Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ертесі тойы болуы керек еді: Жол-көлік апатынан қалыңдық көз жұмды

27 маусым күні кешкі уақытта Тәжікстанның Нүрек қаласында бірнеше көліктің қатысуымен болған жол-көлік апаты салдарынан қалыңдық көз жұмды. Ол ертесі күні тұрмысқа шығуы керек болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ахбор» басылымына сілтеме жасап. 

қалыңдық

Аталған қала Душанбеден оңтүстік-шығысқа қарай 70 км жерде орналасқан.

Гулрухсор Назарзода сол кезде өзі көптен күткен тойға дайындалып жүріп базарға барған. Ажал құшқан күні қолында ақ көйлегі болған. Оның тойы 28 маусымға жоспарланған еді. Ал мұның алдында күйеу жігіт екеуі никах рәсімін жасауды жоспарлаған. 

Жол-көлік апатынан жеңіл көліктің жүргізушісі көз жұмды. Сондай-ақ, қалыңдықтың анасы комада жатыр. 

"Өз денесінен тыс болу": Ғалымдар өлер алдында адамның не сезетінін айтты >>>
Талқылау