Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елжан Біртанов өзіне қарсы шыққан резиденттерді диалогқа шақырды 

Күні кеше медицина саласында оқып жатқан шәкірттер денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың орнынан кетуін талап еткен еді. Оған Елжан Біртановтың өзі жауап берді. 

"Мен осы бейнехабарламадағы барлық әріптестерді (өкінішке қарай, сіздер өздеріңізді таныстырмадыңыздар) 9 қазан күні Алматыда, сағат 13: 00-де Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да өтетін кездесуге шақырамын.

Мен сіздің барлық дәлелдеріңізді тыңдап, барлық сұрақтарға жауап беруге дайынмын. Бәрі ашық және конструктивті болады деп уәде беремін", - деп жазды министр желідегі парақшасында

Елжан Біртанов медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне резидентураға түсудің жағдайын түсіндіріп, егер медициналық студенттер интернатурада ақылы оқыса, резидентураға ақы төлеуге құқылы екенін айтты. Егер олар грант бойынша білім алса, онда оны өтеу керек деген еді.  Осыдан соң резиденттер видеоүндеу жолдап, министрге қарсы шықты

Талқылау