ғалымның біліктілігін әлемдік деңгейде айқындайтын негізгі сапалық индикатор" ретінде қорғайды. Дегенмен, сарапшылар мен ғылыми орта бұл жүйе коммерциялық бөгетке айналып кетпеуі үшін, оны сан қуалаушылықтан арылтып, әр ғылым саласының (әсіресе гуманитарлық бағыттың) ерекшелігін ескеретін әділ тетіктерге көшіру қажеттігін баса айтуда.

"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына санаулы күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Фото: Марқұмның жақындарынан

Атбасардадағы түзеу мекемесінде өзінің жазасын өтеп жатқан Ержұман есімді ер азамат бостандыққа шығуына санаулы күндер қалғанда өз-өзіне қол жұмсап қаза тапты. Марқұмның қарындасы осы оқиға бойынша әлеуметтік желіге әділдік талап етіп, бейнеролик жариялады. Stan.kz тілшісі ер адамның қарындасына хабарласып, мәселенің мән-жайын білді.

Қарындасының сөзінше, Ержұман қазан айының соңына қарай бостандыққа шығатын болған. Алайда 9 қазан күні өз-өзіне қол жұмсап, қаза тапқан.

“Анамның WhatsApp месенджеріне түзеу мекемесінің өкілі қаза болғаны туралы хат жазып жіберіпті. Кейін сол түзеу мекемесінің кезекшілеріне хабарласып мән-жайды сұрасам, дүйсенбі күні хабарласуымды сұрады. Ал ағамның қаза болғаны жайлы айтып бастап келе жатқанда, телефонды қоя салды”, – деді Ержұманның қарындасы.

Фото: Марқұмның жақындарынан

Осы жағдайдан кейін бірден Ержұманның ағалары Астанаға жол тартып, оның денесін алып келген. Денесінде “Бұған кінәлі басшылық” деген жазу болған. Қарындасының сөзінше, жазуды ол өзі жазуы мүмкін.

“Естуімше, ағамды еден жууға мәжбүрлеген. Ол жерде 20-25 шақты жазасын өтеп жатқандар бар. Ағам еденді жуудан бас тартып, оған басқа жұмыс беруін өтінген. Заң бойынша ағам ол жерді жууға міндетті емес. Ол жерде жұмыс істейтітін белгілі адамдары болады екен. Алайда оны уақытша ұстау изоляторына 1 күнге қамап тастаған. Сол жерде ол 10-15 минут ішінде өзінің сырт киімін шешіп, асылып қалған болып тұр”, – деді Ержұманның ағасы.

Ержұманның қарындасының сөзінше, марқұмның денесінің кей жерлері мен басы тігілген. Марқұмның отбасы бостандыққа шығуына санаулы күндер қалғанда, оның өз-өзіне қол жұмсауына сенбейді.

“Ағам әскерге барып келген соң шаштаразбен айналысты. Кейін Астанаға барып ойын-сауық орындарында балмұздақ, түрлі тәттілер сатып, өзінің бизнесін ашқан болатын. Сол жұмысын істеп жүргенде, жанындағы бір кісімен ерегісіп қалған еді. Ол адам бизнесті алдап тартып алған”, – деді Ержұманның қарындасы.

Ержұманның қарындасының сөзінше, ағасы кәсібін сол адаммен бірге ашқан. Жанжалдан кейін серіктесі оны көлікке апарып, сөйлесуге шақырған. Ержұман бизнесін тартып алғаны үшін тағы да үстіне 500 мың теңге ақша төлеуін ұсынған, алайда серіктесі бас тартқан. Ашу үстінде ол көліктің ішінде отырып, серіктесінің ішіне қайшы сұғып алған. Осы жағдайдан кейін айтқанының барлығын істеймін деп уәде берген. Алайда көліктен шыққан соң бірден полиция қызметкерлеріне барып, мән-жайды басқаша түсіндірген. Оқиға болған жерде полиция департаментінің мекемесі жақын болған еді.

“Көліктен шығып, қолын көтеріп, “мені ұстаңдар, пышақты сұққан мен” деп кінәсін бірден мойындаған. Сот кезінде де өз кінәсін мойындап, 3 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Міне, биыл ол бостандыққа шығу керек болған”, – деп сөзін қорытындылады қарындасы.

Қазір марқұмның жақындары әділ тергеу болғанын қалайды. Редакция Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен пікір сұраған болатын, әзірге ешқандай жауап жоқ.

Еске сала кетейік, Қарағандыда 500-ден астам адамның сеніміне кірді деп айыпталған кәсіпкер әйелге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы сұралды. Ол Қытайдан тауарларды арзан бағамен жеткізіп беруге уәде берген. Алайда азаматтар оған сеніп, жалпы сомасы бір миллиард теңгеге жуық ақша аударған.

Қазақстанға кіру қиындайды: Жаңа ережелер 2027 жылы күшіне енеді
Фото: pexels.com

Қазақстанға келетін шетелдіктер елге кірмес бұрын электронды рұқсат рәсімдеуі керек. Жаңа талап 2027 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Құжатсыз келген азаматтарды елге кіргізбеуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Электронды рұқсатты қайдана алады?

Электронды рұқсатты арнайы цифрлық платформа арқылы тегін рәсімдеуге болады. Ол үшін шетел азаматы Қазақстанға келетін күнге дейін кемінде 72 сағат бұрын өтініш беріп, жеке басын сәйкестендіру рәсімінен өтуі керек.

Рұқсатты ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін ішкі істер органдары береді. Құжаттың жарамдылық мерзімі – 180 күнтізбелік күн.

Шекара қызметінің мамандары рұқсаттың бар-жоғын "Бүркіт" бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы тексереді. Паспорттық бақылау кезінде шетелдік өтініш бергенде көрсеткен жарамды төлқұжатын немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатын ұсынуы қажет.

Электронды рұқсат жүйесі кезең-кезеңімен іске қосылады:

2026 жылғы 1 қарашадан бастап – Ақтау халықаралық әуежайында және Павлодар облысындағы "Үрлітөбе", Жамбыл облысындағы "Аухатты", Түркістан облысындағы "Атамекен" және Жетісу облысындағы "Нұрлы жол" автомобиль өткізу бекеттерінде;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – Астана мен Алматы халықаралық әуежайларында;

2027 жылғы 1 наурыздан бастап – мемлекеттік шекарадағы қалған өткізу бекеттерінде;

2027 жылғы 1 шілдеден бастап – электронды рұқсат барлық тиісті шетел азаматтары үшін міндетті болады.

2027 жылғы 1 шілдеге дейін жүйе енгізілген бекеттерде рұқсаттың болмауы өздігінен елге кіргізбеуге негіз болмайды. Бұл кезеңде шетел азаматтарына құжатты рәсімдеу қажеттігі түсіндіріледі.

Қандай елдердің азаматтары рұқсат алуы керек?

Жаңа талап АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Аустралия, Жапония, Үндістан, Иран және Түркия азаматтарына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Қазақстанмен визасыз сапарлар туралы келісімі бар басқа мемлекеттердің азаматтарына қатысты болады.

Алайда қаулыда электронды рұқсат алудан босатылатын санаттар да қарастырылған. Олардың қатарында Қазақстанның жарамды визасы, уақытша тұруға рұқсаты немесе ықтиярхаты бар шетелдіктер бар. Сондай-ақ 16 жасқа толмаған балалар мен 65 жастан асқан адамдарға бұл талап қолданылмайды.

Бұдан бөлек, дипломаттар, ресми делегация мүшелері, мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттары, әуе, теңіз және өзен кемелерінің экипаждары, пойыз бригадалары, халықаралық жүк көліктері мен автобустардың жүргізушілері де рұқсат алудан босатылады. Мемлекеттік шекараны кесіп өтпейтін транзиттік жолаушыларға және қаулыда көрсетілген басқа да санаттарға қатысты ерекшеліктер бар.

Қаулыда шетел азаматтарының ел аумағында болу мерзімдері де нақтыланған.

Визасыз келген шетелдіктер Қазақстанда шекарадан өткен күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін бола алады. Бұл ретте кез келген 180 күндік кезеңдегі жалпы мерзім 90 күннен аспауға тиіс. Халықаралық келісімдерде өзгеше тәртіп белгіленсе, сол талаптар қолданылады.

ЕАЭО елдерінің азаматтары Қазақстанда шекарадан өткен күннен бастап 90 күнтізбелік күнге дейін бола алады. Олардың да кез келген 180 күндік кезеңдегі жалпы болу мерзімі 90 күннен аспауы керек.

Шетелдіктер Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алмайды. Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган берген қажетті құжаттар болуы қажет.

Сонымен қатар шетел азаматын қабылдайтын тарап оның келгені туралы ішкі істер органдарына үш жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті. Егер шетелдік уақытша тұратын мекенжайын өзгертсе, бұл туралы да үш жұмыс күні ішінде хабарлау қажет.

Бұған дейін вице-премьер-министр, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көші-қон заңнамасының орындалуы күшейтілетінін, ал ережені бұзғаны үшін мигранттарға да, жұмыс берушілерге де жауапкершілік қарастырылатынын айтты.

Алматы неге кептелістен көз ашпайды? Урбанист басты себептерді атады
Фото: 2GIS

Қазақстанның ірі мегаполистерінің бірі, Алматы қаласында кептеліс мәселесі өте ауқымды. Облыстағы ауыл-аймақтан бастап, қаланың ішіне дейін көлік кептелісі болады. Қаланың үлкен көшелерінде кептеліс тіпті киллометрлеп созылып жатыр. Жалпы қала не үшін “бітеліп” жатады? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы тұрғындары қаладағы көлік кептелісіне наразылық білдіріп, жолдағы қозғалыстың күннің әр уақытында қиындап кеткеніне шағымдануда. Әлеуметтік желіде жарияланған жазбаларда таңғы қарбалас уақытпен қатар, сағат 11:00, 14:00 және 16:00 шамасында да жолдарда кептеліс болатыны айтылған. Тұрғындардың бірі Алматыдағы кептелістің қашан аяқталатынын сұрап, жолдағы жағдайға байланысты тіпті баратын жеріне жетуге деген ынтасы жоғалатынын жазған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Тағы бір жазба авторының айтуынша, қала сыртындағы, соның ішінде Апорт сауда орталығынан Қаскелеңге дейінгі аралықта жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның сөзінше, кейбір учаскелерде асфальт алынып, жолды кеңейту жұмыстары басталған. Соның салдарынан көлік қозғалысы қиындап, жүргізушілердің жолда ұзақ уақыт тұруына тура келеді. Желі қолданушысы жолдағы жағдай жүргізушілерден сабыр сақтап, бір-біріне түсіністік танытуды талап ететінін атап өткен. Қала тұрғындары күнделікті қатынау кезінде уақыт жоғалтып, кептелістің қашан жеңілдейтінін білмей қиналғанын жазды.

Редакциямызға урбанист Марат Балегереев сұхбат берді. Оның сөзінше, Алматыдағы кептелістің ең негізгі себебі – қаланың тартымды болуы. Яғни қала өсіп, халықтың әлеуеті де артып келеді.

Ала жаздай “бітелген” Төле би даңғылы

Урбанист Төле би даңғылында тығырыққа тірелген көлік кептелісіне де тоқтала кетті. Сөзінше, кез келген құрылыс тұрғындардың қозғалысына қолайсыздық туғызады.

“Қазақстанда отандық құрылыс саласын қалыптастыру процесі жүріп жатыр, бұл жобалаушылар, құрылысшылар, коммуналдық қалалық қызметтер, қаржыландыратын ұйымдар сияқты барлық серіктестердің үйлесімді жұмысын талап етеді. Мұндай ауқымды жұмыстар алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Сондықтан жүргізушілер тарапынан түсіністік маңызды фактор болады. Шыдамдылық және ақпараттық қамтамасыз ету, айналма бағыттар бойынша жол қозғалысын ұйымдастыру”, – деді урбанист Марат Балгереев.

Фото: Бейнероликтен үзінді

Мұқым халық білетіндей, қазір Алматы қаласының Төле би даңғылында LRT салынып жатыр. "Алматыбасжоспар" ғылыми-зерттеу институтының директоры Асхат Сәдуов жаңа Бас жоспарда қандай шешімдер қарастырылғанын және неге қоғамдық көлікке басымдық бермей, кептеліс мәселесін шешу мүмкін емесін айтқан еді.

Асхат Сәдуовтың айтуынша, жаңа Бас жоспардың негізгі бағытының бірі кептеліс пен экология мәселесін шешудің негізгі құралы ретінде қоғамдық көлікті дамыту болмақ.

Сәтбаев көшесіндегі көлік тұрағының алынып тасталуы

Әкімдіктің алдындағы жолда бұрындары кең көлік тұрағы болған еді. Қазір құрылыс жұмыстарынан кейін көлік тұрағы алып тасталып, орнына гүлзар орнатылған. Салдарынан жүргізушілер көліктерін жол жиектеріне қоюға мәжбүр. Қарбалас уақытта жол жиегінде тұрған көліктен кептеліс туындайды. Марат Балгереевтің пікірінше, қаланың орталық бөлігінде ыңғайлы автотұрақтар құру, жерасты кеңістігін игеру қажет.

“Әкімдік – басты әкімшілік орталық, сондықтан оны тиісті көлемдегі автотұрақ орындарымен қамтамасыз ету қажет. Жұмыс уақытынан тыс уақытта қаланың орталық бөлігі де сұранысқа ие болуы және тиісті тұрақ орындарымен қамтамасыз етілуі тиіс”, – деп жауап берді урбанист.

Айналма жолдар

Қаладағы айналма жолдар да кептеліске әкелетіндердің бірі. Бірақ айналма жолсыз да жүруге болады дегенімізді білдірмейді. Ондай жолмен жүріп өтудің де өз әдебі бар. Алайда мегаполистегі айналма жолдың салынуы қаншалықты қисынды екенін урбанист айтты. Сөзінше, көлік жолайрықтарының қаншалықты дұрыс салынғанын бағалағанда, оларды сол кезеңдегі қоғамның даму деңгейімен және құрылыс саласының мүмкіндіктерімен байланысты қарастыру керек. Кез келген құрылыс жобасы сол уақыттағы инженерлердің біліктілігіне, жобалау сапасына және құрылыс саласының даму деңгейіне сай жүзеге асырылады.

“Мысалы, Храпунов әкім болған кезеңде әуежайға апаратын жолайрықтың бірін салуға үш жыл кеткен. Оның өзінде қаржылық және басқа да заңбұзушылықтар болғаны айтылды. Ал қазір біз осындай жолайрықтарды бір жылдың ішінде сала аламыз. Бұл да құрылыс саласының даму деңгейін көрсетеді. Сондықтан жолайрықтарды біржақты түрде "дұрыс" немесе "дұрыс емес" деп бағалауға болмайды. Оларды салынған кезеңнің жағдайын ескере отырып қарастыру қажет”, – деді урбанист.

Марат Балгереев жолайрықтар көлік ағынын реттеуге көмектесетінін айтты. Алайда олар қаладағы онсыз да тапшы жер аумағының көп бөлігін алып жатады. Сондықтан мұндай нысандарды салғанда олардың қандай мақсатқа қызмет ететінін ескеру маңызды.

“Мысалы, әуежайға апаратын жолдар көліктің жылдам әрі кедергісіз қозғалуын қамтамасыз етуі керек. Өйткені жолаушылардың әуежайға уақытында жетуі маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, Алматыдағы әуежайға апаратын жолайрықтар өз міндетін атқарып тұр және оларда айтарлықтай мәселе жоқ деп есептеймін”, – деді урбанист.

Дегенмен, Марат Балгереев қаланың бас жоспарына сәйкес, шығыс бағыттағы аумақтарда құрылыс пен даму жалғасқан сайын, бұл жаққа қатынайтын көлік саны да артуы мүмкін. Сондықтан болашақта қосымша жолайрықтар салу немесе қолданыстағыларын қайта жаңғырту қажеттігі туындауы ықтимал екенін тілге тиек етті.

“Алтын Орда” базарындағы кептеліс

Урбанист “Алтын Ордадағы” кептелісті де тілге тиек етті. Оның айтуынша, бұл жер бойынша сұрақтарға жауап беру қиын.

“Қазіргі жағдайды нақты бір заңдылыққа сүйеніп түсіндіру мүмкін емес. Әдетте қандай да бір нысанды жобалау немесе мәселені шешу үшін белгілі бір заңдылықтар анықталып, соның негізінде есеп жүргізіледі. Ол үшін түрлі көрсеткіштер мен айнымалылар ескеріледі. Ал бұл жағдайда базарға келетін адамдар мен көлік ағынын нақты есептеу өте қиын”, – деді Марат Балгереев.

Фото: Бейнероликтен үзінді

Урбанистің пікірінше, "Алтын Орда" базары маңындағы кептелісті шешу үшін тек жол инфрақұрылымын дамыту жеткіліксіз. Базардың жұмысын жүйелеп, көлік кіретін және шығатын жолдарды, автотұрақтарды реттеу қажет. Сонымен қатар балама жолдар салып, жүргізушілерге кептеліс туралы жедел ақпарат беру маңызды. Ал маңдағы жаңа тұрғын үй кешенінің салынуы бұл аумақтағы көлік жүктемесін одан әрі арттыруы мүмкін.

Тұрғын үй кешеніндегі олқылық

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінде тұрғындардың көлік қою кезінде де мәселе туындап жатады. Тіпті салдарынан жол көлік оқиғасы болатын кездер де бар. Урбанист мұны расымен де үлкен мәселе екенін айтты.

“Оны шешу үшін тұрғын үй кешендерін жобалау мен салу процесін реттейтін жүйелі әрі сауатты институционалдық шешімдер қажет. Ең алдымен, қаланың бас жоспарына қатысты талаптарды қатаң сақтау керек”, – деді урбанист.

Сөзінше, қазір Алматының бас жоспары бұрынғыдай өзгеріссіз сақталуға тиіс қатаң құжат мәртебесінен айырылған. Ол жиі өзгертіледі. Сондықтан мәселені уақытша шаралармен емес, заңнамалық деңгейде шешу қажет. Бас жоспардың бірнеше жыл сайын өзгертіле беруіне және құрылысқа қатысты шешімдерге жоғарыдан бастап әкімдікке дейінгі деңгейде тікелей араласуға жол бермеу керек. Қазір кейбір шешімдер жүйелі жоспарлауға емес, жекелеген жобаларға басымдық беру арқылы қабылданады. Соның салдарынан жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы қаланың жалпы көлік инфрақұрылымымен әрдайым үйлестіріле бермейді.

“Әрине, тұрғын үй кешендерін қажетті автотұрақ орындарымен қамтамасыз етуге қатысты заңнамалық талаптар бар. Алайда қаланың жалпы инфрақұрылымы мен жаңа тұрғын үй кешендерін өзара байланыстыра жоспарлау мәселесінде елеулі олқылық бар”, – деді урбанист.

Тұрғын үй кешенін жобалауға тапсырма берілген кезде оған апаратын жолдарға түсетін жүктеме кейде ескерілмей қалады. Соның салдарынан көлік кептелісі кешеннің ішінде емес, оған кіретін және шығатын жолдардың қалалық көлік инфрақұрылымымен түйісетін тұсында пайда болады.

Сөз соңында урбанист Марат Балгереев Алматыдағы кептеліс жағдайын нашар деп бағалауға болмайтынын айтты. Оның айтуынша, қалада қоғамдық көлік те дамып жатыр. Метро, BRT сияқты көлік түрлерін дамыту да жолдардағы жүктемені азайтуға ықпал етеді.

“Алайда соңғы уақытта электрсамокат сияқты балама көлік түрлерін пайдалануға қатысты шектеулер күшейіп келеді. Мысалы, самокатпен тротуарда жүруге тыйым салынса, оны пайдаланудың тиімділігі төмендейді. Өйткені адам самокатпен үйінің кіреберісіне дейін жете алмаса, оны басқа жерде қалдырып, қалған жолды жаяу жүруге мәжбүр болады. Бұл – мәселені шешудің оңтайлы жолы емес”, – деді урбанист.

Фото: Бейнероликтен үзінді

Урбанист біздің қоғам жаяу жүргіншілер мен самокат пайдаланушылардың тротуарды ортақ пайдалануына әлі толық бейімделмегенін мәлімдеді.Сөзінше, жаяу жүргіншілер тротуарды өз аумағы деп қабылдап, оны басқа қозғалыс құралдарымен бөлісуге әрдайым дайын емес. Бұл белгілі бір деңгейде қоғамдық сана мен мәдениетке байланысты. Дегенмен болашақта жаяу жүргіншілер мен балама көлік түрлерін пайдаланушылардың ортақ кеңістікті өзара құрметпен бөлісуіне жағдай жасау қажет.

Еске сала кетейік, Қазақстанның ірі қалаларында көлік ағынын ақылды жүйе арқылы басқару жоспарланып отыр. Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министрлігі мен әкімдіктерге ең көп жүктеме түсетін жолдарды анықтап, сол жерлерде жаңа жүйені пилоттық режимде іске қосуды тапсырды. Оған екі ай уақыт берілді.

3-сынып оқушыларына ертегіні ЖИ көмегімен жазу тапсырылған: Қазақстандық оған алаңдаушылық білдірді
Фото: Threads

Қазақстандық 3-сынып оқушыларына жасанды интеллект көмегімен ертегі құрастыру тапсырылғанына наразы болды. Оның пікірінше, бастауыш сыныптан бастап балаларға шығармашылық жұмысты жасанды зиятқа орындатып үйрету, олардың өз бетінше ойлануына кері әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желі қолданушысы мән-жайды Threads парақшасында баяндады. Оның сөзінше, 3-сынып оқушыларына этикалық нормаларды сақтамаған бала туралы ертегі құрастыру тапсырылған. Ол үшін балалар жасанды интеллектке ертегі жазуға арналған промпт дайындауы керек болған.
“Масқара, үшінші сынып қой! Балаларға этикалық нормаларды сақтамаған бала туралы ертегі құрастыру үшін Жасанды интеллектке промпт жазу тапсырылыпты. Бұл – Оқу-ағарту министрлігі диктант, мазмұндама және шығарма жазуға басымдық беріп жатқан кезеңде болып отыр. Баланы өз бетінше ойлауға, қиялдауға және жазуға қалай үйретеміз? Бастауыш сыныптың өзінде осы жұмыстың бір бөлігін жасанды интеллектке тапсырып қойсақ”, – деп жазды ол.   Смотреть в Threads
Аталған жағдайға “Алматыкітап” баспасы жауап берді. Олар тапсырманың мақсаты оқушының шығармашылық жұмысын жасанды интеллектке орындату емес екенін мәлімдеді.

Баспа мәліметінше, бала алдымен кейіпкерлерді өзі ойлап тауып, оқиғаның желісін анықтауы керек. Содан кейін жасанды зиятқа сұрау құрастырып, алынған нәтижені талдап, оқиғаның қалай өрбуі мүмкін екеніне қатысты өз нұсқасын ұсынады.
“Осылайша, оқушы дайын ертегіні алмайды. Керісінше, цифрлық құралды қолдануды үйреніп, алынған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалайды. Оған қоса өзінің шығармашылық идеясын жетілдіреді”, – деп түсіндірді баспа.
Сонымен қатар баспа бұл тапсырманың "Цифрлық сауат және жасанды интеллект" пәнінің мазмұнына сәйкес келетінін айтты. Аталған пән цифрлық технологияларды, интернетті қауіпсіз пайдалануды және цифрлық өнімдер жасауды үйретуге бағытталған.

Шығарма жазу маңызды болып қала ма?

“Алматыкітап баспасы” дәстүрлі оқыту әдістері – диктант, мазмұндама, шығарма және өз бетінше орындалатын жұмыстар – бұрынғыдай маңызды екенін жеткізді. Баспаның пайымынша, жасанды интеллект элементтерін оқу үдерісіне енгізу бұл әдістерді алмастырмайды. Керісінше, балалардың сыни ойлауын және цифрлық дағдыларын дамытуға көмектесуі керек.

Қазіргі мектептің міндеті – балаларды технологиялық прогрестен оқшаулау емес. Мұғалімнің дұрыс бағыт беруімен жаңа технологияларды саналы, қауіпсіз әрі жауапкершілікпен қолдануға үйрету”, – деді “Алматыкітап баспасы”.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық оқушыларға теріс басылған оқулық берілгені туралы жазған едік.

"ҚазАвтоЖолдың" жол жөндеу тендерінде екі компания сөз байласқан: Олар айыппұлмен құтылып кетті
Фото: magnific.com

Қазақстанда автомобиль жолдарын жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысқан екі компанияның өзара сөз байласқаны сотта дәлелденді. Салдарынан "NNC Group" ЖШС-не 92 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, мемлекетке 403 миллион теңгеден астам монополиялық табысты қайтарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Атырау облысы мен Астана қаласындағы аумақтық департаменттер "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының жол жөндеу жұмыстарына арналған мемлекеттік сатып алуына байланысты тексеру жүргізген”, – деп мәлімдеді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.
Тексеру нәтижесінде конкурсқа қатысқан "NNC Group" және "Бірлік Жол Строй" компанияларының арасында картельдік келісім болғаны анықталған. Ведомство мұндай әрекеттер Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына қайшы келетінін мәлімдеді.

Екі компания да тергеу қорытындысымен келіспей, сотқа жүгінген. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар бастапқыда олардың талаптарын қанағаттандырмаған. Алайда кейін "NNC Group" ЖШС кассациялық тәртіппен шағым түсіріп, іс қайта қарауға жіберілген.

Қайта қарау барысында сот монополияға қарсы органның шешімін қолдады. Нәтижесінде 2026 жылғы 4 тамызда Атырау облыстық соты жүргізілген тергеудің заңдылығын растады. Осылайша, екі жылға жуық уақытқа созылған сот дауы аяқталды.

Сот шешімімен "NNC Group" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, компанияға 92 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Бұдан бөлек, мемлекет кірісіне 403 миллион теңгеден астам монополиялық табыс өндіріп алу белгіленді. Екі соманы қосқанда, компания төлейтін қаражат 495 миллион теңгеден асады.

Компания бұл шешімге тағы да шағымданған. Алайда 2026 жылғы 2 қыркүйекте Атырау облыстық сотының апелляциялық алқасы шағымды қанағаттандырмады.

Ал екінші компания – "Бірлік Жол Строй" ЖШС-не қатысты іс Астанада қаралған. 2025 жылғы 11 тамызда сот серіктестікті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 159-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, табысының 3%-ы көлемінде айыппұл салған. Сондай-ақ компанияның монополиялық табысын тәркілеу туралы шешім шықты.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Бірлік Жол Строй" ЖШС салынған айыппұлды толық төлегенін атап өтті.

Бұған дейін "ҚазАвтоЖол" екі жол жобасына қатысты 10 миллиард теңгеге жуық қаражат қайда кеткенін айтып, түсіндірген еді. Бірінші жоба М-32 "Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға қарай) – Шымкент" автожолының 1153-1240 шақырым аралығындағы учаскесін орташа жөндеуге және екінші жоба А-34 "Жетібай – Жаңаөзен – Кендірлі – Түрікменстан шекарасы" автожолының 179-229 шақырым аралығындағы учаскесін күрделі жөндеуге қатысты болды.

Алматыдағы жарты миллиард теңгеге салынған супераялдамадан жаңбырдан кейін су ақты
Фото: threads.com/@mariano_ottawa

Алматыдағы "Саяхат" маңындағы жаңа супераялдамадан жаңбырдан кейін су ақты. Мердігерге ақауды 20 қазанға дейін жою тапсырылды. Бірақ желі қолданушылары үш көлік-аялдама кешенінің жалпы құны 1,658 миллиард теңгені құрағаны әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қазан айындағы жаңбырдан кейін "Саяхат" маңындағы жаңа көлік-аялдама кешендерінің бірінен су аққаны туралы видео Threads желісінде жарияланды. Кадрлардан аялдаманың перроны суланып, шатырынан су өткенін көруге болады.

Осы оқиғадан кейін қалалық жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы нысанның пайдалануға ресми түрде берілгенін хабарлаған. Ал мердігер Golden City DS компаниясына су ағуын 20 қазанға дейін жою тапсырылған.

Нысанға жеті жылдық кепілдік берілгені хабарланды. Ақауды жою үшін бюджеттен қосымша қаражат бөлінетіні туралы ақпарат жарияланбаған. Жөндеу жұмыстары мердігердің міндеті ретінде көрсетілген.

Видеоны жариялаған қолданушы аялдаманың автобустар әлі тоқтамайтын жағында су аққанын айтқан. Ал басқарма нысанның ресми түрде пайдалануға берілгенін мәлімдеген. Бұл екі ақпарат бір-біріне міндетті түрде қайшы келмейді: нысан қабылданғанымен, оның кейбір бөліктері жолаушылар тасымалы үшін толық пайдаланылмауы мүмкін.

Сондай-ақ, әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Алматыдағы аялдаманың құнына қатысты пікір білдіріп, мұндай қаражатқа қалада қымбат мейрамхана ашуға болатынын жазған.

Супераялдамалар не үшін салынды?

"Саяхат" ауданындағы көлік-аялдама кешендері Райымбек даңғылы бойындағы көлік инфрақұрылымын дамыту жобасымен байланысты. Жоба бастапқыда төрт кешен салуды көздеген. Олар "Қонаев", "Мерей" сауда орталығы, Пушкин көшесі және "Саяхат" автовокзалы маңында орналасуы керек болған. Кейін "Мерей" сауда орталығы жанындағы аялдама жобадан шығарылған.

Жобада ұзындығы шамамен 50 метр болатын шатырлар қарастырылған. Олар алты автобусқа дейін жолаушыларды бір мезгілде отырғызуға және түсіруге мүмкіндік беруге тиіс болған. Сонымен қатар электронды таблолар, абаттандыру жұмыстары және қозғалысы шектеулі жолаушыларға арналған инфрақұрылым жоспарланған.

Мұндай кешендердің мақсаты — жолаушыларға қолайлы жағдай жасау және қоғамдық көліктің қозғалысын ұйымдастыру. Алайда жобаның нақты артықшылықтарын бағалау үшін жоспарланған мүмкіндіктердің барлығы іс жүзінде орындалған-орындалмағанын да ескеру қажет.

Фото: Скриншот ҚР Мемлекеттік сатып алулары порталынан алынды

Бір кешеннің орташа құны — 552,7 миллион теңге

Қала әкімдігінің дерегінше, үш көлік-аялдама кешенінің жалпы құны 1,658 миллиард теңге болған. Бұл соманы үшке бөлгенде, әр нысанға орта есеппен 552,7 миллион теңгеден келеді. Бірақ бұл есеп әр кешеннің нақты құны бірдей болғанын білдірмейді.

Мемлекеттік сатып алу порталындағы мәліметтерге сәйкес, Пушкин көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысындағы "Саяхат" көлік-аялдама кешенін салуға арналған келісімшарттың бастапқы сомасы 1 845 643 079,19 теңге болған.

2024 жылғы 24 сәуірде жасалған келісімшартқа кейін бірнеше рет өзгеріс енгізілген. 2026 жылғы 17 наурыздағы қосымша келісім бойынша оның сомасы 1 609 667 360,48 теңгеге дейін азайған. Бұл бастапқы сомадан шамамен 236 миллион теңгеге немесе 12,8 %-ға төмен.

2 сәуірдегі соңғы қолжетімді қосымша келісімде де осы сома көрсетілген.

Сонымен бірге әкімдік атаған үш кешеннің жалпы құны мен негізгі келісімшарттың кейінгі сомасы арасында шамамен 48,3 миллион теңге айырмашылық бар. Ашық мемлекеттік сатып алу деректерінде бұл айырмашылықтың нақты себебі көрсетілмеген. Оның басқа келісімшарттарға немесе жобаның өзге шығындарына қатысы бар-жоғын қолда бар ақпаратпен анықтау мүмкін емес.

Құрылыс мерзімі бірнеше рет өзгерген

Мемлекеттік сатып алу порталындағы келісімшарт тарихына сәйкес, жұмысты бастапқыда 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін аяқтау жоспарланған. Кейін мерзім бірнеше рет ауыстырылған: алдымен 2025 жылғы 30 сәуірге, одан кейін 31 тамызға, 30 қарашаға және 31 желтоқсанға дейін ұзартылған.

2026 жылы да мерзімдер өзгеріп, аяқтау уақыты 28 ақпанға, 31 наурызға және кейін 30 сәуірге белгіленген.

Алайда жұмыс осы мерзімде толық аяқталмаған. Мамыр айының соңында қалалық басқарма нысанның дайындық деңгейі шамамен 90 % екенін хабарлап, құрылыс жұмыстарын маусымда аяқтау жоспарланғанын айтқан. Сол кезде мердігерге мерзімді кешіктіргені үшін әр күнге өсімпұл есептелгені де хабарланған.

Осылайша, жобаның бастапқы мерзімі бірнеше рет өзгерген. Бұл жағдай келісімшарт талаптарының орындалуы мен мердігердің міндеттемелеріне қатысты сұрақ туындатады.

Енді мердігердің жұмыс сапасы тексеріледі

"Саяхат" маңындағы үш көлік-аялдама кешенінің құны әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқанымен, бір кешеннің нақты құнын орташа есеппен ғана анықтауға болады. Ал мемлекеттік сатып алу порталындағы келісімшарт сомасы мен әкімдік атаған жалпы құнның арасындағы айырмашылықтың себебі әзірге ашық деректерден анықталмайды.

Сонымен қатар құрылыс мерзімдерінің бірнеше рет өзгеруі және жаңбырдан кейін су ағуы жобаның орындалуы мен сапасына қатысты сұрақтарды күшейтті.

Қазір мердігер үшін негізгі мерзім — 20 қазан. Осы уақытқа дейін Golden City DS анықталған ақауды жоюға тиіс. Ал кешендердің құнына қатысты сұрақтарға толық жауап беру үшін құрылыс сметасы, әр нысан бойынша нақты шығындар және орындалған жұмыстар туралы мәліметтер қажет.

Айта кетсек, бұған дейін 4 миллион теңгеге салынған аялдаманы сындырып кеткен бұзақы іздестірілгені туралы жазған едік.

Қазақстан Қытайдан 1,5 миллиард доллар қарыз алды
Фото: Ашық дереккөзден алынған

Қазақстанның мемлекеттік борышы 38,5 триллион теңгеге жетті. Бұл жалпы ішкі өнімнің 20,9 %-ына тең. Оның ішінде сыртқы борыш көлемі 8,4 триллион теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 4,5 %-ын құрайды, деп мәлімдеді Қаржы министрі Мәди Такиев Құрылтай отырысында. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Министр 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылау кезінде депутаттардың мемлекеттік борыштың өсуі мен оған қызмет көрсету шығындары туралы сұрақтарына жауап берді.

Такиевтің айтуынша, Үкімет қарызды басқару кезінде қаражатты тиімді шарттармен қайта тартуға басымдық береді. Осы мақсатта Мемлекеттік борышты басқару жөніндегі кеңес құрылып, бастапқы дилерлер институты іске қосылған. Сонымен қатар Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары халықаралық индекстерге енгізілген.

Министрдің сөзінше, мемлекеттік борыштың белгіленген шекті деңгейі жалпы ішкі өнімнің 32 %-ына тең. Оның айтуынша, Қазақстан заңнамадағы шектеулер мен талаптарды сақтап отыр, ал халықаралық сарапшылар елдің борыш деңгейін салыстырмалы түрде төмен деп бағалайды.

Қытайдан қарыз алу бюджетке қанша үнем береді?

Мәди Такиев Қазақстан биыл Қытайдан 1,5 миллиард долларды жылдық 1,82 %-дық мөлшерлемемен алғанын айтты. Министрдің мәліметінше, осы қарызды өтеуге жыл сайын 12,7 миллиард теңге жұмсалады.

"Биыл Қытайдан 1,5 миллиард долларды ең төменгі мөлшерлемемен – 1,82 %-бен тарттық. Бұл қарызға қызмет көрсетуге жылына 12,7 миллиард теңге жұмсалады. Егер дәл осы 1,5 миллиард долларды ішкі нарықтан тартсақ, оған қызмет көрсету шығыны 113 миллиард теңгеден асар еді", – деді министр.

Оның айтуынша, екі нұсқаның айырмашылығы жылына шамамен 100 миллиард теңгені құрайды. Ал бес жыл ішінде бюджет 500 миллиард теңге үнемдеуі мүмкін.

Қазақстан сыртқы нарықтан қандай шарттармен қарыз алады?

Министр Қазақстанның еурооблигациялар арқылы да қаражат тартатынын атап өтті. Оның айтуынша, 2015 жылы мұндай қарыздар жылдық 5,5 %-дық мөлшерлемемен, ал өткен жылы 4,4 %-бен тартылған.

Такиевтің бағалауынша, пайыздық мөлшерлемелердегі айырмашылық жылына 60 миллион доллар үнемдеуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында мемлекеттік борышқа қызмет көрсетуге 2027 жылы 3,5 триллион теңге бөлу жоспарланғаны туралы жазған едік. Бұл сома жалпы бюджет шығыстарының шамамен 12 %-ына тең.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында қанша қаражат қайда бөлінетіні туралы жазған едік.

Атыраудың бұрынғы әкімі Шакир Кейкинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Фото: gov.kz

Атырау қаласының бұрынғы әкімі Шакир Кейкинге қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. Тергеу нәтижесінде оның алаяқтық іске қатысы жоқ екені анықталды. Әкімнің бұрынғы орынбасары Мейіржан Мұқасовқа да осындай шешім қабылданды. Ал іс бойынша тағы екі күдікті сот алдында жауап беруі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ақ Жайық” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Адвокат Нұрлан Жолболовтың айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеуді төрт-бес ай бойы жүргізген. Нәтижесінде құқық қорғау органдары экс-әкімнің басқа қатысушылардың алаяқтық әрекеттеріне қатысы жоқ деген қорытындыға келген.

Жолболовтың сөзінше, Шакир Кейкин мен оның бұрынғы орынбасары Мейіржан Мұқасовқа қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған. Тергеуге қадағалау жүргізген прокуратура бұл шешімнің заңдылығын тексеріп, тергеу қорытындысымен келіскен.

Тағы екі күдікті сотқа тартылуы мүмкін

Ал іс бойынша қалған екі күдіктіге қатысты материалдар сотқа жолдауға дайындалып жатыр. Оларға алаяқтық жасады деген айып тағылған.

Күдіктілердің бірі – Бейбіт Мағзұмов. Ол “Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету” ЖШС бас директорының орынбасары қызметін атқарған. Екінші күдіктінің есімі – Әнуар Күншіғарoв.

Бір қызығы, екеуі де әр жылдары кәріз жүйесіне қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін “BM SERVICE STROI” ЖШС-ін басқарған.

Істің мән-жайы

Айта кетейік, биыл 1 маусым күні Атырау қаласы әкімдігінің басшылығына қатысты тергеу әрекеттері жүріп жатқаны хабарланған еді. Сол кезде жоғары лауазымды шенеуніктер ұсталды деген ақпарат тараған. Десе де олардың қорғаушылары бұл мәліметті жоққа шығарды.

Кейін Шәкір Кейкиннен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің жауап алғаны, содан соң оның үйіне қайтқаны белгілі болды. Ведомство сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растағанымен, істің егжей-тегжейін жарияламады.

Шәкір Кейкин 2023 жылдың шілдесінен бері Атырау қаласын басқарған. Биыл қыркүйекте ол өз өтінішімен қызметінен кетті.

Әкім орынбасары пара алды деген күдікке ілінген

Осы жазда құқық қорғау органдарының назарына Атырау әкімінің тағы бір орынбасары Тілек Махуов та іліккен. Ол аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталған.

Мәліметке сәйкес, шенеунікке қаланың кәріз желілерін күрделі жөндеу жобасына өзгеріс енгізуге көмектескені үшін 100 миллион теңге берілген болуы мүмкін.

Әкімдік басшылығына қатысты бірнеше қылмыстық істің қатар шығуы олардың арасында байланыс бар ма деген сауал туғызған.

“Істің мән-жайын білмейтін әрі оның мәнін түсінбейтін адамдар бұл әрекеттерді бір-бірімен байланыстырады. Алайда аталған үш адамға қатысты құқық қорғау органдарының күдіктері бір-бірімен байланысты емес”, – деді адвокат.

41 миллион теңгеден асатын мемлекеттік келісімшарт

Бұл істің тағы бір назар аударарлық тұсы бар. Іске қатысты тергеу басталған кезде  шамамен 40 миллион теңге жымқырылғаны айтылған.

Кейін басылым Бейбіт Мағзұмовтың атына тіркелген “ВМ SERVICE” жеке кәсіпкерлігі ассенизаторлық техниканы жалға беру бойынша мемлекеттік келісімшартты конкурссыз алғанын анықтаған. Келісімшарттың құны өзгертілген соң 41 миллион теңгеден сәл асқан.

Басылым мәліметінше, жеке кәсіпкерлік 2024 жылы 31 қаңтарда тіркеліп, келесі күні  жалғыз мемлекеттік келісімшартын алған.

Бұл мемлекеттік сатып алудың қылмыстық іске қатысы бар-жоғы белгісіз.

Мемлекеттік келісімшарттың құны 41 миллион теңгеден асқан. Бұл сома тергеу туралы алғашқы хабарларда айтылған 40 миллион теңгеге жақын. Алайда бұл екі деректің өзара байланысы бар-жоғы әзірге белгісіз.

Іс сотқа жеткенде, күдіктілердің нақты не үшін айыпталып отырғаны және оған қандай дәлелдер бар екені белгілі болуы мүмкін.

Еске сала кетсек, Шәкір Кейкін 14 қыркүйекте Атырау қаласының әкімі қызметінен кетті. Оның кету себебі ресми түрде жарияланбады. Ол қаланы 2023 жылдың шілдесінен бастап басқарды. Орнын босатуға орынбасарларға қатысты қылмыстық істер себеп болған. Шілде айында ҰҚК қызметкерлері әкімнің орынбасары Тілек Махуовты ұстады. Ол 100 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Тағы бір орынбасары Мейіржан Мұқасовтан сыбайлас жемқорлық ісі бойынша жауап алынып, кейін босатылды. Бұрынғы әкімнің өзін де жауап алуға шақырды, бірақ оған ешқандай айып тағылмады.

520 мыңнан астам қазақстандық жәрдемақыдан айырылуы мүмкін
Фото: magnific.com

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстандықтарға отбасының әл-ауқат деңгейі бойынша қай санатқа жатқызылғаны туралы push-хабарлама жіберілетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министр Серік Жұманғариннің айтуынша, азаматтардың әл-ауқатын бағалау үшін деректерді талдау жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады.

Отбасының белгілі бір санатқа жатқызылуы оның материалдық жағдайына байланысты. Бұл көрсеткіш уақыт өте өзгеруі мүмкін. Сондықтан орташа қазақстандық отбасының қай санатқа жататынын алдын ала айту мүмкін емес.
"Қателік болмауы керек. Қажет болса, азаматтарымыздың пайдасына қарай шешім қабылдағанымыз жөн. Мұнда қандай жағдай болса да, бюджет қаражатын үнемдеу мақсаты көзделіп отырған жоқ", – деді Серік Жұманғарин.
Министрдің сөзінше, отбасылардың әл-ауқатын бағалау үшін шамамен 30 цифрлық жүйенің деректері пайдаланылады. Ақпарат апта сайын дерлік талданып, қорытынды баға ай сайын шығарылады.

Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыс тобы еліміздің 20 өңірін аралап, тұрғындарға жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді.

Министрден азаматтарды әл-ауқат деңгейіне қарай санаттарға бөлудің нақты өлшемдерін түсіндірді.
"Қателеспесем, 522 мың адам бар. Оның 70 мыңнан сәл астамы – А санатына, қалғандары Б санатына жатады. Әр адамға тиісті хабарлама жіберіледі. Бұл жұмыс жүргізіледі. Қателік болмауы керек. Мемлекеттің емес, азаматтардың пайдасына қарай шешім қабылдағанды жөн көреміз", – деді Жұманғарин.
Алайда министр “Орташа қазақстандық отбасының әл-ауқаты қанағаттанарлық деңгейге жата ма?” деген сұраққа нақты жауап бермеді. Айтуынша, бұл әр отбасының жағдайына байланысты. Мұны өзгермейтін көрсеткіш деп қарастыруға болмайды. Шамамен 30 ақпараттық жүйе қолданылғанын атап өтті. Деректер апта сайын дерлік талданып, ай сайын жаңартылып отырады.

Айта кетейік, премьер-министр Олжас Бектенов тұрмысы жақсы, ауқатты адамдар мемлекеттен көмек алмай, өз күнін өзі көру керегін айтқан еді. Табысы жоғары және тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың бірдей көлемде мемлекеттік көмек алуы әділетсіздік деп санайды ол. Мемлекет тек өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын адамдарға қолдау көрсететінін атап өтті.

Қандай реформа туралы сөз қозғалып отыр?

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақының 10 түрін тағайындау тәртібі өзгереді.

Жәрдемақы тағайындау кезінде адамның немесе отбасының материалдық жағдайы ескеріледі. Ол үшін әл-ауқаттың бес санаты енгізіледі:

А санаты – жоғары деңгей. Табысы жоғары, жылжымайтын мүлкі және басқа да активтері бар отбасылар;

В санаты – ауқатты деңгей. Тұрақты табысы, баспанасы және қаржылық жағдайы тұрақты отбасылар;

С санаты – қанағаттанарлық деңгей. Табысы аз, несиелері бар және қаржылық мүмкіндіктері шектеулі отбасылар;

D санаты – экономикалық тұрғыдан осал деңгей. Табысы төмен, қарыздары бар немесе жұмысқа орналасуда қиындықтарға тап болған отбасылар;

E санаты – экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан осал деңгей. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар.

Жаңа ережеге сәйкес, А және В санаттарына жатқызылған отбасылар бекітілген тізімдегі жәрдемақыларды ала алмайды.

Егер адам жәрдемақы алып жүріп, отбасының әл-ауқатын бағалау нәтижесінде А немесе В санатына жатқызылса, төлем тоқтатыла тұруы мүмкін. Ал материалдық жағдайы нашарлап, келесі ай сайынғы бағалау кезінде отбасы С, D немесе E санатына өтсе, төлем қайта тағайындалуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда 10 түрлі мемлекеттік жәрдемақы берілетін біржолғы төлемді тағайындау тәртібі өзгеретінін жазған едік.

Құн салығы мөлшерлемесін 16%-ға көтеру бюджет кірісін арттырған жоқ – Депутат
Фото: senate.parlam.kz

Депутат Ольга Перепечина Қосылған құн салығы мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға көтеру ел бюджетіне қосымша кіріс әкелмегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл бюджет кірісінің болжамы төмендетілген. Сол себепті келесі жылға жоспарланған өсім елдің кіріс көздері шын мәнінде кеңейгенін толық көрсетпеуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құрылтай отырысында 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы қаралды. Құжат бойынша депутат Ольга Перепечина қосымша баяндама жасады. Ол бюджет жобасы макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға, әлеуметтік міндеттемелерді орындауға және инфрақұрылымды дамытуға бағытталғанын айтты.

Сонымен қатар депутат алдағы орта мерзімді кезеңде шешілуі тиіс бірнеше мәселені атады. Оның сөзінше, үкімет бір кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткішін жыл сайын өзгертіп келеді.

“2027 жылға арналған негізгі көрсеткіштердің барлығы дерлік өзгертілді. Олардың қатарында номиналды жалпы ішкі өнім, бюджет кірістері мен тапшылығы бар. Келесі жылы бюджетке түсетін кірісті 16%-дан асыру, яғни шамамен 2,8 триллион теңгеге арттыру жоспарланып отыр. Алайда бұл болжам биыл болған түсімнің төмендетілген бағасына негізделген. Мұны әсіресе қосылған құн салығынан (ҚҚС) түсетін кірістен анық байқауға болады. Қосылған құн салығы мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға көтеру 2026 жылы бюджет кірісін күткендей арттырмады”, – деді депутат.

Депутаттың пікірінше, бұл есеп кірістің өсу қарқынына қатысты нақты жағдайды бұрмалап көрсетуі мүмкін. Жоғары аудиторлық палата қорытындысына сәйкес, келесі жылы бюджет кірісін арттыруға арналған жоспар биыл түспей қалған қаражаттың орнын толтыруға жұмсалуы ықтимал. Демек кірістің өсуі елдің табыс көздері шын мәнінде кеңейгенін білдірмеуі мүмкін.

Осыған байланысты депутат орта мерзімді жоспарлаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін макроэкономикалық болжам жасау тәсілдерін қайта қарау қажет екенін айтты.

Бюджет шығынының 80%-ы міндетті төлемдерге жұмсалады

Депутаттың айтуынша, республикалық бюджет шығынының шамамен 80%-ы әлеуметтік міндеттемелерге, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік қарыздың пайызын төлеуге жұмсалады.

Үкімет өңірлерді қолдауға бөлінетін қаражатты 1 триллион 774 миллиард теңгеге арттырып отыр. Бұдан бөлек, Ұлттық қордан 2 триллион теңге бөлу қарастырылған. Бұл қаражат инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға, жол салуға, елді мекендерді таза ауызсумен және тұрақты байланыспен қамтамасыз етуге жұмсалмақ.

Ольга Перепечина қаражат бөлуде жобаларды ашық іріктеп, олардың нәтижесін бақылау қажет екенін айтты. Жоғары аудиторлық палата қорытындысы бойынша, Үкімет инфрақұрылымдық жобалардың тізімін мемлекеттік инвестициялық жобалардың жалпы тізбесі бекітілмей тұрып әзірлеген.

“Инвестициялық жобалардың тізімін көріп отырған жоқпыз. Бюджетпен бірге ұсынылған материалдарда оларды іріктеу өлшемдері мен негіздемелері де жоқ. Өңірлердің тұрақты экономикалық дамуына жағдай жасауға арналған қаражатты бөлгенде, аймақтар арасындағы теңсіздікті азайтуға ерекше көңіл бөлу қажет деп санаймыз”, – деді депутат.

Бюджет тапшылығын азайту үшін кіріс көздерін арттыру қажет

Депутаттың айтуынша, бюджетте күтпеген жағдайларға арналған қаржы қоры аз. Егер экономикалық жағдай нашарласа, мемлекет шығындарын өтеу үшін қосымша қарыз алуға немесе Ұлттық қордан ақша алуға мәжбүр болуы мүмкін. Сонымен қатаркейбір шығындарды қысқартуға тура келуі ықтимал.

Мұндай жағдайда экономиканы дамыту мен қолдауға арналған шығындар қысқаруы ықтимал. Сондықтан депутат бюджет шығынын алдын ала нақты жоспарлап, күтпеген қаржылай қиындық туындаған жағдайда мемлекеттің ақшасыз қалмауын қамтамасыз ету қажет деп санайды.

Үкімет бюджет тапшылығын 2027 жылы жалпы ішкі өнімнің 2,3%-ынан 2029 жылы 0,4%-ына дейін біртіндеп төмендетуді жоспарлап отыр.

“Бюджет тапшылығын азайту үшін мемлекет кірісті арттырып, қаражатты тиімді жұмсауы керек. Ал тапшылықты жабу үшін үнемі қарыз ала беру бюджетке қосымша салмақ түсіреді. Мәселен, 2027 жылы мемлекеттік қарыздың пайызын төлеу мен негізгі сомасын қайтаруға бюджет кірісінің 40%-ынан астамы жұмсалуы мүмкін”, – деді депутат.

Осыған байланысты депутат мемлекеттік қарызды басқару тәсілдерін қайта қарауды ұсынды. Атап айтқанда, Үкімет қарыз алудың тиімді жолдарын қарастырып, оны өтеуге жұмсалатын шығынды азайтып, жаңа қарызды шамадан тыс алмауы керек.

Депутат бюджет саясатын жетілдірудің төрт бағытын атады

Ольга Перепечина бюджет жобасы әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруды, нақты секторды қолдауды және инфрақұрылымды дамытуды көздейтінін айтты. Сонымен бірге бюджет тапшылығын біртіндеп азайтуға бағытталған жоспар бар екенін жеткізді.

Депутат Үкіметпен бірлесіп жұмыс істеуді қажет ететін төрт негізгі бағытты белгіледі:

Макроэкономикалық болжамның дәлдігін арттыру және бюджетке түсетін кірістің тұрақты өсуін қамтамасыз ету;

Ұлттық қордан бөлінетін трансферттерге тәуелділікті азайту, сонымен бірге қордың тұрақтандыру және жинақтау қызметтерін сақтау;

Бюджет шығынын жоспарлау мен жұмсаудың тиімділігін арттыру, әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік инвестициялардың негізділігін қамтамасыз ету;

Мемлекеттік қарызды бақылауды күшейту, оған қызмет көрсету құны мен қарызды өтеу көздерін мұқият қадағалау.

Депутаттың пікірінше, бұл мәселелер жекелеген көрсеткіштерді өзгерту арқылы ғана шешілмейді. Үкімет орта мерзімді кезеңге арналған бюджет жоспарының сапасын жүйелі түрде арттыруы керек.

Қосылған құн салығы мөлшелемесі қашан көтерілді?

Еске салсақ, Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді. Қазақстанда қосылған құн салығының (ҚҚС)  мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін өсті. Өзгеріс жаңа Салық кодексі аясында енгізілді. Үкімет бұл қадамды бюджет кірісін арттыру және салық жүйесін реформалау қажеттігімен түсіндірді.

Мөлшерлеме не үшін көтерілді?

Қосылған құн салығы тауарлар мен қызметтерді өткізу кезінде алынатын жанама салық. Оның құны өнімнің немесе қызметтің түпкілікті бағасына қосылуы мүмкін. Сондықтан салық мөлшерлемесінің өзгеруі кәсіпкерлерге де, тұтынушыларға да әсер етеді.

Үкімет мәліметінше, Қосылған құн салығы мөлшерлемесін көтеру салық түсімдерін арттыруға және мемлекеттік қаржыны тұрақтандыруға бағытталған. Сонымен қатар жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуді, салықтық жеңілдіктерді қайта қарауды және салық төлеу тәртібін өзгертуді көздейді.

Қандай өзгерістер енгізілді?

2026 жылдан бастап қосылған құн салығының негізгі мөлшерлемесі 16% болды. Сонымен қатар қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегі 20 мың АЕК-тен 10 мың АЕК-ке дейін төмендетілді. Бұл өзгеріс қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелуге тиіс кәсіпкерлер аясын кеңейтеді.

Жаңа Салық кодексінде кейбір салаларға жеңілдетілген мөлшерлемелер де қарастырылған. Атап айтқанда, дәрі-дәрмектер мен бірқатар медициналық қызметтерге 2026 жылы 5%, ал 2027 жылдан бастап 10% қосылған құн салығы қолданылады. Отандық мерзімді басылымдарға 10%-дық мөлшерлеме белгіленген. Ал заңда көрсетілген кейбір медициналық қызметтер мен өзге де операциялар қосылған құн салығынан босатылған.

Қазақстанда қосылған құн салығы мөлшерлемесінің көтерілуі — жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістердің бірі. Үкімет бұл реформаны бюджет кірісін ұлғайту және салық жүйесін жаңарту мақсатымен түсіндіреді. Ал оның халықтың күнделікті шығынына қаншалықты әсер ететіні тауарлар мен қызметтердің бағасының өзгеруіне байланысты болады.

"Яндекстегі" ақау: Депутат қазақстандықтардың дербес деректеріне қатысты тексеру жүргізуді сұрады
Фото: 123rf/Legion-Medi

"Әділет" партиясы фракциясының депутаттары Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов пен Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке депутаттық сауал жолдады. Олар "Яндекс" сервистеріндегі ақаудан кейін азаматтардың дербес деректерінің қорғалуына қатысты тексеру жүргізуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Депутаттардың айтуынша, 11 қазанда қазақстандықтар "Яндекс" компаниясының кейбір сервистерін пайдалана алмаған. Компания мұның себебі  шетелдегі инфрақұрылымда болған ақау деп көрсетті. Ал министрлік пайдаланушылардың дербес деректері сақталатын серверлер Қазақстанда орналасқанымен, кейбір компоненттердің ел аумағынан тыс жерде екенін растаған.
“Күн сайын азаматтардың телефон нөмірі, мекенжайы, жүріп-тұру бағыты мен төлем деректерін өңдейтін сервистің шетелдегі бір ақаудан тоқтап қалуы бұл деректердің нақты қай елде, қандай құқықтық режимде өңделетінін ашық анықтауды талап етеді”, – деп жазды депутаттар.
Сондай-ақ олар дербес деректердің ашық жариялануына назар аударды. Олардың мәліметінше, жақында Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы жеті білім беру ұйымы 529 қызметкердің жеке деректерін мемлекеттік сатып алу порталында жариялаған. Ал Семейде қызметкерлермен бірге 344 кәмелетке толмаған баланың деректері жарияланған.

Депутаттар бұл жағдайда ақпараттық жүйелерді бұзудың қажеті болмағанын, деректерді қорғауға міндетті ұйымдардың өздері оларды ашық жариялағанын атап өтті.

Олар азаматтардың деректері мемлекеттік қызметтерді алу, банкке жүгіну, емханаға тіркелу немесе баланы мектепке орналастыру кезінде жиналатынын еске салды. Алайда бұл мәліметтерге кімнің қол жеткізетіні және қандай мақсатта пайдаланылатынына қатысты бақылау мәселесі әлі де өзекті. Әсіресе балалардың тұрғылықты жері, оқу орны, денсаулығы мен отбасының әлеуметтік жағдайы туралы ақпараттың таралуы олардың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін екенін жеткізді.

Осыған байланысты депутаттар бірнеше ұсыныс айтты:

11 қазандағы жағдайға байланысты дербес деректердің шетелге берілуінің заңдылығын тексеру;

Әлеуметтік нысандар мен оларға қызмет көрсететін компаниялардың дербес деректерді жинау тәртібінің заңға сәйкестігін анықтау;

Дербес деректерді ашық жариялау кезінде оларды бүркемелеу талаптарының сақталуын тексеру;

Осы сала мамандарының біліктілігін арттырып, жергілікті атқарушы органдарға арналған бірыңғай тексеру әдістемесін әзірлеу;

Дербес деректері заңсыз жарияланған азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру тетіктерінің тиімділігін қамтамасыз ету.

Депутаттардың пікірінше, цифрлық мемлекетке деген сенім азаматтардың жеке деректерінің қорғалатынына деген сенімнен басталады.

Не болды?

8 қазанға қараған түні Рязань облысының Сасово қаласындағы “Яндекс” компаниясының дата-орталығына дрондар шабуыл жасаған. Соққыдан кейін нысанда өрт шығып, инфрақұрылымның бір бөлігі зақымданған. Соның салдарынан орталықтың жұмысын толық тоқтатуға тура келген.

Компания шабуыл болғанын растады және зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады. Қазір оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп, мамандар зақымданған жүйелерді қалпына келтіріп жатыр.

Компания мәліметінше, “Яндекстің” негізгі қызметтері әдеттегі режимде жұмысын жалғастырған. Дегенмен пайдаланушылар “Яндекс.Диск”, “Яндекс.Документы”, сайттар мен мобильді қосымшалардың жұмысында ақау барын хабарлаған. Yandex Cloud парақшасында да дата-орталық аймақтарының бірінде электр қуатына қатысты мәселе туындағаны жазылған. Клиенттерге уақытша басқа аймақтарды пайдалану ұсынылған.

Downdetector деректеріне сәйкес, жаппай шағымдар Мәскеу уақытымен шамамен сағат 02:00-де, Астана уақытымен 04:00-де түсе бастаған. Бір тәулікте 1,5 мыңға жуық шағым тіркелген.

Еске салайық, 18 шілдеге қараған түні Украина дрондары Ресейдің Тамбов және Мәскеу облыстарындағы Wildberries маркетплейсінің екі ірі логистикалық орталығына шабуыл жасады. Ресей билігі шабуыл салдарынан сегіз адам қаза тауып, шамамен 50 адам түрлі жарақат алғанын хабарлаған еді.

Депутат құрылыс салушыларға жаңа талаптар ұсынды
Фото: korter.kz

Депутат Мақсұт Насибулов мемлекет қаржысына салынатын тұрғын үйлердің ауласын абаттандыруға міндетті талаптар енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, тұрғындар пәтермен бірге балалар алаңы, жарықтандырылған аула, жаяу жүргіншілер жолы және демалыс орындарымен де қамтамасыз етілуі керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Депутат премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған сауалында тұрғын үй құрылысының сапасын бағалауда баспананың шаршы метрі мен санына ғана назар аудару жеткіліксіз екенін айтты. Оның сөзінше, азаматтарға арналған үй айналасында инфрақұрылым мен өмір сүруге қолайлы ортаның болуы да маңызды.

“Елімізде тұрғын үй салғанда азаматтарға тек пәтер берумен шектелеміз бе, әлде жайлы өмір сүруге қажет ортамен де қамтамасыз етеміз бе? Бұл мәселе бізді көптен бері алаңдатып келеді. Сол себепті үйлер санымен қатар, тұрғындардың өмір сүру жағдайына да назар аудару қажет. Өйткені кейбір үйлердің ауласы абаттандырылмай, қажет инфрақұрылымсыз қалады. Балалар алаңы, жарықтандыру және жаяужол салу жағы ескерусіз қалып жатыр”, – деді депутат.

Оның айтуынша, тұрғын үй кешендерінде балалардың ойнауына, тұрғындардың спортпен айналысып, серуендеуіне арналған орындар, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған демалыс аймақтары да ескерілуі керек.

“Қалыпты ауласы жоқ, абаттандыру жұмыстары толық жүргізілмеген үйлер мен кешендерді толыққанды тұрғын үй деп айта аламыз ба? Бұл – бүгінгі күннің маңызды әлеуметтік мәселесі”, – деді Насибулов.

Депутаттың пікірінше, бұл мәселе әсіресе аудан орталықтары мен ауылдарда өзекті. Мемлекет ауылдарға мұғалімдер мен дәрігерлерді тартуға күш салып жатыр. Десе де мамандарға баспана берумен шектелмей, олардың отбасы үшін де қолайлы орта қалыптастыру қажет.

“Біз қажет маман иесін, жас отбасын жоба негізінде ауылға шақырып, тек азын-аулақ мал-мүлік және пәтер ұсынумен ғана шектелеміз. Жағдай бұлай болмауы керек”, – деді ол.

Депутат Үкіметке қандай ұсыныстар айтты?

Насибулов тұрғын үй ортасының сапасын жақсарту үшін мына ұсыныстарды айтты:

Тұрғын үйлерге ортақ талап енгізу. Мемлекет қаржысына және басқа да қаражат көздері есебінен салынатын үйлердің ауласы мен инфрақұрылымына қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу;

Абаттандыруды құрылыс жобасына міндетті түрде енгізу. Балалар және спорт алаңдары, жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолдары, көгалдандыру мен демалыс орындары алдын ала жоспарлануы керек;

Бұрын салынған мемлекеттік тұрғын үйлерді тексеру. Жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстардың іс жүзінде орындалғанын анықтау;

Талаптарды ауылдарда да қолдану. Бірыңғай стандарт аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендерге де енгізіліп, әр өңірдің ерекшелігі ескерілуі қажет.

Депутат ауылдарға қалалық үлгіні сол күйінде көшіруді емес, барлық елді мекенде қауіпсіз әрі қолайлы өмір сүруге қажет базалық жағдайды қамтамасыз етуді ұсынып отыр.

“Біз қанша шаршы метр тұрғын үй салдық?” деп қана қарау қателік. Дұрысы: “Салынған үйлердің тұрғындары үшін біз қаншалықты деңгейде өмір сүру жағдайын қалыптастырдық?” деген сауал алға шығуы тиіс”, – деді Насибулов.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда тұрғын үйлердің жанына автокөліктерді тұраққа қоюға тыйым салынады деген ақпарат тарағаны туралы жазған едік.

"Шығыны табысынан көп": Депутат Қазақстанда күнкөріс минимумын көтеруді ұсынды
Фото: pkzsk.info

Құрылтай отырысында депутат Асхат Рахымжанов Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы жүргізген сауалнамаға қатысқан көптеген отбасының ай сайынғы шығыны табысынан көп екенін мәлімдеді. Осыған байланысты партия күнкөріс минимумын көтеруді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, экономиканың жыл сайын 5%-дан астам өсуі қарапайым отбасылардың тұрмыс деңгейіне де әсер етуі керек.

“Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша, экономика жыл сайын 5%-дан астам өседі. Алайда социал-демократ ретінде біз басты сұрақты қоюымыз керек: бұл экономикалық өсім әр отбасы үшін нені білдіреді? Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өз сауалнамасын жүргізді. Сауалнамаға қатысқан отбасылардың едәуір бөлігінің ай сайынғы шығыны табысынан асып түседі. Әрине, бұл бүкіл елді қамтитын статистика емес. Дегенмен, бұл – назар аударуды қажет ететін маңызды белгі, оны елемеуге болмайды”, – деді Асхат Рахымжанов.

Депутат күнкөріс минимумын көтеру қажет деп санайтынын айтты.

“Бұл өзгеріс күнкөріс минимумының көрсеткішінен ғана көрініс таппауы керек. Ол әлеуметтік стандарттар мен мемлекеттік қолдау жүйесінде де ескерілуі тиіс. Экономиканың тұрақтылығы жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынымен ғана өлшенбейді. Ол әр отбасының тұрмысы қаншалықты тұрақты екеніне де байланысты”, – деді депутат.

Айта кетейік, бұған дейін Құрылтайда шоты бұғатталған қазақстандықтарға күнкөрісіне ақша қалдыру мәселесі көтерілгені туралы жазған едік.

Қызылордада жаттықтырушының жасөспірімді зорлау ісі: Жәбірленушінің отбасына іс қозғалып, 4 адам ұсталды
Фото: shutterstock

Қызылорда облысының прокуратурасы жасөспірімді зорлады деп күдікке ілінген жаттықтырушының 2024 жылы жұмыстан шығарылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство мәліметінше, ол қызметінен былтыр қыркүйекте босатылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті Тереңөзек ауылының тұрғыны. Ол жұмысынан 2025 жылы 18 қыркүйекте шеттетілген.

“Күдікті Қызылорда облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты “Қайсар” ойын спорт түрлері клубына 2023 жылы 4 қаңтардағы бұйрықпен жаттықтырушы болып қабылданған. Ал 2025 жылы 18 қыркүйекте қызметінен босатылған. Оның 2024 жылы жұмыстан шығарылғаны туралы мәлімдеме негізсіз”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Тергеу органы Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабы (Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыну) негізінде Қызылорда облысының әкімдігіне ұсыныс енгізген. Прокуратура істің заңдылығы мен тергеудің объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында оны ерекше бақылауға алғанын хабарлады.

Сонымен қатар ведомство кәмелетке толмаған жәбірленушінің отбасы мүшелеріне қатысты істің мән-жайын да түсіндірді.
“Тергеу барысында кәмелетке толмаған жәбірленушінің отбасы мүшелері күдіктілерді күштеп алып кетіп, қорлағаны және ұрып-соққаны анықталды. Осыған байланысты Қызылорда облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 389-бабының 3-бөлігі (Өзiнше билiк ету) және 125-бабының 2-бөлігінің 1, 3-тармақтары (Адам ұрлау)бойынша қылмыстық істер тіркеді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Іс бойынша төрт күдікті ұсталды. Олардың екеуіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды”, – делінген жауапта.
Тергеу кезінде басқа адамдардың әрекеттерінен де Қылмыстық кодекстің 122-бабында (Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау, сол сияқты көрінеу кәмелетке толмаған адам көрсететін жезөкшелік қызметті, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметті алу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған. Осыған байланысты облыстық полиция аталған баптың 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеп, сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Прокуратура тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданатынын мәлімдеді.

Бұған дейін жәбірленуші тергеушілердің іс материалдарымен танысуға мүмкіндік бермегенін, құжаттарды оқымай тұрып қол қоюға мәжбүрлегенін айтқан еді. Алайда прокуратура бұл мәлімдемемен келіспейді.

“Іс бойынша жәбірленушінің заңды өкілі мен өкілі материалдармен толық танысты. Олар құжаттарға қол қойып, іс материалдарының көшірмелерін алды. Қазір Қылмыстық-процестік кодекстің 302-бабының талаптарына сәйкес, қосымша тергеу жүргізу үшін іс Қызылорда облысының полиция департаментіне жолданды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында хоккей жаттықтырушысы оқушы қызды екі жыл бойы зорлап келгені туралы жазған едік.

Тупак Шакурдың өлімі: Қылмысты ұйымдастырушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Фото: Getty Images/Reuters

Дуэйн "Кеффи Ди" Дэвис 1996 жылы рэпер Тупак Шакурдың өлімін ұйымдастырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бірақ ол 40 жылдан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатыла алады. Бұл туралы Tengri Life NBC News-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімге кісі өлтіруден пайда тапқаны үшін қосымша 20 жыл түрме жазасы да енгізілді.

Судья Карли Кирни үкімді жариялау кезінде сотталушыға адамды өмірінен айыруға құқығы жоғын айтты.
“Үш жыл бойы сізден бір сөздің әртүрлі нұсқасын естіп келемін. “Иә, мен бұған қатыстым. Бірақ қазір мен басқа адаммын. Өткен өмірімді артта қалдырдым. Комптоннан кеттім. Қазір немеремнің атасымын” дейсіз. Сіздің адамды отбасынан тартып алуға құқығыңыз жоқ. Оның өмірін, бүкіл болашағын қиып, содан кейін ештеңе болмағандай кете алмайсыз", – деді судья айыпталушыға қарап.
Осылайша, ол өмір бойына сотталып, 40 жылдан кейін шартты түрде түрмеден шыға алады.

Сейсенбі күні ол сот отырысына қолына кісен салынып, қою көк түсті түрме киімімен келді. Судья одан сотқа және Шакурдың отбасына айтары бар-жоғын сұрағанда, Дэвис жауап беруден бас тартты.

"Менде бәрі жақсы", – деді ол.

Кларк округі прокурорының бірінші орынбасары Бину Палал Дэвистің бұған дейін тағы бес қылмыс бойынша сотталғанын және оның көпшілік алдында жасаған мәлімдемелерін алға тартып, оған ең қатаң жаза тағайындауды сұрады.

"Сіз қандай шешім қабылдасаңыз да, ол ең ауыр жазаға лайық деп санаймын. Өз әрекеттерімен, мінез-құлқымен және бүгінгі сот алдында өзін қалай ұстағанымен ол бұл жазаны өзіне өзі лайық етті. Ол ең қатаң жазаға жүз % лайық", – деді Палал судьяға.

Дэвис әзірге Тупак Шакурдың өліміне байланысты сотталған жалғыз адам болып отыр. Оған рэперге  оқ атқан деген айып тағылған жоқ. Алайда айыптаушы тарап Дэвис шабуыл кезінде қолданылған қаруды беріп, қылмысты ұйымдастыруға көмектескенін мәлімдеді.

АҚШ-та Тупак Шакурдың өліміне қатысты көп жыл бойы ашылмай келген атышулы істердің бірі бойынша сот процесі аяқталды. 1996 жылғы 7 қыркүйекте белгісіз біреу Лас-Вегаста рэпер Тупак Шакур мен музыкалық магнат Мэрион "Шуг" Найт клубқа бара жатқан кезде өтіп бара жатқан көліктен оқ атқан. Музыкант алған жарақатынан 13 қыркүйекте қайтыс болды. Ал "Шуг" Найт аман қалды.

Дуэйн "Киффи Ди" Дэвис – Тупак Шакурдың өліміне қатысты жауапқа тартылған жалғыз адам. Прокурорлар басқа адамдарға айып тағуға жеткілікті негіз жоқ екенін мәлімдеді. Рэперге оқ атылған көлікте болған деген болжам бар тағы үш ер адам да қайтыс болған.

Дэвис сол кезде South Side Compton Crips қылмыстық тобының жетекшілерінің бірі болған. Ал "Шуг" Найт пен Тупак келісімшарт бойынша жұмыс істеген Death Row Records музыкалық лейблі қарсылас Mob Piru Bloods тобымен байланысты болған.

2019 жылы "Киффи Ди" рэпердің өлімі туралы баяндаған мемуар кітабын шығарды. Оның жазуынша, Тупак Шакур Дуэйн Дэвистің жиені Орландо Андерсонмен төбелескен. Осыдан кейін South Side Compton Crips тобының мүшесі болған Дэвис бұл оқиғаны жазасыз қалдырмау туралы шешім қабылдаған.

"Киффи Ди" музыкантқа оқ атылған көлікте өзі де болғанын және кісі өлтіруге қолданылған тапаншаны өзі бергенін айтты.

Дэвис 2023 жылы тұтқындалды. Ол өзінің мемуар кітабындағы мәлімдемелерінен бас тартуға тырысып, кітапты ақша мен атақ үшін шығарғанын және онда нақты не жазылғанын білмегенін алға тартты. Сотта оның қорғаушылары да осы ұстанымды қолдады.
"Сіз оқып отырған кітап – нақты деректерге емес, ойдан шығарылған оқиғаларға негізделген шығарма. Алайда мемлекет мұны мойындау деп қабылдағаныңызды қалайды", – деді "Киффи Ди" Дэвистің адвокаты Майкл Санфт.
Соған қарамастан, алқабилер Дэвисті қару қолдану арқылы бірінші дәрежелі кісі өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза – шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айыру.

Еске салайық, былтыр 17 қыркүйекте рэпер әрі продюсер Puff Daddy (P.Diddy деген атпен белгілі) рэкет, сексуалды құлдық пен сауда және жеңгетайлық үшін қамауға алынып, Голливудта үлкен шу шыққан еді. Рэпердің ұйымдастырған кештерінде танымал поп-жұлдыздардың болғаны да белгілі, желіде фотолар пайда болған.

Банк пен финтех: Серіктестік автонесие нарығын қалай өзгертеді
Қазір сұранысқа ие қаржы өнімін ұсыну несие берумен шектелмейді. Ең бастысы – қызмет көрсетудің толық циклін жылдам, ыңғайлы әрі цифрлы форматқа көшіру. Осыған орай, банктер қаржылық сараптаманы финтех-компаниялардың технологиялық мүмкіндіктерімен біріктіруге көшті. Bank RBK мен Sapa Digital Finance ынтымақтастығы – осы үрдістің жарқын дәлелі.

"Бірлік болмай, тірлік болмас"

Әлемде банктердің жұмыс тәсілі өзгеріп жатыр. Бұрын қаржы ұйымдары қызмет көрсетуге қажетті жүйелерді өздері әзірлеуге ұмтылса, қазір технологиялық компаниялардың көмегіне жүгінеді. Бұл жаңа қызметтерді тез іске қосуға, құжат рәсімдеу жұмысын жеңілдетуге және шығынды азайтуға мүмкіндік береді.

Бұл тәсіл Қазақстанның автонесие нарығында да маңызды. Бірінші кредиттік бюроның дерегіне сүйенсек, 2023–2025 жылдары нарық көлемі шамамен 44 %-ға өсіп, 2,39 триллион теңгеге жеткен. Көлік алуға несие сұрайтындар көбейген сайын, банктер үшін клиентке тиімді шарт ұсынып қана қоймай, несиені оңай әрі жылдам рәсімдеу де маңызды болып отыр.

Өтінім беруден көлік алуға дейін

Bank RBK мен Sapa Digital Finance (SDF) 2023 жылдан бері бірге жұмыс істейді. Бұл серіктестікте әр компания өз міндетін атқарады: банк несие беруге қажетті қаржыны қамтамасыз етіп, оның шарттарын белгілейді. Ал SDF өтінімдерді қарау, құжаттарды рәсімдеу және клиенттермен, автосалондармен байланыс орнату жұмыстарын цифрлық жүйе арқылы ұйымдастырады.

Bank RBK басқарма төрайымы Наталья Акентьева технологияны тиімді пайдаланудың маңызын атап өтті.

"Бүгінде банктің бәсекеге қабілетті болуы технологияны клиентке нақты пайда әкелетін құралға айналдыра білуіне де байланысты. Sapa Digital Finance компаниясымен серіктестік дайын технологиялық жүйені пайдалануға, автонесие беруді кеңейтуге және клиенттерге қаржыландыру рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Әр тараптың тәжірибесін біріктіру арқылы сұранысқа ие өнім ұсынып, бизнесті дамытуға болады", — дейді ол.

Серіктестік басталғалы бері 65 мың қазақстандық автонесие алған. SDF әзірлеген жүйе банк, автосалон және клиент арасындағы байланысты жеңілдетеді. Соның арқасында еліміздің әр өңіріндегі серіктес автосалондардан көлік алуға несие рәсімдеуге болады.

Өтінім жасанды интеллект көмегімен нақты уақыт режимінде қаралады. Кепілді тіркеуді қоса алғанда, құжаттарды рәсімдеу жұмыстары бір күнде аяқталуы мүмкін.

Бұл мүмкіндік көлікті күнделікті жүріп-тұру үшін ғана емес, күнкөрісіне табыс табу үшін пайдаланатын адамдарға да пайдалы. Мәселен, серіктестік аясында жеке кәсіпкерлерге 10 мыңнан астам автонесие берілген.

Алайда несиені тез беру оның қайтарылуына қатысты тәуекелдерді елемеуге болады деген сөз емес. Банк қарыз алушының төлем қабілетін мұқият бағалауы керек. Осы тұста скоринг жүйелері қолданылады. Олар клиенттің қаржылық жағдайын талдап, несие беру-бермеу туралы шешім қабылдауға көмектеседі.

Мұндай жүйелердің мақсаты — несиені жылдам рәсімдеу ғана емес, қарыздың уақытында қайтарылмау қаупін де азайту. Осылайша, технология клиентке қызмет көрсетуді жеңілдетіп қана қоймай, банктің несие берудегі жауапкершілігін арттыруға да ықпал етеді.

Серіктестіктің тағы бір бағыты — Қазақстанда құрастырылған көліктерді сатып алуға арналған субсидиялау бағдарламаларына қатысу. Мұндай қолдау отандық автомобильдерді сатып алуды жеңілдетіп, қазақстандық өндірістің дамуына септігін тигізеді.

Технология – тұтынушыға қызмет етеді

Sapa Digital Finance компаниясының Бақылау кеңесінің төрағасы Ельдар Теңізбаев технологияның құндылығы оның адамдарға қаншалықты пайда әкелетінімен өлшенетінін айтады.
"Біз үшін технологияның басты міндеті — адамдардың өмірін жеңілдету. Қазір клиенттер автонесиені тиімді шартпен алып қана қоймай, оны тез әрі артық әуреленбей рәсімдегісі келеді. Bank RBK-мен бірге банктің сенімділігін, жасанды интеллектке негізделген технологияларымызды және кең автосалондар желісін бір арнаға тоғыстырдық. Мұның бәрі көлік сатып алу жолын жеңілдетіп, қаржыландыруды қолжетімді етуге бағытталған. Жасанды интеллект өтінімдерді қарау уақытын қысқартып, қызмет көрсетуді жақсартуға көмектеседі. Берілген 65 мың автонесиенің артында өз мақсаты мен жоспары бар мыңдаған отбасы, кәсіпкер және жеке адам тұр. Біз үшін серіктестіктің ең маңызды нәтижесі — осы. Заманауи технология ең алдымен адамға қызмет етуі керек", — дейді ол.
Bank RBK мен SDF-тің бірлескен жұмысы қаржы саласындағы өзгерісті аңғартады: банк тәжірибесі мен технологиялық мүмкіндіктер біріккенде, клиентке қызмет көрсету де жеңілдей түседі. Банк несие беру аясын кеңейтсе, финтех компаниясы процестердің цифрлық жүйеде жүруін қамтамасыз етеді. Ал клиент көлік сатып алуға қажетті қаржыны рәсімдеуге кететін уақытын үнемдейді.

Бүгінде қаржы нарығында табысқа жету үшін барлық жұмысты бір ұйымның өзі атқаруы міндетті емес. Керісінше, әр тараптың мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, клиентке қолайлы қызмет ұсыну маңызды.

Bank RBK — Қазақстандағы ірі коммерциялық банктердің бірі. Корпоративтік несие портфелінің көлемі бойынша елде 5-орында, активтері бойынша 7-орында, меншікті капиталы бойынша 10-орында.

Sapa Group — қаржы технологиялары, жасанды интеллект және бизнес процестерін автоматтандыру бағытында жұмыс істейтін қазақстандық компаниялар тобы.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026 жылғы 15 шілдеде берген № 1.1.821.135 лицензиясы.

2027 жылдан бастап банктер қазақстандықтардың шоттары мен депозиттері туралы деректерді Үкіметке береді
Фото: Ашық дереккөзден алынған

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік көмек алушылардың банк шоттары, депозиттері, кірістері мен шығыстары отбасының әл-ауқатын бағалау кезінде ескеріледі. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Құрылтай отырысында 1 қаңтардан бастап әлеуметтік көмек алушылардың банк шоттары, депозиттері, кірістері мен шығыстары отбасының әл-ауқатын бағалау кезінде ескерілетінін мәлімдеді.

Депутат Наталья Рамазанова министрден мемлекет қолдауына мұқтаж емес азаматтарды қалай анықтайтынын және отбасының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда әлеуметтік көмек алу мүмкіндігі қалай өзгеретінін сұрады.

Министрдің айтуынша, отбасының әл-ауқаты "Отбасының цифрлық картасы" жүйесі арқылы бағаланады. Ол мемлекеттік дерекқорлардан алынған мәліметтер негізінде отбасының жағдайын сегіз бағыт бойынша талдайды. Олардың қатарында жұмыспен қамтылу, кірістер, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, кредиттік міндеттемелер мен білім деңгейі бар.

Ертаевтың түсіндіруінше, А санатына табысы жоғары азаматтар, ал В санатына тұрмыстық жағдайы жақсы отбасылар жатады.

"Енді шығыстар ескеріле ме деген сұрағыңызға жауап берейін. Иә, ескеріледі. Заңға сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап екінші деңгейлі банктер алушының және оның отбасы мүшелерінің келісімімен банк шоттары мен депозиттері туралы мәліметтер береді. Бұл жұмыста кірістер де, шығыстар да ескеріледі", – деді министр.

Оның айтуынша, отбасының әл-ауқат санаты ай сайын анықталады.

Министр отбасының қаржылық жағдайы өзгерген жағдайда мемлекеттік қолдау шаралары да қайта қаралатынын ескертті.

"Мысалы, отбасы қазан айында В санатында болып, қандай да бір тәуекелдерге байланысты желтоқсанда С санатына өтсе, онда бұл үй шаруашылығына мемлекеттік қолдау шаралары проактивті түрде бірден тағайындалады", – деді Асқарбек Ертаев.

Оның сөзінше, жүйе отбасылардың материалдық және әлеуметтік жағдайын тұрақты түрде жаңартып, өзгерістерге уақтылы әрекет етуге мүмкіндік береді.

Қандай реформа туралы сөз қозғалып отыр?

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақының 10 түрін тағайындау тәртібі өзгереді.

Жәрдемақы тағайындау кезінде адамның немесе отбасының материалдық жағдайы ескеріледі. Ол үшін әл-ауқаттың бес санаты енгізіледі:

А санаты – жоғары деңгей. Табысы жоғары, жылжымайтын мүлкі және басқа да активтері бар отбасылар;

В санаты – ауқатты деңгей. Тұрақты табысы, баспанасы және қаржылық жағдайы тұрақты отбасылар;

С санаты – қанағаттанарлық деңгей. Табысы аз, несиелері бар және қаржылық мүмкіндіктері шектеулі отбасылар;

D санаты – экономикалық тұрғыдан осал деңгей. Табысы төмен, қарыздары бар немесе жұмысқа орналасуда қиындықтарға тап болған отбасылар;

E санаты – экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан осал деңгей. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар.

Жаңа ережеге сәйкес, А және В санаттарына жатқызылған отбасылар бекітілген тізімдегі жәрдемақыларды ала алмайды.

Егер адам жәрдемақы алып жүріп, отбасының әл-ауқатын бағалау нәтижесінде А немесе В санатына жатқызылса, төлем тоқтатыла тұруы мүмкін. Ал материалдық жағдайы нашарлап, келесі ай сайынғы бағалау кезінде отбасы С, D немесе E санатына өтсе, төлем қайта тағайындалуы мүмкін.

Өзгерістер, соның ішінде, бала туған кездегі біржолғы жәрдемақы мен бала бір жарым жасқа толғанға дейін берілетін ай сайынғы күтім төлеміне қатысты болады. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл жәрдемақыларды тағайындау кезінде де отбасының материалдық жағдайы ескеріледі.

Айта кетейік, бұған дейін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда 10 түрлі мемлекеттік жәрдемақы берілетін біржолғы төлемді тағайындау тәртібі өзгеретінін жазған едік.

Алдағы үш жыл ел бюджеті қайда жұмсалатыны белгілі болды
Фото: ашық дереккөзден

Құрылтай депутаттары "2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Құрылтайдың Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысында атап өтілгендей, 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері бюджет қағидаларын сақтау және шығыстарды әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарына шоғырландыру ескеріле отырып айқындалған.

Экономикалық өсім қандай болады?

Құжатқа сәйкес, 2027–2029 жылдары Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің орташа жылдық өсімі 5,4 пайыз деңгейінде болжанып отыр. Номиналды жалпы ішкі өнім 2027 жылғы 199,3 триллион теңгеден 2029 жылы 245 триллион теңгеге дейін ұлғаяды деп күтіледі.

Жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 2027 жылы 7,5–9,5 пайыз, ал 2028–2029 жылдары 6–8 пайыз деңгейінде белгіленген.

Бюджет кірісі мен Ұлттық қорға түсетін қаражат

Трансферттерді есептемегенде, республикалық бюджеттің кірісі 2027 жылы 19,9 триллион теңге болады деп болжанып отыр. Бұл – ағымдағы жылға арналған бағалаудан 2,8 триллион теңгеге артық.

2028 жылы бюджет кірісі 21,7 триллион теңге, ал 2029 жылы 23,3 триллион теңге көлемінде жоспарланған.

Салықтық емес түсімдер 377 миллиард теңге, арнайы түсімдер 18 миллиард теңге мөлшерінде белгіленген.

Трансферттерден түсетін кіріс 2027 жылы 5,5 триллион теңге, 2028 жылы 5,3 триллион теңге, 2029 жылы 4,9 триллион теңге болады деп болжанған.

Жобаға сәйкес, Ұлттық қордан берілетін трансферттердің жалпы көлемі 2027 жылы 4,4 триллион теңге, 2028 жылы 3,9 триллион теңге, 2029 жылы 3,5 триллион теңге болады.

Оның ішінде кепілдендірілген трансферт көлемі 2027 және 2028 жылдары жыл сайын 2,4 триллион теңге, ал 2029 жылы 2 триллион теңге деңгейінде белгіленген.

Мұнай секторындағы ұйымдардан Ұлттық қорға түсетін қаражат 2027 жылы 3,78 триллион теңге болады деп болжанып отыр. Есеп мұнай өндіру көлемі 96 миллион тонна, әлемдік нарықтағы мұнай бағасы барреліне 70 доллар және доллар бағамы 480 теңге болады деген болжамға негізделген. Бұл – 2026 жылға арналған бағалаудан 342 миллиард теңгеге аз.

Бюджет қаражаты қайда жұмсалады?

Бюджеттің негізгі басымдықтары қатарында мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындау және адам капиталын дамыту бар. Бұл бағытта білім беру, ғылым мен денсаулық сақтау салаларына қолдау көрсету көзделген.

2027 жылы бюджет қаражаты мына бағыттарға бөлінеді:

Адам капиталын дамытуға – 10,5 триллион теңге немесе жалпы бюджет шығыстарының 35 пайызы.

Оның ішінде:

әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға – 6,9 триллион теңге;

денсаулық сақтауға – 2,5 триллион теңге;

білім беру мен ғылымды дамытуға – 897 миллиард теңге.

Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге, дәрі-дәрмекпен қамтуға және медициналық сақтандыруға бағытталады.

Өңірлерді қолдауға – 7,4 триллион теңге немесе бюджет шығыстарының 24,8 пайызы. Қаражат инфрақұрылымды дамытуға және өңірлерде қолайлы жағдай жасауға жұмсалады.

Экономиканың нақты секторына – 3,7 триллион теңге немесе 12,3 пайыз. Бұл қаражат көлік инфрақұрылымына, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, кәсіпкерлікке және цифрлық дамуға бағытталады.

Қауіпсіздік пен мемлекеттік басқаруға – 4,9 триллион теңге немесе 16,3 пайыз.

Мемлекеттік борышқа қызмет көрсетуге – 3,5 триллион теңге немесе жалпы бюджет шығыстарының 12 пайызы.

2029 жылға қарай бюджет тапшылығы азаяды

Бюджет жобасына сәйкес, республикалық бюджет тапшылығы 2027 жылы 4,6 триллион теңге, 2028 жылы 2,2 триллион теңге, ал 2029 жылы 1 триллион теңге болады деп болжанған.

Осылайша, үш жыл ішінде бюджет тапшылығын кезең-кезеңімен қысқарту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар депутат Ольга Перепечина бюджет жоспарлаудың сапасын одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті.

"Жалпы алғанда, бюджет жобасы теңгерімді, әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруды қамтамасыз етеді, экономиканың нақты секторын қолдау мен инфрақұрылымды дамытуды көздейді. Сондай-ақ бюджет тапшылығын біртіндеп қысқартуға бағытталған", – деді депутат.

Оның айтуынша, алдағы уақытта макроэкономикалық болжамдардың дәлдігін арттыруға, бюджеттің меншікті кірістерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, Ұлттық қор трансферттеріне тәуелділікті азайтуға және шығыстардың тиімділігін арттыруға басымдық беру қажет.

Сондай-ақ мемлекеттік борыш пен оған қызмет көрсету құнын бақылауды күшейту маңызды.

"Бұл мәселелер Үкіметтен жекелеген көрсеткіштерді формалды түрде түзетуді емес, орта мерзімді кезеңге арналған бюджеттік жоспарлау сапасын жүйелі түрде арттыруды талап етеді", – деп атап өтті Ольга Перепечина.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Үкіметі 2027–2029 жылдарға арналған бюджет жобасында инфляцияның біртіндеп төмендеуін болжағаны туралы жазған едік.