Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Есі дұрыс біреу табылмады ма": Тыңдармандар Димашқа клип түсірген режиссерді жерден алып, жерге салды (видео)

Танымал әнші Димаш Құдайберген тыңдармандарына кезекті бейнебаянын ұсынды. Әншінің бұл жолғы туындысы «Біл» деп аталады. Бейнебаянды аз уақыт ішінде 14 мыңнан астам адам көріп үлгерген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Димаш

Сурет: instagram.com/kudaibergenov.dimash/?hl=ru

Жұлдыздың «Біл» атты туындысының сөзін Михаил Гуцериев, ал әнін Игорь Крутой жазған. Ал режиссері мұның алдында «Шаршаған аққулар махаббаты» атты туындыны жарыққа шығаруға көмектескен Алан Бадоев болды. 

«Мен үшін де, Михаил Гуцериев үшін де Димаш – ерекше әртіс. Оған арналып жазылатын өлең жолдары да ерекше болып шығады: метафораға толы, көп ойлануды қажет ететіндей. Бізде аллегорияға толы оқиға баяндалды. Мен үшін мұндай жобаны жүзеге асыру өте қызық болды», - деді Алан Бадоев. 

Димаш Құдайбергеннің өзі де бұл туындының жүрегінде ерекше орын алғанын жасырмады. 

«Бұл оқиға арт, фешн және ертегілік драматургияны үйлестірген. Бейнебаянда мәңгілік оқиғаларды жақсы білетін адамнан биік тұратын рөлді сомдадым», - деді ол. 

Алайда Исландияда түсірілген туынды тыңдармандардың көңілінен шықпаған сыңайлы. Желі қолданушылары оның режиссерін жерден алып, жерге салды. Сондай-ақ, Димашқа америкалық немесе қазақстандық мамандармен ғана жұмыс істеуге кеңес берілді. 

«Құрметті Михаил Гуцериев, сізді миллионер және мәтін авторы ретінде бұдан былай Димашқа Бадоев түсіріп берген бейнебаяндарды қаржыландырмауыңызды сұраймын! Бізге аққулардың өзі жеткілікті болды. Жетпегені осы «шедевр» еді», «Димаш үшін бұдан жақсы клипмейкер табылмай ма әлемде? Джеймс Кэмерон, Стивен Спилберг, өтініш, Димаш үшін ауқымды бейнебаян түсіріп беріңіздерші», «Бұл бейнебаянды сондай күттім. Бадоев барып тұрған ақымақ», «Димаш әдеттегідей биік тұр. Оған ешқандай да клип керек емес сияқты.

Оның мінсіз екені соншалық, бейнебаян оған сай келмей тұр. Димаш үшін тамаша бейнебаян түсіре алатын адам дүниеге келмеген шығар», «Димаш, сен қандай да бір бейнебаяндарсыз-ақ тамашасың. Біз сенің емдік қасиеті бар дауысыңды естігіміз келеді», «Бұдан былай қазақтың талантты режиссерлерімен жұмыс істеген жөн-ау деп ойлаймын Димашқа», «Есі дұрыс режиссер табылмады ма» деп жазды желі қолданушылары. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Нұртас Адамбай Димаштың Игорь Крутоймен бекер байланысқаны туралы айтқан-ды. Өз кезегінде әншінің әкесі Қанат Айтбаев оған өз ісімен айналысуға кеңес берді. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Байбек секілді ұстап алғыларың келе ме?": Шөкеев Түркістанда түскі ас құны қанша екенін айтты

Шөкеев: "Бір кездегі 500 теңгелік түскі ас туралы айтқан Бауыржан Байбек секілді ұстап алғыларыңыз келе ме?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда құс тұмауы жоқ екенін мәлімдеді

Қазақстан құс тұмауынан аулақ болған ел болып танылды

Бірінші орында Lada: Қазақстандықтар қандай отандық құрама көліктерді сатып алады

Қазақстандықтар отандық құрама машиналарын сатып алуда белсенді бола бастады

Ғалымдар артық салмақтан арылудың ең оңай жолын айтты

Мамандар: Құпия кілті – физикалық белсенділік

"Өліп қаламын ба деп қорықтым": Ер адам дәрігерлердің сөзінен кейін 215 келіге арықтады

Ер адам: Клиникадан шыққаннан кейін отыра қалып, еңіреп жыладым

Ресейлік шұжықтан африкалық оба дерті анықталды

Вирус жылдың кез-келген уақытында тез тарала бастайды

"Менің де саясаттан хабарым жоқ": Зеленскийдің "сыңары" арасында оны алмастырып тұруға дайын екенін айтты

Умид Исабаев жуырда Мәскеуге көшіп барған болатын

Дәрігер өзін камераға түсірмек болған әншінің басын жарып, соққының астына алды

Оқиға сұлулық салонында болды

Түркістан облысында зорландым деген жасөспірімнің оқиғасы: Шөкеев пікір білдірді

Өңір басшысының сөзінше, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр

Әйел сүйіктісінің өзіне опасыздық жасап жүргенін картаның көмегімен білді

Ер адам бойжеткенді ұрып-соғып, ақыры істі болды
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр