Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ең қымбаты 2 мың доллар": Нұржан Керменбаев киімге көп ақша құртпайтынын айтты

Нұржан Керменбаев енді Салтанат Бақаевамен емес, Айдана Меденовамен дуэт құрады. Осындай сыбыс ел арасында гугулеп. Тіпті, соңғы парақшаға жүктеген фотосуреттері бұл ақпаратты растағандай болды. Stan.kz тілшісі әншіге хабарласып, мән-жайды білуге тырысты. 

Нұржан Керменбаев

Әнші бұл жай ғана қауесет екенін басып айтты. Ал кешегі фотосуреттерге қатысты айтар әңгіме бір бөлек екен. 

«Ешқандай да дуэт құрмадық. Арнайы бейнебаян да, фотосессия да жасамадық. Бұл суреттер жай ұялы телефонға түсірілген. Кеше екеуміз Қарағандыда жұмыс барысында кездесіп қалдық. Кезегімізді күтіп отырған кезде түскен едік», - деп қауесеттің нүктесін қойды. 

Сондай-ақ, Капкарашка өзінің ерекше стилі туралы да сөз қозғауды ұмытпады. 

«Мен арнайы стилистермен тек ерекше жағдайларда жұмыс жасаймын. Ерекше бейнебаян немесе фотосессия жасайтын болсам, сол кісілердің көмегіне, пікіріне сүйенетінім рас. Ал кешегі образды өзім таңдап алдым. Арнайы сахнаға киюге арналған. Ондай киімді қарапайым өмірде кимейтін шығармын», - дейді әнші. 

 

Сұхбат барысында «Гардеробыңыздағы ең қымбат сахналық киімнің бағасы?» деген тілші сұрағына Керменбаев еш кербезденбей тез жауап берді. 

«Гардеробымда құны 2000$ тұратын костюм-шалбарым бар. Оны бірнеше жыл бұрын сатып алған едім. Құны жағынан ең қымбат сахналық киімім сол шығар. Бірақ, өзім үшін де, анам үшін де ыстық әрі қымбат ол - Super Star жобасының финалында киген киімім. Тіпті, анам оны әлі күнге көзінің қарашағындай сақтап келеді. Болашақта барлық балам мен немереме көрсетіп, мақтанғысы келеді. Алла сол күнге жеткізсін деп тілеймін», - деп Нұрекең ағынан жарылды. 

Талқылау