Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕУРО-2020: Нидерланды ұпайдан шашау шығармады, ал Аустрия екінші жолдамаға ие болды

Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңі аясында С тобының матчтары аяқталды.

Үшінші турда С тобындағы командалар плей-офф жолдамасының тағдырын шешті. Бұл топта көш басында болған Нидерланды құрамасы өткен турда келесі кезеңге шығып қойған. Ал екінші орын үшін таласта Украина мен Аустрия ұжымдары кездесті.

Украина – Аустрия 0:1

Екінші жолдаманың иегерін анықтаған матчта Аустрия 1:0 есебімен жеңіп кетті. Енді Украина өз тобында үшінші орын алған құрамалар арасында берілетін жолдамадан үмітті.

Солтүстік Македония – Нидерланды 0:3

Көш басында тұрған Нидерланды топтың аутсайдері Солтүстік Македонияның қақпасына жауапсыз 3 гол соғып, кезекті жеңісіне жетті. Нидерланды құрамасы ұпайдан шашау шығармай, топтан бірінші орынмен шықты.

 
Талқылау