Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕУРО-2021: Әлем чемпионы Германияны жеңсе, Роналду тарихи жетістікке жетті

Футболдан Еуропа чемпионаты басталмай тұрып жанкүйерлер “өлім тобы“ деп атап кеткен F тобының ойындары басталды.

Португалия футболшылары қарсыласы Венгрияның қақпасына жауапсыз үш гол соғып, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Еуропа чемпиондары алғашқы голын тек 84-ші минутта соқты. Артынша Роналду дубль авторы атанды. Бұл оның Еуропа чемпионатында соққан 11-голы болатын. Осылайша, ол Еуропа чемпионаты тарихында ең көп гол соққан ойыншы атанды.

 

Еуропа чемпионаты - 2020. F тобы. 1-тур.

Венгрия – Португалия – 0:3 (0:0)

Гол соққандар: 0:1 – 84 Геррейеро, 0:2 – 87 Роналду (пенальти), 0:3 – 90 Роналду.

 

Топтың екінші матчы – кіші финал атанған. Франция мен Германия арасындағы матч тартысқа толы өтті. Неміс жерінде өткен кездесуде әлем чемпиондары жалғыз голдың арқасында жеңіске жетті. 

Ойынның 20-шы минутында Хуммельс абайсызда өз қақпасына гол соғып, Францияға жеңісті сыйлады.

Франция – Германия – 1:0 (1:0)

Гол: Хуммельс (өз қақпасына – 1:0)

Талқылау