Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Енді қалғаны секс тренинг еді»: Айнұр Тұрсынбаева орамал таққан сексологпен бірге қыз-келіншектерге кеңес беріп жүр

Белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаева бұдан былай қыз-келіншектермен интимдік тақырыпта ашық сөйлеседі. Ол белгілі сексологпен бірігіп, тренинг өткізбекші. Онда әйелдің сексуалды өміріндегі ең негізгі түсініктері мен техникалары үйретіледі екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айнұр Тұрсынбаева

Бұл туралы Айнұр Тұрсынбаева өзінің желідегі парақшасында жазған. Тренингті Ақтауда өткізетіндерін айтып, ол жерде интимді гиманстиканың кеңінен талқылайтындарын атап көрсеткен.

«Белгілі сексолог Алина Шадинова екеуміз қыркүйек айының 27 күні Ақтау қаласына бара жатырмыз. Құрметтілерім, әйелге аса қажетті, аса маңызды, жан-жақты, тақырыптарды толыққанды қамтитын боламыз! Сіздермен әйел энергетикасын көтеру жөнінде, әйел эмоциясын тежеу жөнінде,әйелдің ойын, түпсанасын басқару жөнінде және көптеген техникалармен бөлісетін боламыз. Сүйікті әйел болуларыңызды және жатырды көтеру, түтікшелерді ашу, спайкалардан айырылу техникаларын үйренесіздер...Интимді гимнастиканы кеңінен талқылап айтамыз. Бұл тренингте әйелдің денсаулығы мен сексуалды өміріндегі ең негізгі, фундамент болар түсініктер мен техникалар беріледі. Осы сабақтарды меңгеріп алған келіншектерге курстың эффектісі тіпті күшті болатыны сөзсіз. Айту бізден, үйрену Сіздерден болсын!», – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева өз Instagram-парақшасында.

Тағы оқыңыз: "Е, Алла, не жаздым саған деп жылаппын": Айнұр Тұрсынбаева басынан өткен қиындықтары туралы айтты >>>

Ал белгілі журналист Гүлмира Әбіқай өз facebook-парақшасында интимдік тақырыбында тренинг өткізіп жүрген Айнұр Тұрсынбаева мен сексолог Алина Шадинованы  сынға алды. Ал желі қолданушылары болса, секс тақырыбында бизнес жасап жүр деп оларды қызу талқыға салуда.

Талқылау