БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордалық түрменің бұрынғы басшысына қатысты іс қозғалды

Нұр-Сұлтандағы түзету мекемесінің бұрынғы басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп күдіктеліп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, түрменің бұрынғы басшысы сотталғандардың біріне жазасын өтеуде қолайлы жағдай жасап берген.

«Бақылаудың болмауының салдарынан сотталушы алаяқтық жолмен 500-ден аса азаматтың 128 миллион теңгесін иеленіп алған. Азаматтар бұл ақшаны оған ипотекалық несиелендірудің алғашқы жарнасы ретінде берген», - делінеді хабарламада. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр