Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан Райыммен заңды некеге тұрмауының себебін түсіндірді

Әнші Ерке Есмахан Райыммен заңды түрде неке қидырмағанын мойындады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жұлдызды жұптың заңды некеге тұрмауының себебін сұраған оқырманға Ерке Есмахан: “Жолдасым жасатамыз деп жүр. Концерттерден қолы енді босады. Алда неке жүзігімен әдемі заңды неке қидырамыз бұйырса”, – деп жауап берді.

Желі қолданушылары Ерке Есмахан мен Райымның қарым-қатынасы қай уақыттан басталғанын түсінбей дал.

Оқырмандардың бірі: “Ара қатынастарыңыз 2018 жылдан басталған болса, басқа жігітіңізбен қатар жүргенсіз бе? Өсек бітпей жатыр” деген сауал тастады “Ninety One” тобының экс-мүшесі A.Z-ді меңзеп. Әнші бұл сұраққа тереңінен тоқталып, мән-жайды өзі түсіндіруді жөн көрді.

“Сіздер де тек жаман жағын ойлауға дайын тұрасыздар. “Көп сынақтан өтіп, жасқа, басқа қарамай екеуі қосылған” деп неге жақсы жағын ойламайсыздар, өсек қумай? 2018 жылы таныстық, табыстық. Біраз уақыттан соң қоштастық. Уақыт өте қайтып қосылдық, қайта қоштастық. Осылай қайталана берді. “Бірге бола алмаймыз” деп мен басқаға күйеуге шығатын боп, ол басқаға үйленетін болып шештік. Сөйтіп ол ақыры үйленбеді, мен қайтып, өзім қалдым. Қайта кездесіп, сөйлесіп бір-бірімізсіз өмір сүре алмайтынымызды түсінгенде Tik Tok көмекке келді. Ешқандай параллельно деген жоқ. Қысқа нұсқа шындығым осы. Қалған әңгімелерге мен жауап бермеймін”, – деп жазды өнер иесі.

Бұған дейін Райымның Ерке Есмаханның ұлы Мсліммен бірге сахнаға шығып, ән шырқағанын жазған болатынбыз.

Талқылау