Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас келіншек төрт баласын күйеуі мен бәйбішесіне қалдырып Кореяға кеткен

33 жастағы Мавлуда Жұмабекова өзінің төрт баласын қалдырып, Корея еліне кетіп қалған. Айтуынша, сол жақта асханада жұмыс істеп жүр. Аталған мемлекет билігі оны бірнеше бап бойынша айыптап, жер аударған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап. 

әйел адам

Экс-күйеуі мен бәйбішесі оны шетелдік жігітпен көңіл қосты деп айыптады. 

«Осы жерге келген кезде асханада жұмыс істедік. Тіл білмей жүргенімде танысып, сөйлесіп қалдық. Сол кезде үйге ақша салуды да білмедік. Заңсыз жүрген адам болып қалдық. Қайтамын деп жүргенімде сол жігітпен таныстым. Сол кезде «Мен саған ақша салуды өзім көрсетемін, көмектесемін» деді. Намаз оқитын, жақсы жігіт сияқты болып көрінді. Оның үстіне өзбектер де – мұсылман. Солай таныстық. Кейін үйіне барып келгеннен кейін «Сен менімен жүресің» деп айтты. Мен келіспеген едім, «Байыңа звондаймын» деп қорқытты», - дейді Мавлуда Жұмабекова.

Ал келіншектің экс-күйеуі Мұхаметхан Бейсенбеков оның қызынан бас тартқанын қалай отыр. Яғни келіншектің аналық құқықтан айырылғанын қалайды. Алайда Мавлуданың тұңғышы өгей әкесін ұнатпайтынын жасырмад. 


Тағы оқыңыз: "Күйеуіме жылы пәтер тап дедім": Тоқалдың асты-үстіне түскен бәйбіше қазақстандықтарды таңғалдырды


«Менің бір інім мен ек сіңілім бар. Інім 11 жаста, бір сіңілім бірінші сыныпта, екіншісі екі жаста. Иә, ол ағаны білемін. Өзіме ұнамайды. Себебі, ол сіңілімді алып кетті. Біздің тыныштығымызды бұзады», - деді Меруерт. 

Артынша Корея билігінің Мавлуданы жер аудару туралы бұйрық шығарғаны белгілі болды. 

«Қолымда тұрған құжатта тек елден қудалау туралы жазылған. 2019 жылы 4 қаңтарға дейін шығып кетсін деген екен. Қосымша 90 күн берілген. Ал себебі жазылмаған. Тек көші-қонның 17-бабы 1-тармағы, 94-баптың 7-тармағы, 102-баптың 1-тармағы, 68-баптың 5-тармағының 5-бөлігі, 11-баптың 1-тармағы деп белгіленген. Ол заңнамаларды іздеп көрдім. 

Біреуінде саяси іс-шараға қатысқан болса, осылай қудаланады деп жазылған. Ал біреуінде еңбек кәсіподағында тіркелген болса, осылай қудаланады деп жазылыпты. Оларды заңсыз жұмыс істеп жүргені үшін шығарған сияқты. Егер осы бұйрықты бұзатын болса, 20 млн вон, 18 мың доллар көлемінде айыппұл салынады немесе 3 жылға бас бостандығынан айырылады», - деді корей тілінің аудармашысы. 

Естеріңізге сала кетсек, жас жігіттің айтпай тұрмысқа шығып алған анасына ренжимін деп маскүнем болып кеткені туралы хабарлаған едік. 

Талқылау