Соңғы жаңалықтар

Дәрігер үнемі шаршап жүретініне және дөрекі науқастарға шағымданды: оны министр Біртанов қолдады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әлеуметтік желі арқылы науқастарға барынша сыпайы болуды өтінген ақтаулық дәрігерді қолдап Facebook-тегі парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Біртанов

Аталған дәрігердің медицина қызметкерлерінің ауыр жұмысына түсіністікпен қарауды өтінген жазбасы Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланған болатын. 

«Мен тәуліктен тәулікке дейін жұмыс істейтін дәрігермен. Ешкімнің жұмыс істегісі келмейді, сол себептен де осылай істеуге тура келеді. Қатты шаршаймыз. Біздің де отбасымыз, баламыз бар. Мен балаларыммен қашан кинотеатрға барғаным есімде жоқ. Өз-өзімді жетілдіру мен балалрымды оқытуды айтпай-ақ қояйын. Олар өз-өздерімен өсіп жатыр. Науқастар да бізбен өте дөрекі сөйлеседі. Адам көрмейді. Көптеген қыздар ұялмайды. Мына жерді өздері тіреп тұрғандай аурухананы курорт жасап алды. Сайттарда бізді топас, емдей алмайды, ота жасай алмайды, дөрекі деп жазасыздар. Ал өздеріңіз қандайсыздар? Осыны сұрағым келеді. Біз емдеуіміз керек пе, әлде күліп жүрейік пе? (Күніне 156-200 науқас қабылдаймыз. Ол мүмкін емес). Науқастар барлық нәрсені ақысыз және тез алғысы келеді. Аурухана үйде немесе жұмыста ұрысқандардың панасы болды. Ауруы асқынғанша жүреді. Содан кейін ешқандай ақшасыз тез ем алғысы келеді. 

Бұл тек жанайқай! Бір тәуліктен соң, ертесі күндіз 4 отада аяғымнан тік тұрдым. Бәрі тірі. Мына әлемге инстаграм арқылы қарағым келді. 

Адамдар бізге кішкене болса да ақкөңіл болуларыңызды сұраймын. Біз емдегіміз келеді, ешкімге зарар тигізгіміз келмейді. Біз робот емеспіз, біз де адамдармыз. Біз басқа ЖОО студенттері секілді қыдырмадық. 10 жыл бойы оқыдық. Ешқайсыңыз да студент кезімізде бізге бір үзім нан берген жоқсыздар. Осылай жүремін деп өзім бірнеше ауруға душар болдым. Ата-анамыз бізді он жыл бойы оқытты. Мектеп бітірген соң да он жыл оқытты. Олардың өздері бізге емделе алмады. Ал қазір келуге олардың уақыттары жоқ. Содан кейін басқа мемлекеттің медицинасы жақсы дп айта бергенше жаңалықтарды оқыңыз», – деп жазған дәрігер желі парақшасында. 

«Қымбатты әріптес, сіздің жазбаңызды оқып, қиын болғанымен адамдар үшін өте қажетті жұмыста кәсібіңізге деген адалдығыңыз үшін ризашылық білдіргім келеді. Өзімде білемін, кейбір науқастардың сөздері мен әрекеті өте ауыр әрі көңілге қаяу түсіретіндігі бар. Дегенмен, сіздің қатігездік пен ашу танытпастан медицинадағы жұмысыңызды жалғастыратындығыңызға сенімдімін. Өйткені, сіз өз мамандығыңызға жан-тәніңізбен берілгенсіз. Демек, сіз біздің медицинада барлық уақытта қажетсінетін, барлық уақытта адамдарға қажет мамансыз. Сізге шыдамдылық, ең бастысы мықты денсаулық тілеймін. Өзіңізді, әріптестеріңізді сақтаңыз. Сіз адамдарға қажетсіз», - деп жазды Денсаулық сақтау министрі.
 

Талқылау
Пікір
Марал
04 Жел, 19 жыл - 22:05

Министрдің кең түсінігіне рахмет айтқым келеді, дәрігерлердің еңбектерінің адалдығына күмәнім жоқ, қай уақытта болсын көмегіне қанағаттанамын.қандай да бір дертім бар еді немесе дерт келіп қалама деп қорықпаймыз, өйткені дәрігерлер бар, рахмет сіздерге!

Mashkhura
02 Жел, 19 жыл - 22:27

Колдаймын сизди Елжан Биртанов оте дурыс даригерлермен медбикелерге оте киын 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерлан Қарин Алматының атауына қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Ерлан Қарин: "Идея айтылғанымен мемлекет басшысы бұл ұсынысты қолдайтынын білдірмейді"

Атырау халықаралық әуежайы Хиуаз Доспанованың есімін алады

Хиуаз Доспанова - Ұлы Отан соғысының жалғыз ұшқыш-қазақ, штурман-атқыш

Елордада Сейфуллин, Жансүгіров, Майлинге арнап жаңа ескеркіш орнатылды

Үш арыстың туыстары: "Бүкіл қазақ әдебиетіне, еліміздің барлық жазушыларына деген құрмет"

Бас прокуратура қазақстандықтарды 16 желтоқсанға қарсы заңсыз митингке шығатындарға ескерту жасады

Бас прокуратура арандатушылық жасамауға, қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және заңсыз митингілерге қатысудан бас тартуға шақырады

Тоқаев Алматының атауын өзгертуді қолдады: Олжас Сүлейменов қандай нұсқа ұсынды?

Олжас Сүлейменов бірінші болып Алматының атын өзгерту петициясына қол қоюға дайын

Қазақстандық әнші-боксер Мәскеуде қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)

Ескендір Ибрагимов екінші раундта қолының сынғанына қарамаған

Өліп қала жаздады: Атырау облысында бүлдіршін қаламсап қалпақшасын жұтып қойды

Бала жөтел қысып, тынысы тарылғанын айтып шағымданған

Алматы облысында неміс овчаркасы баланы талап тастады

Овчарка жәбірленушінің отбасына тиесілі

"Әлем аруы 2019" байқауының жеңімпазы белгілі болды

Халықаралық сұлулық байқауында Қазақстан атынан 20 жасар Мадина Батық қатысты

Мұғаліммен болған жанжалдан соң Түркістан қаласының полиция бастығы қызметінен шеттетілді

Данияр Мейірхан мұғалім алдында кешірім сұрады
Çàãðóçêà...