"Ешқайда барудың да, құжатпен жүгірудің де қажеті жоқ": Салық рақымшылығына ілігу үшін не істеу керек

Салық амнистиясына іліну үшін өтініш жазудың немесе белгілі бір жерге барудың қажеті жоқ. Бір ғана шарт – жиналған негізгі қарызды өтеу. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Қанат Баеділов үкіметте өткен баспасөз конференциясы кезінде айтты. Сондай-ақ, ол бұл процестің қалай жүзеге асатынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

салық рақымшылығы

«Ең алдымен, келесі нәрсеге назарларыңызды аударғым келіп отыр. Өсімпұлды алып тастау үшін физикалық тұлға негізгі қарызды өтеуі тиіс болады. Салық төлеушіге бұл үшін арнайы бір жерге барудың қажеті жоқ. Мемлекеттік кіріс органдары өзі мониторинг жүргізіп, физикалық тұлғалардың шоттарын бақылап отырады. Олар негізгі қарызды төлегеннен кейін өсімпұлға байланысты тиісті шешім шығарады. Осы орайда, 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салық қарызы бар азаматтарды өзінің қарызынан арылу мүмкіндігін пайдалануға шақырамын», - деді Қанат Баеділов. 

Әрі қарай қаржы вице-министрі салық рақымшылығына қатысты құжатқа мемлекет басшысының қол қойғанын еске салды. Сондай-ақ, заңға сәйкес, қарызды кешіру процесі қалай жүзеге асатынын анықтағанын айтты. 

«Дәл қазір бұл ереже тиісті органдарда тексеруден өтіп жатыр. Жуық арада оны мақұлдайтын боламыз. Ережеге сәйкес, әрбір аудандық мемлекеттік кіріс басқармасында комиссия құрылады. Олар негізінен өсімпұлды кешірумен айналысады. Осыған сәйкес, кампанияны бастау да жоспарда бар. Ол шілде айының үшінші тоқсанынан басталмақ», - деді ол. 

Сондай-ақ, Қанат Баеділов азаматтардың өзінің қарызы туралы қайдан біле алатынына тоқталды. Айтуынша, бұл үшін бастапқыда ЭЦҚ қажет болады. Оны қолдану арқылы қарыз туралы мемлекеттік кіріс комитетінің интернет ресурсынан және egov.kz, электронды үкімет сайттарынан білуге болады. 

«Өкінішке орай, бастапқыда ЭЦҚ қажет болады. Мемлекеттік кіріс органдары мен қаржы министрлігі бірігіп, ЭЦҚ-сы жоқ азаматтарға жағдай жасап жатырмыз. Оларға арнап мемлекеттік кіріс комитетінің сайтында арнайы сервис құрылды.

Сол жерде ЖСН нөмірін пайдалану арқылы өзінің қарызы туралы біле алады. Барлық физикалық тұлға рақымшылыққа ілігуі үшін арнайы өтініш жазып, қандай да бір құжаттармен жүгірудің қажеті жоқ. Ең басты шарт – жоғарыда атап өткенімдей негізгі қарызды төлеу», - деп қорытты вице-министр. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қазақстанда салық рақымшылығы жүріп жатқанын және оған кімдердің ілінетіні туралы хабарлаған едік. Сондай-ақ, Қазақстанда салық қарызы бойынша қай облыстар мен қалалардың көш бастап тұрғаны белгілі болды

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 300 адам ұйықтап қалған баланы жарты күн іздеді

Баланы іздеуге атсалысқандардың қатарында полиция қызметкерлері де бар

60 миллиард: Мемлекет "Қазагроға" тағы көмектеседі

2018 жылдың өзінде холдинг 400 миллиард теңге шығынға батқан екен

Жүргізуші әйел қарсыласының көлігінің күл-талқанын шығарып, қоқан-лоқы көрсетті

Ашуға бой берген әйел бұзақылығы үшін екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Павлодарда автоцистерна жарылып, бір адам қаза тапты

Жарылыстың мән-жайы анықталып жатыр

Конор МакГрегор қазақстандық боксшылар мен балуандарды жоғары бағалады

Макгрегор: Қазақстанда бокс керемет және бай тарихы бар

Елімізде имамдар да атаулы әлеуметтік көмек ала алады

Қазақстанда дін өкілдерінің еңбекақысын көбейту мәселесі қолға алынуда

282 факт: Қазақстанда жасырын болған сәби өліміне қатысты жаңа деректер айтылды

282 бала тірі туғанымен, өлі деп тіркелген

9 айда 156 нәресте: Атырау облысында жаңа туған сәбилердің неден шетінегені белгілі болды

Инфекциялық бақылау талаптары сақталмаған

Бірі жасөспірім: Жүк көлігінің ішінен 39 адамның денесі табылды

Жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Алматылық сот төрешісін ақтап, кейін қайта соттады

Судья алаяқтық пен парақорлық үшін айыпталды
Çàãðóçêà...