Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді қажылыққа баруды жоспарлаған қазақстандықтарды ҚМДБ алдын ала оқытпақ

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық сапарға баруға ниеттенгендерді ала оқытып, қажылыққа дайындау жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кажылык мекке

Бұл туралы діни басқарма сайтында жарияланды. Бас мүфти оқыту облыстық, аудан­­­дық, қалалық ме­­­шіт­­терде қолжетімді болатынын жеткізді.

Ол бүгінде ел ішінде қажылыққа барып келген кейбір азаматтардың ұлы сапар туралы жағымсыз пікірлері көбейгенін алға тартты. Соған орай, бола­шақ қажыларды діни, рухани, моральдық тұрғыдан даярлау мәселесіне көңіл бөлінбек.

Гүлсезім Мұхатай
Сәрсенбі, 22 Ақпан, 2023 13:22