Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕУРО-2021: Ресей 9 жылдан соң алғашқы жеңісіне жетсе, Италия мықтылығын оңай дәлелдеді

Футболдан Еуропа чемпионатының  2-тур ойындары басталды. Бұл күні Италия, Ресей және Уэльс үш ұпайды қанжығасына байлады.

Финляндия – Ресей 0:1 

Ресей құрамасы бұл матчта айқын фаворит болғанымен ойында бәрі басқаша өрбіді. Егерде Алексей Миранчуктың тамаша соққысы болмағанда орыс футболшылары үш ұпайсыз қалуы әбден мүмкін еді. 

Матч тағдырын шешкен жалғыз голдың арқасында Ресей 9 жылдан соң Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде жеңіске жетіп отыр.

В тобы. 2 тур

Финляндия – Ресей 0:1 (0:1)

Гол: Ал. Миранчук 45+2.

Финляндия: Градецки (Қ), Араюури (К), О'Шонесси, Тойвио (Йенсен 85), Г. Камара, Лод, Пукки (Лаппалайнен 75), Шюллер (Кауко 67), Уронен, Похьянпало, Райтала (Сойри 75).

Россия: Сафонов (Қ), М. Фернандес (Караваев 26), Дивеев, Оздоев (Жемалетдинов 61), Баринов, Зобнин, Джикия, Ал. Миранчук (Мухин 85), Головин, Дзюба (К) (Соболев 85), Кузяев.

 

Түркия – Уэльс 0:2 

Түріктердің жарыста жолы болар емес. Алғашқы матчында қарсылас қақпасына бірде-бір соққы жасамаған олар бұл жолы да Уэльске қарсылық көрсете алмады. Уэльстің бас жұлдызы Гарет Бейлдің жасаған екі нәтижелі пасын әріптестері голға айналдырып, үш ұпайды иемденді.

А тобы. 2 тур

Түркия  – Уэльс 0:2 (0:1)

Голдар: Рамзи 42, К. Робертс 90+5.

Соғылмаған пенальти: Бейл 61.

Түркия  : Чакыр (Қ), Челик, Сеюнчю, Йокушлу (Демирал 46), Туфан (Языджы 46), Юндер (Кахведжи 83), Караман (Дервишоглу 75), Чалханоглу, Мераш (Мюлдюр 72), Йылмаз (К), Айхан.

Уэльс: Уорд (Қ), Б. Дэвис, Родон, Аллен (Ампаду 73), Рамзи (Уилсон 85), Бейл (К), Мур, К. Робертс, Моррелл, Джеймс (Н. Уильямс 90+4), Мепам.

 

Италия – Швейцария 3:0 

Турнирдің басты фавориттерінің бірі Италия Швейцарияның қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Локателли дубль авторы атанса, Иммобиле алыстан жасаған соққысы голға айналды.

А тобы. 2 тур

Италия – Швейцария 3:0 (1:0)

Голдар: Локателли 26, 52, Иммобиле 89.

Италия: Доннарумма (Қ), Ди Лоренцо, Бонучи, Кьеллини (К) (Ачерби 26), Спинацола, Барелла (Кристанте 87), Жоржиньо, Локателли (Пессина 86), Берарди (Толои 70), Иммобиле, Л. Инсинье (Кьеза 69).

Швейцария: Зоммер (Қ), Аканжи, Шер (Цубер 58), Эльведи, Родригес, Г. Джака (К), Фрейлер (Соу 84), Мбабю (Видмер 58), Эмболо, Шачири (Варгас 76), Сеферович (Гавранович 46).

Талқылау