Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ер адамның мінезіне сай": Кентал қалай төбелес шығарғанын айтып берді

Кентал қалай төбелес шығарғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасап.

Сырт көзге жуас көрінетін әнші Кентал оқушы кезінде бұзық болған екен. Мектеп бітіру кешінде шу шығарып, төбелес бастаған ол бұл қылығына қысылмайды. Керісінше, Кентал төбелесу нағыз ер адамның ісі деп бағалайтын көрінеді. 

"Мектеп бітіру кешінде төбелес болды. Қызықтың бәрі сонда еді. Мектеп бітіру кешінен кейін жас балалар төбелеседі ғой. Біз де жас болдық. Ер адамның мінезіне сай ғой", - дейді өнер иесі.

Осылайша балалық шағын есіне алған Кентал метепте жақсы оқушы бола алмағанын жасырмады. Қанша оқуға талпынса да, ешқандай нәтиже шығара алмаған ол өзін музыкадан тапқан.

"Мектеп кезімді сағынбаймын. Маған мектеп ұнаған жоқ. Оқу деген менікі емес екен", - дейді Кентал. 

Талқылау