Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешқандай дүрбелең жоқ": Қытайда білім алып жатқан студент қаладағы жағдай жайлы

Қытайда шет тілдері университетінде оқып жатқан атыраулық Әзиза Бекмұханова Пекиндегі жағдай бірқалыпты екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Қытайдағы студент

Азық-түлік те жеткілікті деген отандасымыз тек дәріханалардан бетперде табу қиын боп жатыр дейді. Жоғары оқу орындары мен жатақханаларды бөтен адамдардан оқшаулап тастаған екен. Жауапты қызметкерлер көшеге шыққан студенттерден қайда бара жатқандарын сұрап, қайтып келген соң ішке міндетті түрде дене қызуын өлшеп барып кіргізеді дейді Әзиза.

"Бежіңдегі жағдай айтылып жатқандай қорқынышты емес, бірқалыпты. Тұрғындардың бетпердемен жүргені рас. Қытайда Жаңа жылдық мереке болғандықтан қазір кейбір дүкендер жабық. Демалыс уақытын пайдаланған қытайлықтардың көбі Жаңа жылды отбасыларымен өткізу үшін  үйлеріне кеткен. Қала тыныш. Дүкендердегі азық-түлік жеткілікті. Көкөніс те, ет ет бар. Ешқандай дүрбелең жоқ", - дейді Қытайда оқып жүрген студент Әзиза Бекмұханова. 

Қытайлық коронавирустан көз жұмғандардың саны 132-ге жетті.

Талқылау