"Ерлік емей немене?": Қарағандыда жас қызды ажалдан арашалап қалған екі полицей марапатталды

Кеше Қарағандыда жас қызды ажалдан құтқарып қалған екі полицей марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

полицей
Бұл туралы ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз өз Facebook парақшасында мәлімдеді.

«Өз өмірі мен денсаулықтарына төнген қауіп-қатерге қарамастан өлімге ұмтылған қызды аман алып қалды. 25 пен 27 жастағы Ерасыл мен Бекзатты бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "құқықтық тәртіпті қамтамассыз еткені үшін" медалімен марапаттады», - деп жазды ол.

Оқыс оқиға былай өрбіген. 8 қараша күні сағат 12:20-да болған. Орталық пультке түскен хабарлама бойынша, өз қызметін атқарып жүрген 2 адамнан тұратын наряд жедел жетіпті.

«Жоғарғы қабатқа жүгіріп шығып, құлыпта тұрған есікті аша алмай, біршама кідіріп қалған. Көршілердің есігін қағып жүріп, үстіңгі қабаттың кілтін табады. Шатыр төбесіне шығысымен, қар үстіндегі із арқылы қызды табады. Алдымен, уақыт созу мақсатымен Ерасыл оны сөзге айналдыра бастаған. Бекзат қапелімде құтқарам деп ойлағанмен, қыз отырған шатыр профлистен болғандықтан, қатты тайғақ екенін сезген. Жанына барғанмен инерциямен екеуінің де ауып кету қаупі болыпты. Бірақ көп ойлануға уақыт та болмаған. Әккі әрекеттің арқасында қызды құтқарудың сәті түскен! Ерлік емей немене?! Кез-келген кризистік сәтте қол ұшын беруге дайын тұратын батырларымыз аман болғай!», - деп жазды Нұрділдә Ораз. 
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Айгүл Иманбаева: Баян енді басты рөлді бермесе, киноларына түспеймін

Иманбаева: Баян екеуміз қазір жақын қатынаста емеспіз

Ернар Айдар шетелдік әнші Арашпен бірге концерт бермек

Әли Оқапов: Мен өзге әншілердің танымалдығының арқасында көрермен жинағанды жек көрем

Көкшетаулық 16 жастағы қыз Нұр-Сұлтанда мас күйінде табылды

Бойжеткен үйіне оралудан бас тартты

Бағасы 11 мың теңге: Баян Алагөзова мен Ерке Есмахан арзан көйлек киіп жүр ме

Желі қолданушысы: Продюсердің көйлегі арзан бағадағы дүкеннен алынған көйлектің көшірмесіндей

Алматыда мас әйел тротуардағы жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Жаяу адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды

"Астана біздікі": Нұр-Сұлтанда қару ұстаған видео кейіпкері ұсталды

Күдікті бұрын сотталған жергілікті тұрғын болып шықты

Талдықорғандық тұрғын салық органын сотта жеңіп шықты

Сот үкімінде тұрғынның қарызының жоқ екені анықталды

Оралда 60 қымбат көліктің ортасында қыдырған ер адам ұсталды

Қазір жарияланбайтын нақты ақпарат бар

Айдар Тұрғанбек: Әйелімді қатты жақсы көре бастадым

Әнші: Екінші әйелімді ұшақпен алып қаштым

Көктайғақ, боран болады: Мамандар ауа райы болжамын айтты

Республиканың солтүстігінде және шығысында кей жерлерде қар жауады
Çàãðóçêà...