Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді Нұр-Сұлтанда: Елордада автобус пен тепловоз соқтығысты (видео)

Нұр-Сұлтан қаласында автобустың қатысуымен жол апаты орын алды. Белгілі болғандай, автобус тепловозбен соқтығысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана LRT» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ендігі Нұр-Сұлтанда: Елордада автобус пен тепловоз соқтығысты (видео)

«Астана LRT» мәліметінше, оқиға 13 қыркүйекте орын алған. Алайда желіде оқиғаның видеосы енді тарап жатыр.

«13 қыркүйекте таңертеңгі сағат 7:45-те Жетіген мен Пушкин көшелерінде №53 бағыттағы автобус пен тепловоздың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды», - делінеді хабарламада. 

 

Аталған дерек бойынша автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ол жұмысынан шеттетіліп, Көлік мамандарының біліктілігін арттыу орталығына қайта оқуға жіберілді. 

Хабарланғандай, оқиға кезінде автобуста жолаушылар болмаған. 

Талқылау