"Ерте өмірден озды": Әкесі туралы айтқан Ақболат Өтебай көзіне жас алды
"Назар аудар" театрының мүшесі, әзілкеш, жайдарманшы Ақболат Өтебай Аман Тасығанның “Talk like” бағдарламасында әкесін есіне алып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сұхбаттан кадр
Бағдарлама жүргізушісінің “Анаңның қай арманын орындай алмай жүрсің?” деген сұрағына Ақболат: “Әлемді көрсеткім келеді. Қолымнан келгеннің бәрін жасауға тырысамын. Жасап үлгере алмай қалған заттар көп. Әкем ерте өмірден озды. Есейген сайын әкенің ақылына мұқтаж болады екенсің. Ойлап қарасам, қазір отбасындағы түрлі жағдайға араласпай, отбасылық қаржыға басымды ауыртпай, әкеме тапсырып қоюыма болатын еді. Үйдің үлкені болған соң, әкемнің орнында өзім жүремін. Анамның уайымы – ағайын-туыс. Соларға көмектесіп, бірінің оқуын шешсем, енді бірі студент болып үйімде тұрады. Сол арқылы мен анамның разылығын алып жатырмын деп ойлаймын. Өмірде жетістікке жетіп жатсам, айналама пайдалы болғаннан басқа мақсатым жоқ”, – деп жауап берді.
Әкенің орны ойсырап тұрғандықтан, актер кейде әкесіз жасқанып қалатын сәттер болатынын жасырмады.
“Әрине, ол өте ауыр тиеді. “Назар аудардың” тойларында әке-шешелеріміз келеді. Сол кезде барлығы ерлі-зайыптылар болып сөйлеп жатады. Сонда анам жалғыз өзі сөйлегенін көргенде ауыр тиеді. Әкем 43-44 жасында қайтты, мен ол кезде 22 жаста едім. Ол кезде бойдақ едім. Әкем қайтқан соң үйлену керегін түсіндім. Әкең жаныңда болса, бәрі оңай. Оның тұлғалығы, мінезі, батырлығы менің бойымда бар. Екі сөзі есімде қалып қойыпты. “Ешқашан өтірік айтпа” және “Өлімнен қорықпа” дейтін. Өтірік айтпауға амал етуге болады, бірақ өлімен қорықпайтын адам жоқ шығар”, – деді ол көңілі босап.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік