Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Эскалатормен кетіп бара жатқан бүлдіршіннің қолы сатылардың арасына қысылып қалды (видео)

Қытайдың Юаньцзян қалалық уезіндегі сауда орталықтардың бірінде бүлдіршіннің қолы эскалатордың сатыларының арасына қыстырылып қалды. Оқиғаның видеосы желіде тарады.

Эскалатормен кетіп бара жатқан бүлдіршіннің қолы сатылардың арасына қысылып қалды (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Видео кадрларынан баланың анасымен бірге эскалатормен кетіп бара жатқаны көрінеді. Кенеттен бала құлап қалып, анасы оған көмектеспек болады. Алайда баланың қолы сатылардың арасына қысылып қалған. Куәгерлер бірден көмекке асығып, баланың қолын шығарып алмақ болды. Абырой болғанда, күзетші бала құлаған бойда эскалаторды өшіріп үлгерген. 

Хабарланғандай, бала қолы қысылған күйде құтқарушылардың келгенін 45 минут күткен. Олар баланы тыныштандырып, босауына көмектесті.

Өрт сөндірушілердің бірінің сөзінше, бүлдіршін өзін батыл ұстап, айтқандарын бұлжытпай орындаған. Мұнан кейін ол ауруханаға жеткізіліпті. Басылымда балаға қандай диагноз қойылғаны аталмады. Алайда оның қолы сынбағаны белгілі. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр