Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам өз әйелін ұйықтап жатып ұрып тастаған

АҚШ-тың Ашленд қаласының тұрғыны сирек ұйқы ауруына шалдыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Рон Уайтхолл бұдан бұрын айкезбе болған көрінеді. Ол кейде машинада оянып, тіпті, бірнеше рет баспалдақтан да құлап кеткен. 

Кейінгі кезде ол түсіндегі ісін өңінде қайталайтын болыпты. Оның бұл әрекетінен көп жағдайда 41 жылдан бері бірге тұрып келе жатқан әйелі зардап шегеді екен. Түсінде жыланмен немесе бұзақылармен арпалысқан кезде ол байқаусыздан жанында жатқан әйелін ұрып жіберітін көрінеді. Соның салдарынан жұп екі бөлек ұйықтауды жөн көріпті. 

«Қазіргі таңда Рон дәрігерлердің көмегіне жүгініп, ем қабылдау үстінде», - деді күйеуінен ұйықтап жатқанда таяқ жеген әйелі. 
 

Талқылау