Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ержан Максим "Голос. Дети" байқауында тағы да өнер көрсетеді

Ержан Максим "Голос. Дети" байқауының арнайы шығарылымында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

"Голос Дети" байқауының алтыншы маусымының финалдық нәтижелерінің күшінің жойылуына байланысты 24 мамырда бағдарламаның арнайы шығарылымында финалистер тағы да өнер көрсететін болды.

Бұл жайлы әншінің анасы Гүлмира Әлібек мәдениет және спорт министрлігінде өткен брифингте айтты.

"Қазір тек Ержанның бұл концертке қатыса алатынын ғана айта аламын", - дейді Гүлмира Әлібек.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ержан Максимнің елордада әлемнің танымал жұлдыздарымен бірге шығармашылық кеш беретіні белгілі болған.

Талқылау