Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ең кішісі – 3 айлық: Күйеуін қызғанған әйел үш баласын өз қолымен өлтірген

АҚШ-тың Огайо штатында 27 жастағы әйел бір жылда үш баласын кезектеп өлтірген. Бриттани Пилкингтонның сөзінше, ол күйеуін қызғанып, ол өзіне және қызына аз көңіл бөледі деп санаған. Әйел өлтірген балалардың ең кішісі небәрі үш айлық болыпты. 

Күйеуін қызғанған әйел үш баласын өз қолымен өлтірген

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттіг Fox News басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Пилкингтонның ісі келесі жылы қаралуы тиіс еді. Алайда таяуда сот өндірісі басталып кетті. Оған әйелдің өз қылмысын мойындағаны себеп болды. 

Бастапқыда сот Бриттани Пилкингтонды үш адамды қасақана өлтірді деп айыптады. Алайда әйелдің тұңғышын өлтіргенін жоққа шығарған. Айтуынша, бірінші ұлының өлімі кездейсоқ жағдайда орын алыпты. Ол 4 айлық Найлды байқамай мыжып кетіп, салдарынан нәрестенің көз жұмғанын жеткізді. Бриттанидің сөзінше, ол тағы екі ұлы Гэвин мен Нойды көрпемен тұншықтырып өлтіріпті. 

Көз жұмған балалардың соңғысын өлімінің алдында қорғаншылық қызметі алып кеткен екен. Алайда сот бұйрығынан кейін бала анасына қайтарылған. Ал арада бір апта өткеннен кейін ол көз жұмды. 

Күйеуін қызғанған әйел үш баласын өз қолымен өлтірген

Прокурорлардың айтуынша, алғашқы екі өлім жағдайы бойынша дәлелдер табылмаған. Сондықтан үшінші бала да екі ағасы сияқты көз жұмады деп ешкім ойламаған. 

Бриттанидің сөзінше, ол күйеуін қызғанғаны үшін мұндай сұмдық әрекетке барыпты. Ол күйеуі Джоның өзіне және үлке қызына қарағанда, ұлдарына көп көңіл бөлгенін айтқан. 

8 жасар қыз анасынан зардап шекпеген. Қазіргі уақытта ол туыстарының үйінде тұрып жатыр. 

Пилкингтонның қорғаушыларының бірі оны кәмелетке толмаған кезінде болашақ күйеуі Джоның зорлағанын айтты. Сонымен қатар әйел жас кезінде қорғасыннан уланған. Медициналық зерттеу әйелдің миы зақымдалғанын растады. 

Сот Пилкингтонды 31 жылға бас бостандығынан айырды. 

Талқылау