Ерұлан Жамаубаев ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болды
Ерұлан Жамаубаев ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gov.kz
Ерұлан Жамаубаев президенттің кеңесшісі қызметінен кетіп, ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметіне кірісті.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаевұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол бұрын атқарған қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.
Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген.
- 1996-1998 жж. – оқытушы-интерн, ҚазМАУ оқытушысы;
- 1998-2014 жж. – Ұлттық банк департаментінің жетекші маманы, директоры;
- 2014-2015 жж. – "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарушы директоры;
- 2015-2018 жылдары – Президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі;
- 2018-2019 жылдары – Президенттің көмекшісі;
- 2019-2020 жылдары – Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;
- 2020-2022 жылдары – Қаржы министрі;
- 2022-2024 жылдары – Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі;
- 2024 жылғы 20 мамырда Мемлекет басшысының өкімімен Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"