Ерекше жағдай: Түркістан облысында дәрігерлер уланып, бір апта комада жатқан жігітті құтқарып қалды

Түркістан облысында дәрігерлер бір аптаға жуық уақыт комада жатқан пациенттің өмірін құтқарып қалды.

Ерекше жағдай: Түркістан облысында дәрігерлер уланып, бір апта комада жатқан жігітті құтқарып қалды

Бұл туралы «Отырар» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Еске сала кетсек, Шардара ауданында екі жұмысшы мұнай өнімінен уланып қалған еді. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Ал 25 жастағы Әлішер Айнабеков 8 қаңтарда Шардара аудандық орталық ауруханаға ауыр жағдайда түскен. Дәрігерлер оған «Мұнай өнімінен ауыр деңгейде улану» диагнозын қойды.

Жігіттің улану салдарынан бас миы ісінгені, аспирациялық синдром, 2 дәрежедегі сыртқы уытты шок алғаны анықталды. Пациент осы уақыт бойы комада болған. Оған жасанды тыныстандыру аппараты қосылған.

Тәжірибелі токсиколог дәрігер санавиация желісі арқылы кеңес беріп отырған. Осылайша, жігітті комадан шығару мүмкін болды.

Бүгінде пациенттің беті бері қараған, өзін жақсы сезінеді. Ол жансақтау бөлімінен қарқынды ем жүргізу палатасына ауыстырылды. Дәрігерлердің сөзінше, бұл жағдайды ерекше деп атауға болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр