Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әкесі үшін алаңдаған Бритни Спирс енді сахнаға мүлдем шықпауы мүмкін

Америкалық әнші Бритни Спирс енді сахнаға шықпауы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл жайлы әншінің менеджері Ларри Рудольф TMZ порталына берген сұхбатында айтып берді.

Әкесінің ауруынан қатты соққы алған Бритни Спирс психиатриялық ауруханада бір ай жатып шықты. Белгілі әншінің жағдайы әкесінің ауруынан кейін аяқасты нашарлап кеткен.

Соған орай журналистер мен әншінің тыңдармандары Лос-Анжелесте болатын концерт кейінге қалдырылады деген болжам жасаған болатын.

Жұрттың бұл пікірін ескере отырып, Ларии Рудольф Бритнидің жақын арада Лос-Анжелеске оралмайтынын жасырмады.

«Оның концерттерін кейінге қалдыруға тура келді. Өйткені дәрі-дәрмектер әсер етуін қойып, әкесінің ауруынан ол есін жоғалтып алды", - дейді Рудольф.

Емханадан шыққан Бритни қазіргі таңда өзі-өзін қолға алып, бұрынғы формасына түсуге барын салып жатқан көрінеді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр