"Еркек болғанмын": Баян Алагөзова ерекше қасиеті туралы айтты

Баян Алагөзова ерекше қасиеті туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, сұлулыққа деген көзқарасын айтып берген. Бұрынғы өмірімде ер адам болғандықтан, әдемі әйелдерді қатты жақсы көремін дейді өнер иесі. Осылайша, Баян Алагөзова өзінің әдемілікке қызғанып емес, қызығып қарайтынын жеткізген.

"Бұрынғы өмірімде мен нақты еркек болғанмын. Өйткені маған әйел адамдар қатты ұнайды. Әсіресе әдемілері. Менің бойымда біреудің сұлулығы мен талантына қызғану деген қасиет жоқ. Керісінше оның сұлулығы мен талантын одан ары ашқым келіп тұрады. Мен әйел адамның болмысын жүрісіне, дене бітіміне, дауысына қарап тани аламын. Әйел адам болып туғанымның өзі бақыт шығар. Әйтпесе қаншама әйелдің жүрегін жаралайтын едім ғой", - деп күлдірді продюсер.

Баян Мақсатқызының бұл жазбасын көрген желідегілер де пікір білдіруге асыққан. Олар ойларымен бөлісіп, ішкі сезімдерін ортаға салуды ұмытпады. Продюсердің оқырмандары әйел адамның рөлін айқындауға тырысқан. 

"Кемпірді қанша бояндырсаң да, қыз болмайды. Сондықтан әйел адам еркек емес, әйел болуы керек", "Егер әйел заты болып тумасаңыз, қазіргі айтқандарды түсінбейтін едіңіз. Өйткені біз әйелдер үнемі жұмбақ жандармыз", "Шын таланттар болса, көмектесуге болады. Ал талантсыз адамды танытамын деген бос әңгіме", - деп жазды желідегілер.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да жеңіліс: Күрестен әлем чемпионатында отандасымыз күміс жүлде алды

Күрестен әлем чемпионатында қазақстандықтар үшін алтын жүлде бұйырмай тұр

10 адам жараланды: Арыста тағы да жарылыс болды

Полигонда арнайы жұмыстар кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кеткен

Тоқаевтың Нью-Йоркке неге баратыны белгілі болды

Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркке 196 елдің өкілдері келеді

57 адам ұсталған: Министрлік заңсыз митингке шыққандар туралы мәлімдеме жасады

Жекелеген азаматтар елде тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылығына ерген

Иттер талап тастаған: Қазақстандық әйел жаңа туған баласын мазарға тастап кеткен

Сәбидің денесін мазарда иттер сүйрелеп, талап тастаған

Үш жыл бойы алып келген: Оралдық көпбалалы әйелге мемлекеттен алған ақшасын қайтару міндеттелді

Үш жыл ішінде алған зейнетақыны мемлекетке қалай қайтаратынын білмей отыр

"Ессіз ғашықпын": Yuframe блогері тойға қызу дайындық үстінде

Айымның таңдауы Талғат Итбаев есімді бизнесмен жігітке түскен

Жоғалып кеткен астаналық барменнің өлі денесі табылды

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ

2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады

Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді

"Бір де бір құжаты жоқ": Жаңаөзен әкімі қызмет көлігін заңсыз пайдаланған

Әкім көлігін жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен жол сақшылары тексерген
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр