Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ербол Қарашүкеев қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Қарашүкеев Ербол Шырақпаұлы Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы премьер-министрінің ресми сайты.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ербол Қарашүкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілік - экономист. Бакалавр академиялық дәрежесі - менеджмент саласындағы маман. Экономика магистрі, құқық бакалавры дәрежесін алған.

Еңбек жолын 1998 жылы Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің талдау және нарықтық зерттеулер департаментінің бас маманы болып бастады.

1999-2001 - Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің консультанты болды.

2001 жылдан 2003 жылға дейін - коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2003-2006 жылдары қаржы департаментінің директоры, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Басқарма мүшесі болды.

2006 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің шоғырландырылған талдау бөлімінде жұмыс істеді.

2007 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

2007-2009 жж - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі, 2010-2012 - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы» РМК директоры қызметін атқарды.

2012-2013 - «ҚБТУ Мұнай-Газ Инженерлігі және Ақпараттық Технологиялар Институты» ЖШС бас директоры болды.

2013-2016 - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

2016 жылдан 2019 жылға дейін - Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін - Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің төрағасы болды. 

2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурызына дейін - «ҚазАгро» холдингі» АҚ басқарма төрағасы, 2021 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

Талқылау