Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ермағанбет Бөлекбаев Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қарағанды облысының әкімі болып Ермағанбет Бөлекпаев тағайындалды. Бұған дейін ол Қарағанды қаласы әкімі болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ермағанбет Қабдұлұлы Бөлекпаев Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген Жарлық мәтінінде.

Ол бұл қызметке дейін Қарағанды қаласының әкімі болған. Ал Қарағанды облысын Жеңіс Қасымбек басқарып келген. 

Ермағанбет Бөлекпаев 1975 жылы 2 қыркүйекте Қарағанды облысы Шет ауданы Өспен ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы "Казкоммерцбанк" ААҚ Теміртау филиалында экономист болып бастаған. 1997 жылдан 1998 жылға дейін Астанадағы "Бизнес-Информ" АКО өкілдігінің директоры қызметін атқарды. 1998 жылдың қарашасында индустрия, энергетика және сауда министрлігінде экспорттық бақылау және лицензиялау департаментінің бас маманы болып жұмыс істей бастады. 2002 жылы осы ведомство бастығының орынбасары болды.

2006 жылы Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, содан кейін 2006 жылдан 2008 жылға дейін Павлодар облысы Павлодар ауданының әкімі болды.

2008 жылдан 2009 жылға дейін Павлодар облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Нұр - Сұлтан қаласы бойынша басқармасының аумақтық басқармасының бастығы-Тәртіптік кеңесінің төрағасы қызметін атқарды

2013 жылдан 2018 жылға дейін Астанадағы "Сарыарқа", "Алматы" және "Есіл" аудандарының әкімі болды.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.

2018 жылдан 2020 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың қыркүйегінен бастап Қарағанды қаласының әкімі болып тағайындалды.

Талқылау