Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Албанияда ер азамат мешіттегілерге пышақ ала жүгірген

Албания тұрғыны мешітте қырғын ұйымдастырды. Ер адам ішке пышақ алып кіріп, мұсылмандарға шабуыл жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Бес адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қазір полиция қылмыстың себептерін анықтап жатыр. Бір нұсқа бойынша, 34 жастағы Рудольф Николлидің психикалық ауытқуы бар. Ал соңғы уақытта депрессияда жүрген.

Алайда дін қызметкерлері оның әрекетін ақтамауды сұрайды.

"Мұндай зорлық-зомбылық болмауы керек, әсіресе қасиетті Рамазан айында", - деді католиктер шіркеуінің Косово епископы Дода Джерджи.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр