Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еркек болсаң дәлелде": Жалаңаштанып ән айтқан қыз анасынан үлгі алғанын жеткізді

Жалаңаштанып ән айтқан қыз анасынан үлгі алғанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Пендеміз ғой" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Еркек болсаң дәлелде" деген атаумен шыққан бейнебаян желідегілердің арасында үлкен талқыға түсті. Сол клипте жалаңаштана билеген KweenT деген бүркеншік аты бар ару ештеңеден ұялмайтынын жеткізген. Бала кезінде тұйық болған. 4-5 жыл бұрын KweenT ашыла бастаған. Ән айтпақ түгілі, сөйлеудің өзіне қысылатын едім дейді ол.

"Дәл осы ерекек болсаң дәлелде әнін өзім секілді сенімсіздеу қыздарға арнағым келді. Мәселен жігітімен ұрсып қалды. Ол оны ренжітті, ал қасында бәрі жақсы болады деп жұбататын ешкім жоқ. Егер әнімнің сөздерін жақсылап тыңдасаңыздар, барлығы қолдауды қажет ететін адамдарға арналады. Ондай жігіттің бір тиынға да керек жоқ екенін түсіндіру үшін жазылған. Басқа жігіттің табылатынын айтқым келеді", - дейді KweenT.

Мен де 16 жасыма дейін анамнан үлгі алдым. Сол сияқты ешкім маған еліктемесін өзінің анасынан үлгі алсын дейді ол. Соған қарағанда KweenT кәмелеттік жасқа толғанға дейін анасына еліктеп, артынша өз білгенін істеп, шешініп, шатақ шығарып кеткен сыңайлы.

"Мен мінез құлқымды киіміммен жеткіземін. Әркім өз деңгейіне қарай көреді. Негізі қыз үшін анасы үлгі болуы керек. Олар өздерінің ата-аналарынан үлгі алсын. Мен ешкімнен үлгі алып жатқан жоқпын. Ешкімге ұқсағым келмейді", - дейді ол.

Қазақтың сахнасын төсін ашып бағындырған аруды проюсер де қолдап шықты. Тіпті Жұлдыз Әбеу есімді продюсер өзінің қызы болғанда, ашық-шашық киініп, қалағанын жасауға рұқсат беремін өз таңдауын жасауға құқығы болады деп өмірге келмеген перзентінің тағдырына сараптама жасады.

"Маған бұл қыз ұнап тұр. Қазір жиырма бірінші ғасыр. Әр адам не істегісі келсе, өзі біледі. Егер оған төсін көрсетіп отырған ұнаса, көрсете берсін. Жастар өздері іздейді. Сұраныс бар. Желіде шашын өріп отырған қызға ешкім лүпіл баспайды. Ал жалаңаш қызға басады. Егер менің қызым осындай таңдау жасаса, мен тек қолдау көрсетемін", - дейді Жұлдыз Әбеу.

Талқылау