Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ERG компаниясының елге тигізген пайдасы қандай

Биыл Қостанайда «Жастар сарайы» ашылды. Сарайдың мың адамдық үлкен залы бар. Қазір де «Жастар сарайында» облыстық филармония көшті. Жазда сарайда жастар ресурстық орталығы ашылған. Бұдан сарайда жастарға арналған барлық жағдай жасалған. Мәселен, сарайдан аймақ жастары заңгер, психолог кеңестерін алып, түрлі үйімеге қатысып қана қоймай, өз жобаларын жасап, бастамаларын көтереді. 

сарай

Бір сөзбен айтқанда, «Жастар сарайы» Қостанай жастарының өз үйіне айналған. Ал бұл зәулім сарайды ERG компаниялар тобы 4,77 миллион долларға салып, облысқа сыйға тартқан. ERG компаниялар тобының осы бір ғана ісі оның әлеуметтік жауапкершілікті терең сезінетінін және ең бастысы, аймақтардың дамуына тың серпін беріп отырғанына дәлел болады. Ал компания іске асырған мұндай жобалары республиканың әр аймағында бар. Оған компанияның 2018 жылғы есебіне зер салып қарасақ, көз жеткізуге болады. 

Айталық, компания 2018 жылы ел қазынасына 606 миллион доллар салық төлеген. Бұл бюджет үшін жақсы түсім. Компания салық төлеп қана қарап отырған жоқ.  Компания Қазақстандағы кәсіпорындары орналасқан аймақтарға 115 миллион доллар әлеуметтік инвестиция салған. Әлеуметтік инвестиция дегеніміз не десеңіз, ол мектеп, балабақша, жол, әлеуметтік қызметтердің түрленуі, жаңғыруы немесе жаңадан қолданысқа енгізілуі. Демек Eurasian Resources Group компаниясы кәсіпорындары орналасқан әр қала, аудандардағы ел игілігіне берілген әлеуметтік нысандар мен әлеуметтік қызметтердің ар жағында компанияның инвестициясы тұр деп айтуға толық негіз бар.

Салық төлеп, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін өтедік, осымен болды деп тоқтап қалуды компания өзінің имиджіне жараспайтын дүние деп тапса керек, әртүрлі жобаны, бастамаларды қолдауды үнемі назарда ұстап, сол бағытта тоқтаусыз жұмыс істелген. Мысалы, Қазақстанның шалғай қалаларында 9 000 оқушыға арнап, 11 STEM-зертхана салуға компания 235 мың доллар қаражат салған. Сондай-ақ, бұл бағдарлама мемлекеттік білім беру мекемелері және қайырымдылық ұйымдарымен бірлесе отырып, жүзеге асырған.

Ейерджи

Мемлекеттік саясаттың маңызды саласы білім беру саласында ұмыт қалдырмай инвестиция салған компания жастарды қолдау, оларға жаңа жұмыс орындарын ашуда да үлгі аларлық іс атқарған. Мәселен, «Студенттер кәсіпкерлігінің эко-жүйесі» жобасы аясында жастарға қолдау көрсетіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септесті. Соның нәтижесінде қазіргі таңда 9 жоғарғы оқу орны мен колледжде жүзеге асырылып жатқан бұл бастамаға 5 мың студент кәсіптеніп, жұмыс істеп жүр.

Кейбір елдердің Қазақстанда жұмыс істеп жатқан компанияларды отандық кәсіпкерлікті қолдаудың орнына қажетті дүниелердің бәрін сырттан таситыны белгілі. Осындай компанияларға ERG үлгі болатын қадамды әркез жасап келеді. Оның нақты мысалы ретінде компаниялар тобының  елдегі отандық өндірушілерден 918 миллион теңгенің тауарын сатып алған. Бұл дегеніңіз компания тобы жұмыс істейтін аймақтардағы отандық бизнестің дамуына әжептәуір серпін болатыны сөзсіз.

сарай

Бұдан бөлек компаниялар тобы өз басқаруындағы кәсіпорындарды жетілдіру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, өндірістегі жарақат алуды азайту, ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды азайту, электр қуатын қолдануды үнемдеу, қызметкерлердің ұсыныстары мен бастамаларына қолдау көрсетіп, оны іске асыру бойынша да қыруар жұмыс істегенін компанияның жылдық есебінен көруге болады.

Естеріңізге сала кетсек, мұның алдында президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да қадап айтқан цифрландыруды қарқынды дамыту - «ақылды қалалардың» санын көбейту ісіне де ERG алғашқылардың бірі болып кірісіп, жаңашылдықты жүзеге асыруға қаражаты мен күшін аянбай салып келеді. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауып кеткен үйдің тұрғындары пәтерлерін тастап жатыр

Қала әкімдігі эвакуация жасауға еш себеп жоқ дейді

Димаш Құдайберген "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атанды

Құрметті азаматтар қатарына облыстан 10 адам ұсынылды

"Күзетші орнына кәдімгі офицер отыру керек": Депутаттар мектеп оқушыларының қаупісіздігіне алаңдаулы

Шенеуніктер мектептердің көбінде қарапайым бейнебақылау камералар орнатылмағанын айтты

TIME журналы "Жыл адамы - 2019" жариялады

Мұндай атаққа ең жас тұлға ие болды

Әлемдік зерттеуде қазақстандықтардың білім деңгейі тексерілді

Қазақстандықтар Испания, Италия тұрғындарымен бір деңгейде

Білім және ғылым министрлігі орта білімді дамыту үшін 18 триллион теңге сұрап отыр

"Мәселенің көпшілігі бюджет мүмкіндігіне қарай шешіледі"

Ермек Тұрсынов қазақтың не себепті жылқыны әйелден артық көретінін түсіндірді

Желі қолданушыларының бірі режиссердің сөзін қолдаса, бірі түсінбестік танытты

Өзі қылмыскермен бірге тұрды: Полиция Максим Гарифуллиннің анасының пікіріне түсініктеме берді

Баланың анасы әпкесін өлтірген қылмыскермен бірге тұрған

"Құдықтың қабырғасынан ұлымның қолының ізін көрдім": Құдықтан өлі табылған баланың анасы алғаш рет сұхбат берді

Адвокаты сараптаманың сапасыз жүргізілгенін айтады

ҚР банктерін сақтау үшін миллиард доллар жұмсалмақ: Ұлттық банк түсініктеме берді

Банк активтерінің сапасын бағалау желтоқсанның соңына жоспарланған
Çàãðóçêà...