Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ернің өзіңдікі ме": Айқын Төлепбергеннің 14 жыл бұрынғы суреті жұртты таңқалдырды

Айқын Төлепбергеннің 14 жыл бұрынғы суреті жұртты таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ерінің өзіңдікі ме: Айқын Төлепбергеннің 14 жыл бұрынғы суреті жұртты таңқалдырды

Танымал әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, ескі суреттерінің бірін жүктеген. Ол 14 жыл бұрынғы жастық шағын осылай есіне алып, өзінің образына таңқалған. Осылайша, Айқын Төлепберген бозбала шағына саяхат жасаған.

"Не деген көзқарас, не деген шаш, не деген образ. Жалпы айтқанда 14 жыл бұрын", - дейді Айқын Төлепберген. 

Мұны көрген желідегілер жарыса пікір жазып, әншінің бұрынғы кезін естеріне алды. Олар суретке қатысты ойларын жеткізген болатын. Осылайша әнші жұртты таңқалдырған. Желідегілердің көбі жас Айқынды кәріс актерлеріне ұқсатты.

"Гу чин пхе болып жүрген кез бе", "Ернің өзіңдікі ме?", "7-сыныпта осы суретті ақ-қара етіп шығарып алып, төсегімнің жоғарғы жағына жабыстырып қоятынмын", "Үлкен ұлыңыз сізге ұқсайды екен", "Мәссаған", "Мұрныңды айтсаңшы кішкентай", "24 жас, тура мендей екенсіз", "Не деген қас", - дейді жұрт. 

Талқылау