Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Тұрғымбаев елордалық шаштараздардың шашын қырқып тастаған ер адамға қатысты пікір айтты

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәжіліс аясында шаштаразға келген ер адам мен шаштараздар арасындағы қақтығысқа қатысты түсінік берді.

Ерлан Тұрғымбаев елордалық шаштаразшылардың шашын қырқып тастаған ер адамға қатысты пікір айтты

«Бұл дұрыс емес. Қазіргі уақытта шаштараздардың шашын қырып тастаған азаматқа қатысты "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әлеуметтік және әкімшілік хаттама толтырылды», - деді Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, оған қатысты бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды

«Ер адам жігіттерге зорлық күш көрсеткендіктен бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп түсіндірді ішкі істер министрі.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын интернетте шаштараз жұмысшылары кезек-кезек бір-бірінің шашын алдырып тастағаны түсірілген видео пайда болды. Видео авторының пайымдауынша, жігіттер ұлының шашын дұрыс емес қырқып тастағаннан кейін осылай мәжбүрлеген.

Талқылау