Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енем таяқпен ұрды": Көзі көгерген келіншек қайын жұртының күн көрсетпейтінін айтты

Барно Юсупованың айтуынша, енесі оны көк ала қойдай сабайды. Көзін көгерткені былай тұрсын, қазір үш баласымен қаңғыртып жіберген. Төлейтін алименті де үш баланы асырауға мардымсыз. Ененің мұндай әрекетіне не себеп? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеп хабарлайды. 

барно юсупова

Енемнен көрмеген қорлығым жоқ деген келіншек жанжалдың басы мынадан басталды дейді: 

"Жанжал былтыр ораза айының екініші күні басталды. Біздің отбасылық бизнесіміз бар. Қамыр илейміз. Енем кейде үш тазик илесе, мен екі тазик, кейде керісінше. 12-13 кг болады. Енем әдеттегідей қамырын илеп жатты. Керек заттарын дайындап бердім. Оның арасында ыдыс жуып жүрдім. Ыдыс жуып болған соң, мен де қамыр иелеуге араласамын деп ойладым. Соның арасында кіші ұлымның жөргегін ауыстыру керек болды. Барып ауыстырып жатқанда емшек сұрады. Емізіп кішкене отырып қалдым. Енем даусын көтеріп шақырды. Үлкен қызым енеме менің емізіп жатқанымды айтты. Сол кезде енем "неге емшек сұрамаған балаға емшек беріп жатыр" деп бақырды. Сосын "күнде иленбей жүрген қамыр ма еді, не болды сонша" дедім. "Сен сөйлеме, сен маған сөйлейтін болдың ба" деп айқайлай түсті", - деген Барно енесінің дауыс көтеріп, дөрекілік танытқанын айтады.

"Сен маған сөз қайтарайын депсің. Сен жүрген жезөкшесің" деп дөреккілік танытты. Үш балаңды туып бергенде жезөкше екенім енді есіңе түсті ма" деп мен де ашуға булықтым. Балаларым қорыққанынан қатты шошып кетті. Сол кезде таяғымен ұрды. Мен олай жасайды деп ойламадым", - деген ол енесінен мұндай әрекет күтпегенін айтады.

"Таяқ қатты, тез тиді. Көзімнің шығып кетпегеніне Құдайға шүкірлік айтамын", - дейді Юсупова. Келін болып түспей тұрып енесі көлік апатына ұшырап, таяқтың көмегімен жүреді екен. Бұл алғаш ұруы екенін де айтты. 

Келінінің бұл айтқандарына енесінің өз уәжі бар. Оның айтуынша, келіні барлығын ойдан шығарып, өтірік айтып отыр.

"Ұрғаным рас. Қарап отырған адамды ұрмаймын. Айтып тұрған сөзінің бәрі жалған. Ораза айында екі күн шай беріп жағдайымды жасаған жоқ. Күйеуі де ораза болып, таңда тұрғызып таңғы асын бер десем "тұра алмаймын мен" деп жекіді", - деген Батма Серікбаева таяқпен ұруға келіннің өзі итермеледі дегенді алға тартады. 

"Әдейі ұрған жоқпын. Сол күні таң атқанша ұйықтамаған едім жүйкеме тиіп кетті. Илейтін қамырлар өте ауыр болған соң, оның табағын қолға көтеру өте қиын. Жермен сүйретіп алып келетінбіз. Ал сол таңда қолына табағын көтеріп алып, қисалаңдап, алдама тарс еткізіп қойды. Қолынан түсіп кеткен шығар деп ойладым. Сол күні мінезі өзгеріп, көңіл-күй басқаша болды. Екінші, үшінші табақты да тарсылдатып әкелгенде "бері кел, неге дікеңдеп жатсын" десем екі қолы белінде айқайлап жөнелді. Сосын таяқпен періп қалғаным бар", - деген Батма келінің бұдан бөлек үйден ақша ұрлайтын кездері болғанын да айтып қалды.

Келіні мен енесінің арасындағы тұрмыстық жанжалдан бөлек, ақшаға да қатысты біраз түсінбестік орын алған. Батма Серікбаеваның ағайындарының айтуынша, Барно бұл үйден барынша көп ақша өндіріп алуды көздейді деп есептейді. Ал үш баласымен қалған Барно алименттің аз екенін айтып жылайды. Айтуынша, қайын жұрты балағат сөздер айтып, жазықсыз жала жабады екен. 

Талқылау