Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эльвира Әзімова адам құқықтары жөніндегі уәкіл болып сайланды

Эльвира Әзімова Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл болып сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Эльвира Әзімова адам құқықтары жөніндегі уәкіл болып сайланды

Бүгін сенат отрысында президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне Эльвира Әзімованың кандидатурасын ұсынды. 

Өз кезегінде депутаттар Әзімованың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Эльвира Әзімова 1973 жылы дүниеге келген. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1990-1991 жылдары Шымкенттегі Дзержинский аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші операторы болып жұмыс істеуден бастаған. 

1996-2013 жылдары ҚР әділет министрлігінің жүйесінде жетекші кеңесші, бас кеңесші және маман, орынбасар және басқарма басшысы, сонымен қатар ҚР халықаралық қызметін нормативтік қамтамасыз ету департаметінің директоры болған. 

2013 жылдан бері Қазақстанның әділет министрінің орынбасары қызметін атқарған. 

Талқылау