Ернар Айдар қызды болды
Танымал әнші Ернар Айдар қызды болғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/ernaraidar_kz
“Ассалаумағалейкум баршаңызға! Сүйінші, ардақты ағайын! Алланың қалауымен , қасиетті жұманың таңында тағы да әке атандым. Қызды болдым. Аллаға шексіз шүкір”, – деп қуанышымен бөлісті өнер иесі.
Әншінің өнердегі әріптестері мен оқырмандары оны қуанышымен құттықтап, ақ тілектерін арнады.
“Ғұмырлы болсын!”, “Құтты болсын!”, “Бауы берік болсын!”, “Салихалы ұрпақтардан болсын!”, “Қызы бар үйдің берекесі де, мерекесі де мол болады. Құтты болсын!”, “Алла ұзағынан сүйіндірсін”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.
Талқылау
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр
Желі қолданушысы: “Бұл биліктің назарды мәселеден басқа нәрсеге бұруы”
Үш күн ұйықтамай жасадық – Duolingo-ны басып озған Aleem қосымшасының жетекшісі
App Store-дың жалпы рейтингінде көш бастаған Aleem қосымшасының негізін қалаушымен сұхбат