Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі жұлдыздар қатысады: Жас әнші Ержан Максим елордада жеке ән кешін өткізбек

"Голос. Дети" байқауының финалисі Ержан Максим Нұр-Сұлтан қаласында жеке шығармашылық кеш бермек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ержан Максимнің жеке концерті Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстанның орталық концерт залында өтетінін белгілі болды. Алайда, әзірге салтанатты кештің уақыты анықталмаған. 

Ержан Максимнің Нұр-Сұлтандағы кешінде әлемнің танымал жұлдыздары мен өнер иесінің "Голос. Дети" байқауындағы ұстазы Валерий Меладзе өнер көрсететін болады.

Осы және өзге де ақпараттарды Ержан Максимнің анасы Гүлмира Әлібек баспасөз конференциясында айтып бермек.

Осыдан біраз уақыт бұрын "Голос. Дети" байқауының алтыншы маусымындағы финалдық нәтижелер күшін жойған болатын.

Бұл туралы Ержан Максимнің байқаудағы ұстазы Валерий Меладзе пікір білдірген.

Талқылау