БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ең үздік сурет: Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ жауынгеріне гүл сыйлаған қыз жұрттың жүрегін елжіретті

Митинг кезінде жұрттың жүрегін тебіренткен бүлдіршіннің суреті қалай түсірілгені туралы анасы айтып берді. Суреттен кішкене Нұр-Сұлтан тұрғынының полицейге гүл сыйлаған сәтін көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ жауынгеріне гүл сыйлаған қыз жұрттың жүрегін елжіретті

Бұл оқиғаны толығырақ Саяжан Досжанова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

Әйелдің айтуынша, ол сайлау күнін мәңгілік жадында сақтайды. Себебі, бұл күні оның қызы адамдарға үміт пен жарық сыйлады. 

"Бұл менің сөздерім емес. Бұл Instagram желісіне маған хат жазған адамдардың сөзі. Көп рахмет сендерге, достар! Жанға жайлы! Шынымды айтсам, суреттің аз уақыт ішінде көптеген топта, жаңалық сайттарында жарияланатынын күтпедім. Тіпті, мен танымайтын адамдар өз парақшаларына салып жатты", - деп жазды ол. 

Десе де Саяжан Досжанова көңіліне жақпаған пікірлердің болғанын жасырмайды. Оны баласын митингке алып барғаны үшін "есі дұрыс емес ана", "хайп қуып жүр", "басы істемейді" деп айыптағандар да болыпты. Желі қолданушысы оқиғаның мүлдем басқа сипатқа ие екенін айтады. 

"Анам мен екі жасар қызым екеуіміз дауыс беруге келдік. Кейін жол-жөнекей тағы да бір жұмыстарымызды бітірмек болдық. Дауыс берген соң, "Жастар" жаққа қарай бағыт алдық. Біздің сайлау учаскесі №4 мектепте орналасқан. Сол себепті учаскеден шыққан соң, Жастар сарайына қарай беталдық", - деді әйел. 

Жол-жөнекей полицейлердің бір жерді қоршап алғанын көрген. 

"Форма киген адамдар, ОМОН-дар, қалқандар, шеруге шыққан адамдар - барлығы митингіге ұқсап тұр. Whats App желісіне кірсем, құрбыларым полицейлерден қашып жүрген адамдардың суреттері мен видеоларын жіберген екен. Бір қарасам, осының бәрі біздің жанымызда болып жатыр!" - деді ол.

Үйі полиция қоршап алған аумақта орналасқандықтан, митинг болып жатқан жаққа қарай жүреді. 

"Біз митингіге бармадық. Бар болғаны өз жұмысымызбен жүріп бара жаттық. "Жастар" сарайы маңында полицейлер бізге арбаны көтерісуге көмектесті. Өте әдепті болды. Біз оларға қарсы ешнәрсе істемедік, олар да бізді ренжіткен жоқ. Осы жерде бір ханымның қолданылған гигиеналық затын алып, полицейдің арқасына жабыстырғанын айта кету керек.

Мұны полицейдің әріптесі көріп қалып, әйелден себебін сұрады. Ол айқайлап, күліп  кейін жүгіріп кетті. Мен осы көргенімнен әлі өзіме келе алар емеспін. Не үшін бұлай жасады екен?! Жол-жөнекей қызым жолда тұрған гүлден жұлып алды. Кейін оларды форма киген ағаларына апарып табыстады", - деді қыздың анасы. 

Айтуынша, қызы қазір небәрі 2 жаста және ол әртүрлі ситуацияда өзін қалай ұстайтынын білмейді. 

"Ол әзірге кішкене ғана картоп секілді, гүл жұлып, күліп, өзгелерді қуанышқа бөлегенді ұнатады. Менің мейірімді адамым гүл жұлып алып, полицейлердің біріне берді. Осы сәтті суретке түсіріп алуды жөн көрдім. Кейін суретті жақындарыммен, Instagram және Twitter желілерінде бөлістім. Барлығы осылай болды", - деп сөзін қорытты әйел. 

Желі қолданушылары өз кезегінде Саяжан Досжановаға дәл осындай мейірімді жүрегі бар сәбиді тәрбиелеп жатқаны үшін алғыс айтты. 

Естеріңізге сал кетсек, ІІМ бірінші орынбасары митинг кезінде 3 полицейдің жарақат алғанын хабарлаған еді. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр