Соңғы жаңалықтар

"Мені шапалақпен ұрды": "Qalaýym Live"-тің қатысушысы Даринамен неге тіл табыса алмағанын ашық айтты

Дәулет Қанат Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне "Qalaýym Live" бағдарламасына не үшін қатысып жүргені туралы сұхбат берді. Сондай-ақ, Даринамен айырылысып кеткен ол өзіне қандай арулар ұнайтынын да айтты. Одан бөлек бағдарламаға қатысқанына әріптестерінің қалай қарап жүргенін және не дейтінін әңгіме етті. 

дәулет қанат

Даринаның қандай мінезіне ғашық болған едің?

Жалпы жаман қыз деп айтпаймын. Өте жақсы қыз, ішкі жан-дүниесі әдемі. Кейбір қыздарға қарағанда бұл өмірде көргені көп. Сөйлегені де тәтті. Қыз балаға лайықты қылықтары бар. Бірақ ашуланған кезде көп нәрсені айтып қояды. Сол себептен осы жағынан тіл табыса алмаймыз. Ол басқа ортаның адамы. Менің ортам басқа. Менің тіпті орысша сөйлесетін достарым жоқ. Өзім Алматы облысының тумасымын. Негізі Дарина сияқты қыздарды мүлдем ұнатпайтынмын. Орысша сөйлеп қалған, тез ашуланады, өз ойын жасырмай айтып тастайды. Негізі қыз баланың өз ойын ішінде сақтағаны дұрыс деп ойлаймын. Басында Дарина екеуміз сөйлеспедік. Мен бағдарламаға келмей қалған кездері үнемі өзі sms жазып тұратын. Ол ауырып қалғанда мен жағдайын сұрап тұратынмын. Біз солай тіл табысып кеткенбіз.

Екі орта адамының бір-бірін түсінуі қиын емес пе?

Қиын, әрине. Бірақ ол жағдайларды ұмыттыратын өзінің қылықтары да бар. Дегенмен Дарина барынша тырысып жүр. Бұрын қысқа көп киетін еді, қазір дұрысталып келеді. Бірнәрсе сөйлерде ойланып сөйлейтін болды. Бірақ кейінгі кезде біздің ара-қатынасымыз дұрыс болып жүрген жоқ. Көп ұрысып кеттік. Бір-бірімізбен түсінісе алмаймыз. Маған қол көтеріп те жіберді.

Түсініспеушілік неден туады сонда?

Дарина мені қатты қызғанатын. Барлық адамнан деп айтсам болады. Одан кейін мен «Мынаны істеме», «ананы істеме» деп айтсам, бәрін жасайды. Бірақ сондайда ашуланып кетеді. «Неге мен өзгере беремін? Сен неге өзгермейсің» деп маған көп жауап қайтаратын. Мен қай жерімді өзгертейін? Даринаға қай қылығым ұнамайтынын білмедім. Бірақ өзімді керемет мінсіз адаммын деп айтпаймын. Әр адамның өз кемшілігі, жақсылығы да бар.

дарина мен дәулет

Бағдарламаға «хайп» қуып келмедің бе екен?

Бағдарламаға жар іздеп келдік. Өйткені мен өнер адамымын. Бес жылдан бері Талдықорған қаласындағы театрда жұмыс істеймін.  Өнерде жүргеннен кейін неге халықтың алдында өз жарымды іздемеске деген мақсатпен келдім. Маған ешқандай хайп, жаман пікір де керек емес. Негізі өнер адамы болған соң да өзің туралы дұрыс нәрсе айтылғанын қалайсың. Өзің жайлы белден төмен әңгіме болмаса екен дейсің. Бірақ бәріне бірдей жаға бермейсің. Біреуі ұнатады, енді біреуі ұнатпайды.

Жар іздеп сонау Талдықорғаннан келіпсің. Даринамен тіл табыса алмадыңдар. Енді жар болуға лайықты қыз бар ма?

Алдағы уақытта қалай болатыны бір құдайға ғана мәлім. Кейде эфирде эмоцияға беріліп қатты айтып қоятыным да бар. Даринаның мінезі баршылық. Алдында мені шапалақпен ұрды. Еркек сөйледі екен деп, оны қыздың шапалақпен ұруы өте дөрекілік.

Жалпы актер болып тұрып мұндай бағдарламаға қатысуды ұят көрмейсің бе?

Бұл жоба, сондықтан тек жақсылығымыз ғана көрсетілмейді. Жалпы мұндай ұрыс-керіс өмірде де болып жатыр ғой. Эфирде отырғаныңды ұмытып кететін жағдайлар көп. Ондайда не істеп, не айтып қойғаныңды ұқпай қаласың. Бұрын бір-екі бөлімін көргенмін. Сол кезде бір-бірімен төбелесіп жатқан жігіттерді көргенде «өз-өзін ұстамайды ма екен» деп ойлайтынмын. Бірақ осы бағдарламада өзім де біреуімен төбелесіп қалдым. Адамның ашуы келсе, екі минут ғана ғой. Шынымен ашуыма тиіп кеткені соншалық, көзім көрмей кетті. Ойланбай барып төбелесіп қойдым. Бір жағынан өзімнің эфирде отырғанымды ұмытып кеттім. Бірақ ол жігіт те өзі соған лайық еді. Жалпы адам істемеймін деген нәрсесін істеп қояды екен.

Әріптестерің қалай қарап жатыр?

Өнерде бірге жүрген жігіт-қыздар «Сен ол жерде не істеп жүрсің? Сен отыратын жер емес» деп көп айтады. Бірақ әркімнің өз ойы, таңдауы бар. Алға қойған мақсаты бар. Бұл жобаға келіп өзімді жаман жағынан көрсетіп жатқан жоқпын. Халықтың алдында болашақ жарымды кездестіріп, неге үйленбеске? Әріптестеріме де бір жағынан қосыламын, бірақ әр адам не істесе де өзі біледі.

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерлан Қарин Алматының атауына қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Ерлан Қарин: "Идея айтылғанымен мемлекет басшысы бұл ұсынысты қолдайтынын білдірмейді"

Атырау халықаралық әуежайы Хиуаз Доспанованың есімін алады

Хиуаз Доспанова - Ұлы Отан соғысының жалғыз ұшқыш-қазақ, штурман-атқыш

Елордада Сейфуллин, Жансүгіров, Майлинге арнап жаңа ескеркіш орнатылды

Үш арыстың туыстары: "Бүкіл қазақ әдебиетіне, еліміздің барлық жазушыларына деген құрмет"

Бас прокуратура қазақстандықтарды 16 желтоқсанға қарсы заңсыз митингке шығатындарға ескерту жасады

Бас прокуратура арандатушылық жасамауға, қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және заңсыз митингілерге қатысудан бас тартуға шақырады

Тоқаев Алматының атауын өзгертуді қолдады: Олжас Сүлейменов қандай нұсқа ұсынды?

Олжас Сүлейменов бірінші болып Алматының атын өзгерту петициясына қол қоюға дайын

Қазақстандық әнші-боксер Мәскеуде қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)

Ескендір Ибрагимов екінші раундта қолының сынғанына қарамаған

Өліп қала жаздады: Атырау облысында бүлдіршін қаламсап қалпақшасын жұтып қойды

Бала жөтел қысып, тынысы тарылғанын айтып шағымданған

Алматы облысында неміс овчаркасы баланы талап тастады

Овчарка жәбірленушінің отбасына тиесілі

"Әлем аруы 2019" байқауының жеңімпазы белгілі болды

Халықаралық сұлулық байқауында Қазақстан атынан 20 жасар Мадина Батық қатысты

Мұғаліммен болған жанжалдан соң Түркістан қаласының полиция бастығы қызметінен шеттетілді

Данияр Мейірхан мұғалім алдында кешірім сұрады
Çàãðóçêà...