Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Жұрынбаев мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

Ерлан Жұрынбаев мәдениет және спорт министрлігіне қызметке келді. Ол министрдің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлан Жұрынбаев мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

«Жұрынбаев Ерлан Сыдықұлы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», - делінеді хабарламада.

Ерлан Жұрынбаев 1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 

1996-2001 жылдары Қазақ мемлекеттік заң университетінде оқыған. 2015-2017 жылдары Алматы университеті «Бизнес және құқық» мамандығын игерген. Заң ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын  Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мен Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде оқытушы болып бастаған.

Соңғы жылдары «Атырау-Ақпарат» медиа холдингі директорының орынбасары қызметін атқарған.

Талқылау