Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам жоғарыдан акуланы байқап, серферді құтқарып қалды (видео)

Австралияның Жаңа оңтүстік Уэльс штатында ер адам су үстіне дронды жіберіп, акуланы байқап қалды. Осылайша серферді акуланың шабуылынан құтқарып қалды.

Оқиға 15 қыркүйек күні болды. Кристофер Джой жағажайдың біріне дрон жіберді. Ол ұзындығы 3,5 метр болатын акуланы байқап қалды. Ер адам дереу динамиканы қосып, серферге белгі береді. Спортшыға жақын арада жыртқыш жүргенін айтады. 

Серфер ескертуді естіп, тақтайшасымен жағалауға беттейді. Ал, акула әрі қарай сүңгіп кетті. 

"Бұл мүмкін әлемдегі динамика арқылы ескерту жасап, адамды өлімнен арашалап қалған алғашқы оқиға шығар", - деді Джой. 

 

Ол бос уақытында дронды жіберіп, акулаларды іздейді. Ол құралды серферлер мен суға түсушілерді жыртқыштан құтқару үшін арнайы сатып алғанын айтты. 

Айтуынша, видеода жіңішкетісті акула мен үлкен ақ акула. Екеуі де адам үшін өте қауіпті. 

Талқылау