Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Евровидение-2019" жеңімпазы орындаған ән жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

"Евровидение-2019" байқауының ресми сайтында көрермендердің дауыс беру нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Байқауда Arcade әнін орындаған нидерландық Дункан Лоуренс жеңіске жетті. Екінші орынды Mahmood есімді италиялық еншілесе, үшінші орын ресейлік Cергей Лазеревке бұйырған.

Сайтта жарияланған нәтижелерге сүйенетін болсақ, жеңімпазға Бельгия мен Румынияның телекөрермендері максималды ұпай жинауға көмектескен. Оған қоса Дункан Лоуренске Армения, Беларусь, Польша және Мальтадан дауыс берген болатын.

Әлеуметтік желі қолданушылары "Arcade" атты әннің жүректі қарып өткенін жарыса жазып жатыр. 

Талқылау