Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕУРО-2021: Ресей Еуропа чемпионатынан шығып қалды

Футболдан Еуропа чемпионатында плей-оффқа жолдама алған құрамалардың саны артып келеді. Кезекті ойын күнінде Ресей – Дания, Финляндия – Бельгия матчтары өтті.

В тобы

Ресей – Дания 1:4 

Дания алғашқы минуттан алаңда басым болып, бірінші таймда екі гол соқты. Бұған Ресей құрамасы жалғыз голмен жауап қатып, есеп айырмасын қысқартқан. Алайда Дания қайта күш алып, бұған жауап ретінде тағы екі гол соғып, есепті 4:1-ге жеткізді.

Еуропа чемпионаты – 2020. В тобы. 3-тур.

Ресей – Дания 1:4 (0:1)

Голдар: Дзюба 70 – Дамсгор 38, Поульсен 59, Кристенсен 79, Меле 82.

Ресей : Сафонов (Қ), М. Фернандес, Дивеев, Оздоев (Жемалетдинов 61), Зобнин, Кудряшов (В. Караваев 67), Джикия, Ал. Миранчук (Соболев 61), Головин, Дзюба (К), Кузяев (Мухин 67).

Дания: Шмейхель (Қ), Вестергор, Кьер (К), Меле, Кристенсен, Дилейни (Йенсен 86), Брейтвейт (Корнелиус 85), Дамсгор (Нергор 72), Васс (Стрюгер-Ларсен 60), Поульсен (Дольберг 60), Хейбьерг.

21 маусым. Копенгаген. "Паркен". 

 

Финляндия – Бельгия 0:2 

В тобының көшбасшысы Бельгия мен аутсайдері Финляндия кездескен ойында 2 гол соғылды. Алғашқы таймда көрермендер гол көре алған жоқ, тек екінші таймда Финляндия ойыншысы өз қақпасына гол соғып алды. Ал артынша Ромелу Лукаку есепті еселеді. 

Еуропа чемпионаты – 2020. В тобы. 3-тур.

Финляндия – Бельгия 0:2 (0:0)

Голдар: Градецки а/г 74, Лукаку 84.

Финляндия: Градецки (Қ), Араюри, О’Шонесси, Тойвио, Г. Камара, Лод (Форсс 90+1), Пукки (Ф. Йенсен 90+1), Спарв (К) (Шюллер 59), Уронен (Алхо 70), Похьянпало (Кауко 70), Райтала.

Бельгия: Куртуа (Қ), Вермален, Боята, Денайер, Докю (Батшуайи 76), Троссард (Менье 75), Витсель, Де Брейне (Ванакен 90+1), Э. Азар (К), Шадли, Р. Лукаку (Бентеке 84).

21 маусым. Санкт-Петербург. "Санкт-Петербург". 

Талқылау