Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмаханның ұлын сахнаға шығарып, бауырына басқан Райым қызу талқыға түсті

Райымбек Бақтыгереев Алматыда берген ән кешінде Еркенің ұлы Мүсліммен сахнаға шығып, бірге ән шырқады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіден тараған бейнежазбадан Райымның Мүслімді құшақтап, құшырлана сүйген сәтін көруге болады. Өнер иесінің бұл әрекеті желі қолданушыларын сүйсідірді.

“Өзгенің баласын бауырына басқан жігіттен айналасың ғой”, “Райымды құрметтеймін”, “Еркенің бағы бар”, “Жарайсың, нағыз жігіт”, “Кез келген ер азаматтың қолынан келе бермейді”, “Бақытты болыңдар”, – деп жылы лебіздерін білдірді желідегілер.

Райым ән кешінде сүйіктісі Еркеге күтпеген тосынсый жасады. Әнші Еркемен түскен суреттерін үлкен экранға шығарып, сезімін білдірді.

Талқылау