Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есеп комитеті: Қазақстанда уәде етілгеннен 4 есе аз жұмыс орны ашылған

Есеп комитеті 2021 жылға арналған жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыруға бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігін бақылаудың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бір жыл ішінде уәде етілген 42 мың жұмыс орнының 10,7 мыңы ғана құрылған.

Мониторинг барысында бағдарламаның барлық дерлік пункттерінде артта қалу және дамымауы анықталды.

Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін жоспарланған 250 жобаның 41-і ғана орындалды. Соған қарамастан қаражаттың игерілуі жоспарланған 154,7 млрд теңгенің 65 пайызы – 99,8 млрд теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы саласына 100 миллиард теңге бөлінгенімен, 50 миллиардтың 13 жобасы ғана қаржыландырылған.

Өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту пункті мүлде орындалмады. Оған 50 миллиард теңге жұмсалады деп жоспарланған болатын. Есеп комитетінде түсіндіргендей, қаражаттың нөлдік игерілмеуі "өңірлерге қызығушылықтың жоқтығына" байланысты.

Нәтижесінде жоспарланған 42 428 жұмыс орнының 10 736-сы ғана ашылды, оның 9 373-і уақытша.

Талқылау