Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам мұсылман әйелді жүктілігіне қарамастан аяусыз ұрып тастады (видео)

Аустралияның Сидней қаласының шеткі аумағында ер адам мұсылман әйелге тап беріп, жүктілігіне қарамастан ұрып тастаған. Оқиға дәмханада орын алыпты. 

Екеуі таныс емес: Ер адам мұсылман әйелді жүктілігіне қарамастан аяусыз ұрып тастады (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға дәмханадағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видео кадрларынан ер адамның дастархан басында отырған орамал таққан үш әйелге жақындағаны көрінеді. Ол әйелдермен азғантай сөйлесіп, артынша олардың біріне жұдырық ала жүгірді. Өзгелері әйелге араша түсіп, ер адамды сүйреп әкеткенше, ол әйелді теуіп үлгерді. Салдарынан жүкті әйел жерге құлап түсті. Хабарланғандай, әйел жүктіліктің 9-айында болған. 

Оқиғадан кейін 43 жастағы Стипе Лозина тұтқындалды. Жүкті әйелдің сөзінше, ер адам өзіне тап берген кезде «мұсылмандар анамды зорлады» деп айқайлаған. Оның соққысының салдарынан әйел түрлі жарақаттанып, психологиялық зақым алған.

Ертесі күні ер адам өзін кепілмен босатуды сұраған. Алайда сот оны босатудан бас тартты. 

Басылым мәліметінше, Лозина құрбанын танымаған. Алайда бұған дейін бірнеше рет заң бұзған екен. 

Ал 31 жастағы жүкті әйелдің сөзінше, ол үйінен сыртқа көп шыға бермейді екен. Сол күні күйеуі балаларымен үйде қалуға келісіп, әйел құрбыларымен дәмханада кездесуге кеткен. 

Талқылау