Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ерке жол ашты": Жұрт белгісіз жігітпен көзге түскен Ақбота Сейтмағамбетке бақыт тіледі

Отандық әнші, актриса Ақбота Сеймағамбет әлеуметтік желідегі парақшасында жұмбақ жігітпен қол ұстасып түскен суретін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі тыңдарманын жақсы жаңалығымен сүйіншілейтін күн алыс емес сияқты. Той көйлегін киген Ақбота Сейтмағамбет тағы да белгісіз ер азаматпен бірге түскен суретін жүктеді.

“Сенің қасыңда тыныштықтың өзінде көп мән бар”, – деп жазба қалдырды ол.

Айта кетейік, актриса бұған дейін де жүзін жасырған жігіттің құшағында тұрған суретін жариялаған болатын. Не де болса, “бақытын тапты” деп топшылаған оқырман Ақбота үшін қуанышты. Тіпті жұмбақ жігітті жас әнші Әділет Жауғашарға да ұқсатқандар табылды.

“Биыл бәрі күйеуге шығып кетсін. Ерке жола ашты”, “Дәуренге қимаған едім осы қызды. Одан да мықты ер азаматқа лайық жансың”, “Әділет Жауғашарға ұқсайды екен”, “Бақыттарың баянды болсын”, “Тұрмысқа шықты ма?”, – деп жарыса жазып жатты желі қолданушылары.

 

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 29 Маусым, 2023 16:48