"Мен осы еркек болып туылуым керек еді": Раиса Мұхамедиярованың замандастары актрисаның бірбеткей мінезі мен бірегей тұлғасы туралы

Бүгін Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театрында КСРО, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. 80 жасында бақилық болған актрисамен қоштасуға оның жақындары, дос-жарандары, өнердегі әріптестері мен қоғам қайраткерлері жиналды. "Менің атым Қожадағы" Хадиша Майқанованың рөлін сомдаған өнер иесі бас-аяғы 30 шақты шығармада бой көрсетті. Ерекше дарын иесі туралы естеліктерімен замандастары бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Сақтаған Тұрлымұратов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қызметкері, театртанушы:

Он шақты жыл осында (Ғ. Мүсірепов атындағы ҚМАБЖ — ред.) директор болдым. Ең мықты әртістер бар кезде осы театрға келіп, бақытты адамдардың бірі атандым. Ол  кезде көрермен деген әртіске қарайтын. Мынау қойылым қандай? - деп сұрамайтын, кім ойнайды?-  дейтін. Рая ойнаған күні қалпағымызды аспанға лақтыратынбыз. Себебі, оған көрермен қалмай келетін. (...) Қазақта әртіс көп. Әртістің ішінде Раяның ерекшілігі —  сахнаға шығуы, адамдармен сөйлесуі. Біз үшін онымен сөйлесудің өзі ғанибет болатын. Адамдарды сыйлауы қандай еді! Бірақ ол кез-келген адамды сыйлай бермейтін. Ол кісінің өз-өзін ұстауы..қазақ айтады ғой менменшілдік деп. Сыртынан қарағанда менменшіл болып көрінуі мүмкін. Бірақ сондай балажан, балауса еді. Оның дауысы, көзі, ішкі дүниесі қандай! Екі ауыз сөзбен адамды шалқасынан түсіретін. Рухы таза адам еді. 

"Бейнең мәңгі жүрегімізде": Қазақстандықтар Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салды (видео)>>

Мәди Әдиұлы, қоғам қайраткері: 

Негізі Рекеңмен (актрисаны достары, әріптестері осылай атайтын — ред. )  қатар жүрген, қатар өскен өнер адамдары да, араласқан жандар да біледі, мінезге өте бай деп те айта аламыз және мінезі шорқақ деп те айта алатын едік. Себебі, ұлы халық жазушысы Ғабеңнің жанында болу кез-келген қазақтың маңдайына жазылмаған. (...) Тіпті, кейбір жігіттерге: "Мен осы еркек болып туылуым керек еді", - деп айтқанын естіп қалған кездеріміз болды. Ол кісі сан белестерден өтті. Тек қана кинода ғана болмай, театрға екі рет келіп, театрдан екі рет кеткен өмір кезеңдері де болды. Сол екінші рет келерде біздің Досқан Жолжақсынов бауырымыз өзі әдейі шақыртып, Рекеңдермен бірге біраз жыл қызмет еткендеріне куә болдық. Осы Қасым Жәкібаевты да сол кезде зауытта жұмыс істеп жүргенінде қайтарып, сіз сахнада керексіз деп алдырттық. 

Сатыбалды Нарымбетов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер, жазушы:

Біз, бәріміз бұл кісіні толық айтпайтынбыз. Рекең дейтінбіз. Бірде мен: "Сізді неге Реке дейді. Реке деген еркекке жараспайды ма?- дедім. Ол кісінің көздері көп нәрсені айтатын. Маған қарап тұрды да: "Маған Рекең деген ұнайды", - деді. (...) Бүгін мен үшін Шәкен аға бастаған гвардияның сарбаздары шетінен кетіп жатыр. Бәрі Шәкен ағамның артынан ерген сарбаздары еді.

"Мені сатып кеткендей болды": Ғабит Мүсіреповтің үшінші жұбайы болған Раиса Мұхамедиярова қандай рөлдерімен есте қалды>>

Роза Әшірбекова, Қазақстанның және Қазақ ССР-нің халық әртісі: 

Кино актрисасын, театр актрисасын бүгін соңғы сапарға шығарып салып тұрмыз. Раямен талай бірге жүрдік. Ғабең тірі кезде Ғабеңнің шаңырағынан, Раяның қолынан талай дәм татқан актрисаның бірімін. Раяның тек жігіттерді ғана емес, қыздардың өзі ғашық қылдыратын керемет қасиеттері бар еді. Оның терісінің түсі, күлімдеген бота көзі адамды бір көргеннен-ақ өзіне баурап, тартып алады. Шыншыл болатын, көп сөйлемейтін. Раяның бір керемет қасиеті, ішкі жан-дүниесінің соншалықты мықтылығы —  барлық қуанышты да, қайғыны үнсіз қабылдай беретін. Сондай актриса болатын. Бірде теледидардан Ғабит туралы керемет бағдарламаны көрсетті. Соны басынан аяғына дейін көрдім. Сондай керемет жазылған. Раяның Ғабеңе деген махаббаты,  сүйіспеншілігі керемет көрсетілген. Ол екеуінің қалай танысқанын, бір-біріне қалай ғашық болғанын айтып отырып: "Ғабеңді сағындым" , - деп жылап жіберді. Жылағанын көріп, біз де көзімізге жас алдық. 

Мұның барлығын Рая  дүниелік болып кеткен соң айтып отырғанымыз емес. Рая Ғабеңе керемет екі қызды сыйлады. Ол екі қыз Ғабеңе екі ұл немере сыйлады. Сендер (қыздары Гауһар мен Гүлнәрға — ред.) аяулы аналарың  қатты қиналып ауырып жатқанда, күйзеліске түскен кезде жанынан табылдыңдар. Рахмет. 

 


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда есірткіні жарнамалаған компания қомақты айыппұл төлеуге мәжбүр

Жарнамаға тапсырыс беруші заң жүзінде жазаланады

Атырауда 4 жасар бала 100 теңгені жұтып қойып, бір өлімнен аман қалды

Жүз теңгелік монетаның диаметрі кішкентай бала тұрмақ, үлкен адамның өңешін бітеп тастайды

Экономистер жиналған қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдалануды ұсынды

Мамандар елімізде алты миллионнан көп адамның үй-күйсіз жүргенін негізге алды

"Манчестер Юнайтед" футболшыларын Нұр-Сұлтандағы өмір шошытты

Футболшыларға елорда көшелерінде ұзақ жүрмеуге кеңес берді

Бекболат Тілеухан: Педофилдердің жақсылап тұрып басын жұлып алушы едім

Депутаттар Тараздағы мектеп әжетханасында оқушы қыздың зорланғанына алаңдаушылық білдірді

Алматыда маньяк жүр: Ер адам 12 жастағы оқушыға пышақпен тап берді

Қазір қаскөйді тәртіп сақшылары іздеп жатыр

Қазақстанда есірткі жарнамасы бар 8 баннер анықталды

Олардың жарнамалық компанияның тапсырысымен орнатылғаны атап өтілді

Таразда зорланған оқушы үшін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

Зорлау фактісі бойынша тергеу жалғасуда

Ерболат Беделхан: Әйелдер денелі еркектерден шаршады

Ninety one продюсері: Әйелдер қазір өз күтіміне немқұрайлы қарамайтын жігіттерді қалайды

Алматыда ер адам оқушы қызға шабуылдады

Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр